2013 жылғы №3 басылым 15 беттің сі


Өзін-өзі бақылауға сұрақтар



жүктеу 0,53 Mb.
бет3/6
Дата21.11.2018
өлшемі0,53 Mb.
#22933
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мұғалімнің міндеттерін атаңыз.

2. Мұғалімнің қызметтерін атаңыз.

3. Мұғалімнің адамгершілік қасиеттерін сипаттаңыз.

4. Мұғалімнің кәсіби қасиеттерін жүйелеңіз.

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  6. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

Тақырып 5. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын диагностикалау

Негізгі ұғымдар: мотив, мотивация, педагогикалық іс-әрекет.

Мотив және мотивация түсініктері, олардың айырмашылықтары. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясының ерекшеліктері. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын диагностикалау әдістемелері мен жолдары.

Мотив және мотивация отандық және шетел психологиясында өзекті мәселе болып табылады. «Мотив» термині француз сөзі қазақшада «түрткі» деген мағынаны білдіреді. Бұл мәселенің өзекті болуының бір себебі , күнделікті өмірге психологиялық зерттеулерді енгізу, яғни адамның қылықтарының туу себебін анықтау қажеттігінен туындаса, екінші жағынан адамның күнделікті әлеуметтік тіршілік жағдайында әрекет жасауымен, оның ішкі мотивациялық тенденциясының арасындағы байланысты анықтаудың қажеттігімен түсіндіріледі.

Мотив туралы айтылған соң міндетті түрде мотивация мәселесі айтылуы қажет. Ең әуелі мотивация туралы теориялар ежелгі грек ғалымдары Аристотель, Демократ, Гераклит, Лукреций, Платон, Сократ және т.б. тәрізді ғұламалардың зерттеулерінен орын алды. Мысалы, Демокрит қажеттілікті адамның ақылын сөйлеуге, тілінің дамуына және еңбек етуге деген тілегін қалыптастыруға деген негізгі күш ретінде қарастырған.Адам белсенділігінің негізі құштарлықта екендігін көрсеткен грек ғалымы К.Гельвеций.

Орыс оқымыстысы Н.Г.Чернышевский адам өміріндегі қажеттілікке баса мән берді. Сонымен қатар шетелдік Р.Вудвортс адамның психикалық белсенділігіндегі қажеттіліктің рөлін ашып көрсетті.

- қоғамдық құбылыстар мен қоршаған ортаны танып білудің ғылыми әдіснамасы негізнде дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптасқан, өз мүддесі мен қоғамдық мүдделері ұштастыра білетін , зиялы, адамгершілігі жоғары, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу;

- жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеп дамуына, білімін арттырып, жетілуіне көмектесу, сонымен қатар оқытудың сан алуан тиімді формалары мен әдістерін барынша кең қолдану арқылы әрбір оқушының бойына немі оқып- үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға білімін өздігінше толықтырып, тереңдету тәсілдерін үйреті;

- оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдалану арқылы жаңа педагогикалық тезнологияларды қолдану арқылы қазіргі қоғам талап етіп отырған компьютерлік техниканы тиімді қолдана білетін, икемді дағдылар қалыптасқан, белсенді, дербес әрекет ете білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу;

- оқушыларды адам, табиғат және қоғам туралы ең қажетті жалпы біліммен қаруландыру;

- оқушылардың өздерінің әлеуметтік сұраныстарына, мүдделері мен тілектеріне сай оқыту мен тәрбилеудің әр түрлі формаларын, әсіресе оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана отырып, олардың білім алуға деген рухани қажеттігін, құштарлығын, ынта- ықыласын қалыптастыру.

Жалпы білім беретін мектеп республиканың мәдени-ағарту қорына, ұлттық интеллигенцияның қалыптасуына лайықты үлесін қоысп келеді. Дегенмен, оның қол жеткен

ХХғ. 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға ғана қатысты мотивация теориялары пайда бола бастады.Мысалы, Курт Левин (1926), Г.Олпорт (1937), Г.Мюррей (1938), А.Маслоу (1954). ХХғ.ІІ- жартысында мотивацияға қатысты концепциялар Дж.Роттер (1954), Г.Келли (1955), Х.Хекхаузен (1955), Дж.Аткинсон (1964) жұмыстарында орын алады. Мотивация мәселесін шетелдік ғалым Р.Кеттел де (1957) қарастырған. Сонымен қатар, бұл мәселе саналылық және санасыздық туралы Зигмунд Фрейдтің зерттеуінен де қажеттілік ретінде орын алады. Дәл осы бағытта өзінің теориясын У.Макдауголл (1923) да ұсынды. 1957 ж.Ж.Нютеннің жұмысында мотивация органихмнің белсенді болу себебін түсіндіруде қолданылған.

Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде мотив түсінігіне біраз анықтамалар берілген, мәселен: мотив мақсат ретінде (А.Н.Леонтьев); мотив қажеттілік ретінде (С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, А.К.Ковалев, К.К.Платонов); мотив адамның ниеті ретінде (Д.А.Леонтьев); мотив тұлғаның тұрақты қасиеті ретінде (М.Ш. Магомед-Эминов, В.С.Мерлин); мотив ынталандырушы ретінде (И.А.Джидарьян, В.Н.Мясищев); мотив өзін белсендіруге деген қажеттілік ретінде (А.Маслоу); адамды әрекет жасауға итермелейтін түрткі ретінде (Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев).

Осы берілген анықтамалар әр түрлі айтылып тұрғанымен олардың мағыналары бір-біріне жақын, яғни мотивті адамды әрекет жасауға итермелейтін түрткі ретінде қарастырады.

Мынадай қарапайым мысал: мұғалімнің оқушыға сұрақ қоюы, оның оған жауап беруіне себеп болады немесе кикілжің жанжалдың туындауына әкелуі мүмкін.

Мотивация түсінігі мотивке қарағанда кең мағынаны білдіреді. Қазіргі психологияда мотивация түсінігі екі мағынада қолданылады:

1) адам қылықтарын анықтайтын факторлардың жүйесі ретінде (мақсаты, мотивтері, ниеті, толқуы және т.б.);

2) адамның қылықтарын белсендіретін және ынталандыратын үрдістің сипаты ретінде.

Демек, осы айтылғандарға сүйенсек, мотивация дегеніміз жеке тұлғаның белсенділігін, қылықтарын анықтайтын факторлар жүйесі және мотивтердің құрылу, қалыптасу үрдісі болып табылады.

2. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясының ерекшеліктері. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын диагностикалау әдістемелері мен жолдары.

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясының ерекшеліктері өз жұмысына деген жағымды қатынасымен анықталады.

1.Педагогикалық процестің компоненттерін есепке алып сабаққа

талдау жасау кестесі:

1.Сабақ мақсатының талапқа сәйкестігі.

2.Мақсаттың міндеттерге сәйкестігі (білім берушілік , тәрбиелеушілік, дамытушылық).

3.Кері байланыстың сапасына талдау (сабақтың әр кезеңінде қанша оқушы жұмыс істеді , оған қандай формалар мен әдістердің көмегімен қол жетті).

4.Сабақтың нәтижелілігін анықтау (мақсаты, міндеттері , әдістер , балалардың белсенділігі).

5.Сабақты өткізу бойынша жалпы шешімдер мен ұсыныстар (теориялық және практикалық).

Сабаққа құрылымдық талдау кестесі

1.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.

2.Сабақтың типі .

3.Сабақтың құрылымы, оның кезеңдері (минутпен): сабақтың басындағы оқушылардың психологиялық даярлығы; оқушылардың бар білімдерін анықтау; сұрақ- жауап (әңгімелесу); жеке жұмыстарды ұйымдастыру; ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру; топтық әңгімелесу.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі : баяндау әдістері; проблемалық әдістер; кітаппен өзбетінше жұмыс; жаттығу әдістері және т.б.

5. Меңгерген білімді бекіту:

6. Сабақ бойынша оқушылардың білімін соңғы (қорытынды) тексеру кезеңі (егер ол бар болса) : ауызша жұмыстар; топтық жұмыстар; өз ара тексеру; орындалған жұмысты өзі тексеру және өзін -өзі бағалау және т.б.

7. Сабақтың қорытындысы :сабақ бойынша теориялық ұсыныстар қалыптастыру(сабақта немен танысты); оқушылардың жауаптарына түсінік беру, баға қою ; үй тапсырмасы , оған түсінік беру .

8.Сабаққа талдау бойынша шешімдер мен ұсыныстар: сабақ кезеңдерін таңдау ұтымдылығы; сабақтың әр кезеңі бойынша уақытты бөлу. сабақ типі мен құрылымының нәтижелілігі .

