2. Кестені толтыру «Лейкоцитарлы формула»; лейкоцитарлы формуланың жылжуы
Лейкоцитарлы формула дегеніміз - лейкоцит түрлерінің проценттік арақатынасын айтамыз немесе оны лейкограмма деп атайды. Лейкограмма лейкоцит атының бірінші атымен белгіленіп,көбінесе кесте ретінде көрсетіледі.
Лейкоциттердің жалпы саны: (4-9)*10 9/л
|
Гранулоциттер
|
Агранулоциттер
|
|
|
Нейтрофилдер: 70%
|
|
|
Эозинофилдер
|
Базофилдер
|
Жас:
миелоциты
метамиелоцитер
|
Таяқша ядролы
|
Сегментядролы
|
Лимфоциттер
|
Моноцитер
|
1 -5 %
|
0 – 1 %
|
0 – 1 %
|
1 – 5 %
|
45 – 65 %
|
20 – 40 %
|
2 – 10 %
|
Лейкоцитарлы формуланың жылжуы:
Оңға - сегмент ядролы лейкоциттер саны көбейіп, жас нейтрофилдер азайғанда жылжиды. Бұл лейкопоэздың нашарлағанын көрсетеді.
Солға - қанда метамиелоциттер пайда болып жас нейтрофилдер көбейсе жылжиды. Бұл лейкопоэздың күшейгенін көрсетеді.
Қан түзуші жүйе физиологиясынан БӨЖ тапсырмалары
Хаттама құрастыру:
Тақырыбы: Гемостаз
№ 1. Тапсырма .Тромбоциттер, қызметтері.
Тромбоциттер дегеніміз – қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.
Тромбоциттер саны: 180-320х109/л (103мкл)
Тромбоциттердің қызметтері:
1. Ангиотрофикалық (қан тамырларды қоректендіру);
2. Адгезивті агрегациялық (Жабысып үйінді құру);
3. Ангиотензивтік (серотонин бөліп, қан тамырларды тарылту);
4. Креаторлық (қанның, қантамырлардың табиғи құрылысын сақтауға);
5. Қанның ұюына қатысу (тромбоциттік факторлар, ұйытуға қарсы заттар, адреналин, лизоцим, АТФ, АДФ)
№ 2. Тамырлы –тромбоцитарлы гемостаз.
Кезені
|
Үдерістін сипаттамасы
|
Тамырлардың рефлекстік тарылуы
|
Үзілген қан тамырын қандағы тромбоциттен босап шыққан серотонин мен адреналин тарылтады.
|
Тромбоциттердің жарақаттанған жерге жабысуы (адгезиясы)
|
Тамырдың жыртылған жеріндегі оң зарядты, коллаген талшықтарына теріс зарядты тромбоциттер жабысады да, тромбоциттер үймесі болады.
|
Тромбоциттердің қайтымды агрегациясы
|
Жыртылған, үзілген қан тамырынан, жарылған эритроциттен және тромбоциттен бөлініп шыққан АДФ, серотонин, адреналин әсерінен тез бұзылатын, нашар бекіген, тек тромбоциттерден тұратын жұмсақ тығын пайда болады.
|
Тромбоциттердің тұрақты агрегациясы
|
Қан тамыры жарылған соң 5-10 секунд өтісімен тіндік протромбиназаның әсерімен тромбин пайда болады. Осы тромбиннің әсерімен тромбоциттер бір-біріне жабысып, агрегат құрады. Бұдан кейін оның құрылысы бұзылады, агрегат бірегей қоймалжың қоспаға айналады.
|
Тромбоциттік тромбтың нығыздалуы (ретракциясы)
|
Тромбостенин жиырылуы нәтижесінде жарақаттанған қан тамырына бекітілген тромб нығыздалады да, қан ағуын тоқтатады.
|
№ 3. Коагуляциялық гемостаз.
Кезені
|
Үдерістін сипаттамасы
|
Протромбиназа түзілуі
|
Сыртқы (тіндік) және ішкі (қандық) протромбиназаның пайда болу механизмдері бар.
Сыртқы кезең: белсенді тромбопластин мен VII, IV, V, X плазмалық түрткілердің әсерінен тіндік протромбиназа қалыптасады. Тіндік протромбиназа әсерінен аз ғана тромбин пайда болып, V және VIII түрткілер әрекеттеседі.
Ішкі кезең: Ол жарақаттанған қан тамыры эндотелиінің астындағы коллаген тінінің XII фактормен түйісуінен басталады. X фактор, фосфолипидтік қалыпта, V фактор және Ca2+, 3 – тромбоциттік фактор қосылып жиынтық құрады. Осы жиынтықпен жанасу және кальций комплекстерінің қатысуымен тромбопластиннен қан протромбиназасы пайда болады.
|
Тромбин түзілуі
|
Протромбиназаның бетіне адсорбцияланған протромбин V, X және Ca2+ ионының қатысуымен тромбинге айналады. Тромбин қан ұйытатын ең маңызды, әсерлі фермент.
|
Фибриногеннің фибринге айналуы
|
Тромбин әсерімен алдымен фибриногеннен золь тәріздіфибринопептидті фибриномономер түзіледі. Фибринмономер -> еритін фибрин полимер -> ерімейтін фибрин. Мономерден полимерлену реакциясы арқылы полимерге айналады.
|
№ 4. Фибринолиз.
кезені
|
Үдерістін сипаттамасы
|
Бірінші
|
Қандағы проактивті заттар белсенді заттарға айналады. Ол қандағы плазминогенге әсер етеді.
|
Екінші
|
Белсенді заттар плазминге (фибринолизинге) айналады.
|
Үшінші
|
Фибрин фибринолизин әсерінен пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырайды.
|
Орындаған студент: Нақыпбек Аяжан
Топ: 22-008
Факультет: ТФП
Тақырып қабылданды, мерзімі
|
___________оқытушының қолы
|
Достарыңызбен бөлісу: |