2.Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Ежелгі түркілердің салт-дәстүрлері мен рәсімдері.
Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында Орта Азия мен Қазақстан далаларын сақтар мекендеген. Сол сақтардың Солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес тайпалар болды. Бұлардан кейінгі тарихта белгілі үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйледі. Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, негізгі тілге айналды. Бұрын иран тілі тобына енетін тілдерде сөйлейтін халықтармен аралас-құралас болып, енді түркі тілінде сөйледі. Түркі тілінің әр түрлі диалектінде сөйлейтін тайпалық ұлыстар бір-бірімен үздіксіз экономикалық, мәдени-байланыс жасап,қатысып тұрды.
Соның нәтижесінде бұл екі топтағы тілдер бір – біріне ықпал жасап келген. Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік тілдерімен қоса соғды тілі мен жазуын да пайдаланған. Өйткені түрік қағандарының ордасында соғдылықтар да түрлі лауазымды қызмет атқарған. Сөйтіп, түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде түрік таңбаларына ұқсас келетін түрік жазуы пайда болды. Бұл «руна» жазуы деп аталды.
Ежелгі түркілердің діни сенімдері туралы айтатын болсақ, олар Көкке және Жерге табынған. Түркі қағандары тек көк тәңірінің бұйрығымен қағандық етеді деп түсіндірілген. Мыс: Білге қаған: «түркі халқы жойылмасын, ел болсын. Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбіге қатынды тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен, мені қаған етіп отырғызған екен»- депті өзінің таққа отыруы туралы тасқа қашалған жазуда. Түркілер тәңір бұйрығымен жеңіске жетеді не жеңіліске ұшырайды. Келесі құдай отбасы мен балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. ХІХ ғ. аяғында әйел құдай Ұмайға табыну Алтайдағы кейбір түркі тілді халықтар арасында сақталған. «Тоныкөк» жырында «Көк тәңірі», Ұмай, қасиетті Жер-су, міне осылар бізге жеңіс сыйлаған делінген. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне Алтайда сақталған қасиетті тауларға табыну маңызға ие болды. Ежелгі түркілер қаған тегінің жебеушісі , рухы саналған қасиеті Өтікен сұлбасын яғни Хангай тауларын ерекше пір тұтқан.
Олардың сенімі бойынша өлгенннен кейін адам жаны көшеді делінген. Ежелгі түріктер өлген адамды шаман рәсімі бойынша жерлеген. Яғни биік жерге киіз үй тігіп, өлікті сол үйге қойған. Сол маңайға құрбандыққа әкелген малды байлаған. Өлген адамның туыстары жылап, бетін тілгілеп, шашын жұлып өлік жатқан үйді 7 рет айналатын болған. Сонан соң өліктің киім – кешегін, барлық заттарын денесімен бірге өртеген. Кейін күлін жинап, жерге көметін болған. Түріктер отты киелі құбылыс есептеп, оны пір тұтқан. Зұлымдық әкелетін рухтарды отпен тазалап, аластайтын діни ғұрып болған.
Достарыңызбен бөлісу: |