Оқушылардың оқуға деген дұрыс қатынасын қалыптастыру және психологиялық зерттеуге талпынған мұғалімге келесі жайттарды ескерген жөн болады:

-мотив және мотивация мәселесін психологиялық зерттеу – бұл екеуі де оқушының жеке тұлғасының мотивациялық аймағын тәрбиелеуді көздейді. Мотив және мотивацияны зерттеу дегеніміз – бұл әр оқушының және тұтас сыныптық жақын арадағы даму аймағын, оның даму мүмкіндіктерін білу деген сөз.

Демек оқу мотивін қалыптастыру – бұл мектепте оқуға деген ішкі ынта, ниеттің пайда болуы үшін жағдай жасауы және оқушының өзінің мотивациялық аймағының болашақтағы дамуын дұрыс түсінді. Ал оның дамуын алдын-ала қарастырылған психологиялық тәсілдер жйесін пайдалану арқылы ынталандыруға болады. Сонымен, оқушылардың оқу мотивациясын дамытудың жалпы мәні мынадан тұрады: оқушыларды оқуға деген жағымсыз және немқұрайлы қатынастан, оқуға жағымды қатынастың түрлеріне ауыстыру, яғни нақты, түсінікті, жауапкершілікті:

Оқушылардың оқу мотивін қалыптастырудың нысанасына мотивациялық аймақтың барлық компоненттерін және оқи білу іскерлігінің барлық жақтарын жатқызу қажет. Нақтырақ айтқанда:

-әлеуметтік және танымдық мотивтер, олардың мазмұндық және динамикалық сипаттамасы;

-нақты мақсат және міндеттер, олардың сапасы (жаңа, түсінікті, болашағы бар, тұрақты);

- эмоциялары (жағымды, тұрақты, таңдамалы, іс-әрекетті реттеуші);

-оқи білу іскерлігі және оның сипаттамасы (білімі, оқу іс-әрекетінің жағдайы, оқығандығы).

Қазіргі бар психологиялық- педагогикалық зерттеулерді сараптасақ, көпшілік мұғалімдердің осы мәселе бойынша жұмысы бірнеше бөлімдерден тұрады, мәселен, өзіндік мотивациялық, мақсаттылық, эмоциялық, танымдық. Мұғалім әр бөлімде әр оқушының немесе тұтас сыныптың бұрыннан бар мотивін жетілдіру және түзету, сонымен қатар жаңа мотивтер және оларда жаңа сапалардың пайда болуы үшін тиісті оқу жұмысының түрлерін ұйымдастырады.

1.Өзіндік мотивациялық аймағы. Бұл бағыттағы жұмыс оқушының не үшін оқып жүргенін және оны оқуға не ынталандыратынын түсінуіне бағытталған.

Мотив түрлері.Танымдық мотивті оқу пәнінің мазмұнына бағытталу сипаттаса, әлеуметтік мотиві оның басқа адамға бағытталуына, оқу әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығына бағытталу сипаттайды.

Мотивтердің деңгейі. Өздігінен білім алудың кең танымдық, оқу танымдық мотивтері, сонымен қатар, әлеуметтік ынтымақтастық кең және тар әлеуметтік мотивтері.

Мотивтер сапасы. Мазмұндық (түсіну, ұғу, өзбеттілік, әрекеттілік, тарату деңгейі) және динамикалық (тұрақтылық, күш, көрінуі, ауысуы, эмоциялық көрінуі).

Мотивтердің пайда болуы. Мотивтер мына кездерде көрінеді: жаңа ақпараттарды алуға, тапсырмаларды шешуге талпынуда, сабаққа үлгерімінде және қатынасуында, берілген тапсырмалардың қиыншылығына сәйкес талпынуда, сонымен қатар, жауапкершілігін көрсететін қылықтарынан, байланыс орнатуға, ынтымақтастыққа тапынуынан, жора- жолдастарына көмектесуге деген тілегінен, ниетінен көрінеді.

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын диагностикалау әдістемелері мен жолдары. Диагностикалау үшін бақылау, тест, сауалнама, сұрақ-жауап, анкетелар қолданылады.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мотив дегеніміз не?

2. Мотивация дегеніміз не?

3. Мотив және мотивация түсініктерінің айырмашылықтарын көрсетіңіз.

4. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясының ерекшеліктерін атаңыз.

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и методах преподавания: Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.

