32
Тұрақтылар мәні тарихын қарап шығу үшін керекті тұрақтыны таңдап
келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
F5 пернесін басыңыз немесе Программаның басты мәзірінің Әрекет
пункті бойынша тарихи мәні командасын таңдаңыз.
Жаңа жол енгізу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Ins пернесін басыңыз немесе Басты мәзірдің Әрекет пунктінің Жаңа жол
командасын таңдаңыз. Кестеге күннің және тұрақтының мәнін енгізуді сұраған
Жаңа жол енгізіледі. Тұрақтылар тарихына Жаңа жол енгізілген бас тарту үшін
Esc пернесін басыңыз.
4.2 Құжаттар және оларды қолдану тәсілдері
Құжат —1С:Кәсіпорын жүйесінің негізгі түсініктерінің бірі болып
саналады. Құжаттардың көмегімен жүйеге шаруашылық іс-әрекеттерде
орындалып жатқан ақпаратты енгізеді.
Шаруашылық әрекеттер фактілерін тіркеу құжаттарды енгізудің келесі
тізбегі бойынша жүзеге асырылады: тұтынушы құжаттардың керекті журналын
ашып, жаңа құжат құру командасын орындайды. Ол үшін «Қосу» кнопкасын
басу керек. Альтернативті нұсқа ретінде – журналдың командалық панелінде
«Әрекеттер» кнопкасын басып, шыққан мәзірлерден «Қосу» пунктін таңдау
керек. Экранда тұтынушы операция түрін орнатып, сосын толтырып, ал сосын
құжатты жазып, өткізетін құжаттың жаңа формасы ашылады.
16-сурет. Құжатты құрастыру формасы
33
Құжатты жазу үшін форманың төменгі бөлігіндегі «Жазу» кнопкасы
арналған, құжатты өткізу үшін – командалық панельдің «Өткізу» кнопкасы,
құжатты жазу, өткізу және жабу үшін форманың төменгі бөлігінде «ОК»
кнопкасы арналған.
Құжатқа автоматты түрде нөмір берілу құжатты тіркеуден кейін жүзеге
асырылады. Мұндай жағдай тұтынушылардың желілік жұмысында құжаттар
нөмірін өткізуге жол бермейді. Құжатқа берілген нөмірді тұтынушы ешуақытта
өзгерте алмас, қолмен нөмірді өзгерту үшін құжаттың командалық панелінде
«Әрекеттер» мәзірінде «Нөмірді редакциялау» жалаушасын орнату керек.
17-сурет. Құжат реквизиттері
«Қазақстан үшін 8 1C:Бухгалтерия» тұтынушыларға құжаттарды енгізуді
жылдамдатудың бірнеше механизмдерін ұсынады:
-
тұтынушы құжат формасын алдын ала енгізілген құжатты көшіріп,
содан соң тек керекті бөлігін өзгертуге болады (ол үшін журналдың немесе
тізім командалы панель формасынан «Көшіру» немесе «Әрекет» - «Көшіру»
кнопкасының көмегімен «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламасының жүйелер
тізіміндегі жазбаларды көшіру);
-
кейбір құжаттарды алдын ала енгізілген басқа түрдің құжаттары
негізінде енгізуге болады;
-
құжаттар топтармен автоматтандырылған өндірулер немесе т.б.
енгізіле алады.
34
1С:Кәсіпорын жүйесінде құжат негізгі есеп берудің бірлігі болып
саналады. Құжаттың әрқайсысы шаруашылық операциясы жайлы нақты
ақпаратты сақтайды және оны нөмірмен, датамен және уақытпен сипаттайды.
Дата мен уақыт — құжаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі, өйткені олар
жасалатын операциялардың тізбегін сақтауға мүмкіндік береді.
18-сурет.Құжатты толтыру формасы
Құжаттарды жасаған уақытта бірнеше жалпы реквизиттер жасалуы
мүмкін. Ондай реквизиттар, бірақ рет жасалынып, барлық құжаттардың
қолданылуына қолжетім болады. Құжаттың құрылымын өңдеу шапка
реквизитімен және кесте бөлімінің реквизиттерінің жиынтығына байланысты.
Конфигураторда құжаттармен жұмыс жасау үшін бірнеше журналдар
жасалынуы мүмкін. Құжатты жасаған уақытында, құжат сақталынатын
журналдың атын беруге болады. Құжаттар мен жұмыс жасау үшін арнайы
жасалған жалпы журналдарды қолдануға болады. Қарапайым журналдардан
ерекшелігі, құжаттарды мәні және қолданушының көрсетуі бойынша тандайды.
Қарапайым жағдайда 1С:Кәсіпорын жүйесінде құжаттар кейбір
мәліметтерді енгізу үшін және оларды баспа бетіне шығару үшін қолданылады.
Бір-ақ, көп жағдайда мекеменің шаруашалық өмірінде болып жатқан
жағдайларды, 1С:кәсіпорын жүйесі қолдайтын әртүрлі механизм есептерінде
бейнелеу үшін қолданады. Құжаттың берілгендерін әртүрлі есеп беруде
бейнелеу құжатты өткізгенде көрсетіледі.
Құжаттың модулі 1С:Кәсіпорын жүйесінде кірістірілген тілде берілген
бағдарлама түрінде көрсетілген. Форманың модулінен ажыраттатын бірнеше
ерекшеліктері бар.
35
Құжаттың
модулі
құжатты
өткізу
үшін
шақырылады
және
ОбработкаПроведения процедурасы орындалады. Тек қана құжаттың модулінен
ғана регистрларды, анықтамалықтардың реквизиттарын өзгертуге болады.
Сондай-ақ құжаттың модулінен ғана операцияларды және операциялардың
проводкаларын ғана қалыптастыруға болады. Проводкалар бухгалтерлік
қорытындыларды өзгертуге әкеп соғады.
19-сурет. Құжат модулі
Нумератор құжаттардың нумерациясын дұрыс сақтау үшін қолданылады.
Нумератордың негізгі міндеті — құжаттың әртүрлі типтеріне нумерациялауды
қамтамасыз еті, бұл үшін бұндай құжаттарға бір нумератор тағайындалады.
Нумераторға арнайы құжаттардың ішінен орын берілген.
4.3 Құжаттың формасының диалогы
1С:Кәсіпорын жүйесінің берілген элементтерінің формасын жасау үшін
арнайы форманың диалогы қолданылады.
Диалог дегеніміз бұл қандай бір ақпаратты жасау үшін және қарау үшін
арнайы жасалған экранның формасы. Диалогтың көмегі арқылы бағдарлама
қолданушыдан қажетті ақпаратты сұрайды немесе қолданушыға қандайда бір
ақпаратты қарау үшін көрсетеді. Диалогтың терезесі экранның тіктөртбұрышты
аймағы болып табылады. Ол ақпаратты шығаруға және басқаратын
элементтерді көрсетуге мүмкіндік туғызады. Диалогты тағайындау -
қолданушыға ақпаратты шығару мен қараудың ыңғайлы формасын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |