Дәріс бойынша қорытынды сұрақтары:
1.
Философия тарихындағы еркіндік мәселесі: діни, этикалық,
заңдық, тарихи тұрғыда.
2.
Б.Спиноза еңбектеріндегі адам және оның еркіндігі мәселесі.
3.
Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд
(А.Камю).
4.
Философия мен психология ауқымындағы ерік мәселесі.
5.
Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру.
6.
Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және
тәуелсіздік идеялары.
№ 11
дәріс
Өнер философиясы
1.
Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2.
Негізгі эстетикалық категориялар.
3.
Өнер және оны философия тұрғысында зерттеу.
4.
Қазақ мәдениетіндегі ұлттық өнер феномені.
Эстетика – адамның дүниені әдемілік тұрғысынан ұғынып-түсіну
заңдылықтары
туралы,
әсемдік
заңдарын
арқау
еткен
шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.
«Эстетика»
ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс
философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі
«айстетикос» сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан
алғанда «айстетикос» - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға
ие.
Философия тарихында эстетика туралы түсінік ежелгі дәуір
философиясынан бастау алады. Мысалы,
антикалық эстетикалық
ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель). Араб-
мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби,
Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі
(А.Августин, Иоанн Дамаскин). Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б.
Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм
Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік
практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо).
Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг). XIX
- XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр.
М. Хайдеггер). Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық
өлшемі.
Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық,
трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық
және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі.
Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан
тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
1
Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері
.
Қазіргі өнер
философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну,
еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем
талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары. Қазақ халқының
сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы
этикалық және эстетикалық бастамалары. Қ.Нұрланова: «Адам - Әлем
біртұтас»
концепциясы.
Ұлттық
аспаптар
қобыз,
домбыра
көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі
музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.
Достарыңызбен бөлісу: |