  6. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

Тақырып 6. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы

Негізгі ұғымдар: оқыту, кәсіби шеберлік, тәрбиелеу, тәрбие түрлері, тәрбие әдістері.

Оқыту іс-әрекеті туралы жалпы түсінік. Мұғалімнің оқыту іс-әрекетін ұйымдастыруы. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оқыту процесінің сапалы көрсеткішінің негізі ретінде.

Тәрбиелеу іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің мазмұны: тәрбие түрлері, әдістері, құралдары. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетін диагностикалау әдістемелері мен жолдары. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетіне экспертиза жүргізу.

Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Оқыту процесі – білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты бірлескен іс -əрекет. Білім – бұл деректер, мəлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар, формулалар мен сипаттамаларды , т.с.с. түсіну, есте қалдырып, қажеттікке орай қайта жаңғырту. Оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты. Оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді. Оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне, оқушының оқып-үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты. Оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тəуелді. Оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына; оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық).

Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі.

Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр.



Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады. Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді. Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады. Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.

2.Тәрбиелеу іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің мазмұны: тәрбие түрлері, әдістері, құралдары. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетін диагностикалау әдістемелері. Мұғалімнің оқыту іс-әрекетіне экспертиза жүргізу.

Тәрбие- күрделі әрі ұзақ процес.Тәрбие педагогикалық әрекетте: мәдени құбылыс; педагогикалық ықпал ету; балалардың әрекетін ұйымдастыру; қарым ұатынас құралы ретінде жан жақты қарастырылады.

Тәрбие методикасы немесе әдістемесітәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді.

Мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Әрбір мектеп мұғалімінің міндеті - оқушы тұлғасын тәрбиелеу. Бұл міндетті шешу әсіресе тұлғаның бастауыш мектеп жасында жүзеге асырудың маңызы ерекше. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады. Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б. көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады. Бұдан арғы жерде бұлардың әрқайсысы жеке тарауларда қарастырылады.

Тәрбие мақсаты дегеніміз не ? Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. «Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді».

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады.

Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салаларының міндеттерін жүзеге асыру, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Себебі, жеке тұлғаның қасиеттері жеке дара қалыптаспайды. Керісінше, олар әрдайым бір мезгілде, тұтастық принципіне сай құрылады. Сондықтан да тәрбие процесін жоспарлау, оның мазмұны мен әдістерін, сондай-ақ нәтижесін жүйелі есепке алу, бағалаудың бірлігін , өзара байланысын қамтамасыз ету әсіресе мектептің осы бағыттағы жұмыстарының негізгі бір буыны болып есептелінеді.

Кешенді көзқарас тәрбие үдерісінде және оны басқаруда жүйеліліктің болуын да қарастырады. Тәрбие процесін басқарудың нәтижелі болуы ондағы ішкі және сыртқы себеп-шарттарын және олардың өзара байланысын ескерген жағдайда болады. Ол үшін сол себеп-шарттардың жай-күйін және олардың ықпал ету жағдайын алдын ала білу қажет.

Қазіргі жағдайда тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.

Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің жұмысын ұйымдастыра жүргізудің де қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.

Жан-жақты үйлесімді дамыған адам деп - өзінің бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана – сезімі жоғары, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және қарекетшіл тұлғаны айтуға болады.

Оқу жəне тəрбие өзара байланысты процесс. Олардың міндеттері əрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу əдістері жəне формалары тұрғысынан ерекшеліктері бар.

Тəрбиелік іс-əрекет педагогтың жекеленген əрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей қатысты (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.

Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілерін мұғалім білуі керек:

- тəрбие процесі өзіне оқу элементтерін қамтиды: яғни оқушыдан қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;

- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы біріккен іс-əрекеттің ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тəрбиелік ықпал жасайды;

- оқу жəне тəрбие процестерінде бірдей əдістер мен тәсілдер (түсіндіру, қадағалау, бақылау жəне т.б.) пайдаланылады.

Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық : оқу барысында шəкірт əртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тəрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады.

Мектептің тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер:

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже тиімділігінің кепілі);

-мақсаттар бірлігі (мұғалім мен тəрбиеленушінің арасындағы әрекеттесудің көрсеткіші);

- нəтиже ұзақтығы (тәрбие процесінде оқу процесіндегідей нəтиже бірден көрінбейді);

- көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі. Әр түрлі жайттардың тұлғаға болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие нəтижесі тиімді болады.

- ауыспалылығы (тəрбиеленуші мақсатты, көзделген жəне кездейсоқ əсерлерге бірдей кезігіп отырады).

- үздіксіздігі (бір рет керемет өткізілген іс-шара қаншама жүйелі дайындалған тəрбие істерінің орнын баса алмайды);

- кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің, мазмұн, форма жəне əдістерінің бірлігі);

- баламалылығы (тəрбиеленушілердің даралық ерекшеліктері жəне əлеуметтік тəжірибесінің əр түрлілігімен ажыратылады. Тəрбие процесінде бұлардың ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы ықтимал);

- екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - оқушы);

- тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;

- мұғалім тұлғасы – тəрбие барысында ықпалы маңызды жағдаятқа жатады (тəрбие процесінің тиімді болуы – мұғалімнің ептілігіне, шеберлігіне, құндылықты бағыт-бағдарына, қарым-қатынасқа түсе білу қабілетіне тікелей байланысты);

- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).

Тəрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тəрбие процесінде кездесетін келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған дайындауға арналған əдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың əлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тəуелді шегерілуі; адамның табиғаттан белсенді, əрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет тəжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі жəне т.б.

Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: əлеуметтік мағынада: бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне жеткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар; педагогикалық мағынада: бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, нақты мақсатты көздеген іс-əрекет және тұлғаны қалыптастыруға бағытталған процесс.

Тəрбиенің қоғамдық талаптарға сəйкес болып келуі заңды құбылыс. Егер қоғамда құқықтық демократиялық мемлекет орнықса, ондағы адамдар тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүзеге асырылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен қатар əлеуметтік ортаның кездейсоқта, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық сипатын таңдау жəне іске асыру), даралық (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемділігімен(адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), тәжірибелілігімен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.

Сонымен, тəрбие – бұл жалпыға ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының біріккен əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсатты түрде тұлғаны қалыптастыруға бағытталған көп қырлы, күрделі процесс.

Тəрбие процесінде біріккен іс-əрекеттердің арқасында оқушы арнайы ұйымдастырылып ұсынылған, белгілі тəжірибені игереді. Ал, мұғалімнің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына кірістірудің жолдарын, әдістерін қарастыру. Сонымен, тəрбие - бұл əрқилы іс-əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-əрекеттік деген атауды алған. Оның мəні: адам барлық жинақталған əлеуметтік тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.

Тәрбие үрдісінің мазмұны, әлеуметтік кеңістігі және динамикасы.

Тәрбие мазмұнын адамгершілік, еңбек, эстетикалық, ақыл-ой, дене тәрбиелері құрайтыны белгілі. Осылардың әрқайсысы әлеуметтендіру үдерісінде маңызды міндеттерді шешеді.

Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді, интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды жан-жақты қамтиды. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып саналады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі.

Еңбек тәрбиесі процессінде алған білім, ептілік және дағдылырдың негізгі мақсаты немесе педагогикалық істің соңғы желісі емес, ол тұлғаның басты қажеттігі – еңбек ету қабілетін дамыту құралы. Еңбек үйрету мен оған байланысты оқуды ұйымдастыру формаларын мұғалім таңдайды.

Оқу үрдісіндегі еңбек, өзіне - өзі қызмет ететін еңбек, қоғамдық – пайдалы еңбек және өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің түрлі іс әрекеттері болып табылады. Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің бір түрі. Бала отбасы да өзіне - өзі қызмет етудің түрлеріне төсек орынды жинау. Киім, аяқ киім және басқа үй – мүліктерін тазалау, кір жуу, киімді тазалау, тамақ дайындау т.б. жатады.

Дене тәрбиесі - тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы. Жалпы, дене тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады.Ол жеткіншек ұрпаққа нысаналы тәрбие берудің ежелден келе жатқан тарихи нысандарының бірі.

Адамгершілік тәрбиесі- балаларды нақты бір қоғамның, адамзаттық адамгершілік (моральдық) құндылықтарына үйретуге бағытталған процесс. Бала біртіндеп қоғамда қабылданған жалпыға ортақ өзара қатынас нормалары мен ережелерін меңгереді. Адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі тұлғада нақты бір адамгершілік қасиеттер топтамасынаң қалыптасуынан байқалады. Осы қасиеттер неғұрлым берік орныққан сайын соғұрлым оның адамгершілігінің бағасы да жоғары бола түспек.

Әлбетте, тұлғаның қалыптасуы және оның тәрбиесі жасқа байланысты шектелмейді: ол бүкіл өмір бойына созылады және өзгерістерге де ұшырайды. Балалар мектеп жасына дейінгі кезеңде және бастауыш мектеп жасында әлеуметтік ықпалдарды қабылауға даяр тұрады.

Қандай болмасын адамгершілік қасиеттің қалыптасуы сапалы өтуі керек. Ол үшін білім керек, оның негізінде балада алғашқы адагершілік қасиеттері туралы түсінік орнатады. Сонымен қатар, балада осы адамгершілік қасиеттерді меңгеруге деген тілек, яғни, түрткінің бір себебтің (мотив) пайда болуы аса маңызды. Түрткінің пайда болуы әлеүметтік сезімдерді қалыптастырады. Бұл сезімдер күнделікті балабақшада немесе үйде баланың қылықтарынан, әрекеттерінен, мінез- құлқынан көрінеді. Бұлардың балада қалыптасқан адамгершілік қасиеттерін берік орныққанын тексеруге мүмкіндік берері сөзсіз. Балада адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың бұл механизмі үлкен адамдар (педагог, ата-ана және т.б.) Осы механизімді жақсы біліп, белгілі бір мақсаты көздегенде ғана мүмкін болады.

Адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыру үшін оның құралдары мен әдістерін білу керек. Көркем әдебиет, бегінелеу өнері музыка, кино адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін шешуде айтарлықтан маңызды. Өйткені, мектеп жасына дейінгі бала оқылған ертегіні, әңгімені, тақпақтарды аса жоғары қызығушылықпен айқын эмоциямен, сондай-ақ сеніммен қабылдайды. Сөз жоқ балаларға көркем шығалармаларда бейнеленген кейіпкерлер күшті әсер қалдырады. Демек, көркем шығармалар балаларда адамгершілік түсініктер мен жылы сезімдерді қалыптастыруда аса тиімді болып табылады. Адамгершілікке тәрбиелеуде табиғатта жоғары нәтиже береді. Себебі табиғат балаларда қамқорлық көрсету, бағып-қағу, аялау тәрізді жылы сезімдерді тәрбиелейді.

Жалпы адамгершілік тәрбиесінің құралдарына бала өмір сүріп жатқан ортаны, іс-әрекеттерін (айқын, еңбек, оқу, көркемдік іс-әрекет) жатқызуға болады.

Тәрбие құралдарын таңдау тәрбие міндеттеріне, тәрбиеленушілердің жасына, олардың жалпы және ақыл-ойының даму дейінгеіне, адамгершілік қасиеттерінің даму кезеңдеріне (адамгершілік қасиеттерін енді қалыптастыра бастадың немесе бекітудеміз) байланысты болады.

Қазіргі іс-тәжірібиде балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде келесі әдістер қолданылады:

- мінез- қылықты қалыптастыру әрістері: ұйрету, жаттығу, іс-әрекеті басқару;

- адамгершілік сапаны қалыптастыру әрістері: түсіндіру, әңгімелеу, иландыру;

- ынталандыру әдістері: мадақтау, жазалау, үлгі, өнеге.

«Тәрбие жұмысы» туралы түсінік.

Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін келесілер қажет:


  • балалардың арасында, сонымен қатар балалар мен үлкендердің арасында жағымды өзара қатынастарды орнату;

  • күн тәртібін дұрыс орындау және баланың жағымды эмоциялық жағдайын қорғау;

  • қоршаған адамдарға, туған жерге бала өмір сүріп жатқан қалаға, ауылға, ол тұратын үйге сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  • баланың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу.

Тәрбие әдістері, мәні мен қызметі.

Тәрбие әдістері тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады.Тәрбие әдістеріне берілген әр түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда :

- жеке басқа ықпал ету құралы;

- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;

- тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;

- тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету , жағымды мінез құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс әрекеттерін ұйымдастыру , ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.

Тәрбие әдістерін топтастыру.

Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ . Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз: жеке адамның санасын қалыптастыру ; қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру , іс әрекетті ұйымдастыру; мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру.

Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас, өнеге жатады.

Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі. Бұл топтағы әдістерге талап қою , жаттықтыру , тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады.

Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістері.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау