4.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1.«Бірқалыпты қозғалыстың кинематикасын Атвуд машинасының көмегімен зерттеу»
Жұмыстың мақсаты:бірқалыпты қозғалысты оқып-білу, оның заңдарын Атвуд машинасының көмегімен зерттеу. Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
жүктердің бірқалыпты және үдемелі қозғалыстарында жіптің керілуін есептеу;
Атвуд машинасында жүктердің бірқалыпты қозғалысы қалай қалыптасады?
үдеуді өлшеу әдісі?
лездік жылдамдық деген не?
үйкеліс күшін ескеріп, үдеудің формуласын қорыту
2. «Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі заңын Обербек маятнигі арқылы тексеру»
Жұмыстың мақсаты: айналмалы қозғалыс кинематикасы мен динамикасының заңдарының орындалуын тексеру. Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
жұмысты орындауда жүктің түсу биіктігінің кездейсоқ қаталігі қалай анықталады?
күш моменті векторының анықтамасын бер;
материалық нүктенің тангенциал және бұрыштық үдеулерінің арасындағы байланысты жаз;
3. «Велосипед дөңгелегінің инерция моментін анықтау»
Жұмыстың мақсаты: инерция моментін айналмалы және тербелмелі қозғалыстар арқылы анықтау.Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
инерция моментін анықтаудың қандай басқа әдісін ұсынуға болады?
және g шамаларын жұмыста қандай дәлдікпен алу керек?
Дөңгелектің инерция моментінің дәлдігін қандай қателіктер анықтайды?
4. «Штейнер теоремасын тексеру»
Жұмыстың мақсаты: денелердің инерция моментін трифилярлық ілмек әдісі арқылы анықтап және Штейнер теоремасын тексеру.Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
цилиндірдің массасы мен үдеуін өзгертуге байланысты оның инерция моменті қалай өзгереді?
осы жұмыста цилиндр неге екі бөлікке бөлінген?
тербеліс уақытының систематикалық қателігі қалай дағаланады?
5. «Больцман тұрақтысын анықтау»
Жұмыстың мақсаты: газдың МКТ ның негізгі теңдеуін қолданып Больцман тұрақтысын анықтау. Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
идеал газ деген не?
газдар қоспасына арналған Дальтон заңын анықта. Парциал қысым деген не?
жұмысты орындағаннан кейін ыдысты неге желдету керек?
көлбеу манометрдің құрылысы мен жұмыс принципін түсіндір
6. «Ауаның жылу сиымдылықтарының Ср / Сv қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»
Жұмыстың мақсаты: ауаның жылу сиымдылықтарының Ср / Сv қатынасын эксперименттік тәсілмен анықтап, нәтижені МКТ қорытындыларымен салыстыру. Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
- газды екі атоды деп есептеп, нәтижені кестелік мәнімен салыстырып,
алшақтықты түсіндір;
заттардың меншікті және мольдік жылу сиымдылықтарының байланысы қандай?
газ қысымын n есе арттыру үшін қай кезде көп жұмыс атқарылады?
Адиабаталық процесте ме, әлде изотермиялық процесте ме?
еркіндік дәреже санының жылу сиымдылықтарға тигізетін ықпалы қандай?
газдардың жылу сиымдылығының температураға тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?
7. «Стокс әдісімен сұйықтың ішкі үйкеліс коэффициентін анықтау »
Жұмыстың мақсаты: сұйықтың тұтқырлығын анықтау, дененің тұтқыр ортада қозғалысын зерттеу.Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
тұтқырлық деген не ? Динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерінің өлшем бірлдіктерін атаңыздар.
сұйықта қозғалған шар тәрізді денеге әсер ететін күштер?
шардың қозғалыс жылдамдығының оның өлшемдеріне тәуелділігі?
динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерінің
байланысы?
біздің өлшеулерде есептеу формуласына түзетулер негізі қажет пе?
8. «Сұйықтардың беттік керілу коэффициентін анықтау»
Жұмыстың мақсаты: әртүрлі сұйықтардың беттіе керілу коэффициенттерін эксперименттік анықтау.Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
беттік керілу коэффициентінің физикалық мағанасы?
кризистік температурадағы беттік керілу коэффициентінің мәне ?
табиғат пен техникада жұғу және жұқпау құбылыстарының меңызы?
ойыс және дөңес бетерде қосымша қысымды есептейтін Лаплас формуласында R дің мәне бірдей ме? Түсіндір.
суға спирт қосқанда судың беттік керілу коэффициенті өзгере ме?
судың бетінде орналасқан май тамшысы қандай форма алады?Неге?
9. «Электростатикалық өрісті зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: электростатикалық өрісті зерттеу ,өрістің эквипотенциал сызықтарын құру.Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
эквипотенциал сывзықтарының қилыспайтынын дәлелде;
электростатикалық өріс кернеулігі мен потенциалының анықтамасын бер;
бірлік оң зарядтың нүктелік зарядтың өрісіндегі потенциалдық энергиясы?
өріс кернеулігі мен потенциалының байланысы?
потенциалдық өріс деген не? Тартылу өрісі потенциалдық бола ма?
5. СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1. Кинематика № 1.2, 1.5, 1.14, 1.20, 1.22, 1.28, 1.32, 1.45, 1.53, 1.57, 1.59
5.2. Материалдық нүктелер және материалдық нүктелер жүйесінің динамикасы № 2.5, 2.6, 2.10, 2.20, 2.24, 2.27, 2.34, 2.36, 2.38, 2.40
5.3. Энергияның , импульстің моментінің, импульстің сақталу заңдары № 3.6, 3.7, 3.11, 3.16, 3.20, 3.23, 3.26, 3.35, 3.38, 3.41, 3.46
5.4. Қатты денелер механикасы № 4.2, 4.4, 4.6, 4.8, 4.9, 4.11, 4.13, 4.18, 4.19, 4.21, 4.27, 4.29, 4.31, 4.34, 4.35
5.5. Денелердің серпімділік қасиеттері № 8.2, 8.10, 8.13, 8.18
5.6. Бүкіләлемдің тартылыс заңы № 10.2, 10.4, 10.8, 10.16
5.7. Инерциалды емес санақ жүйелері, инерция күштері № 6.2, 6.4, 6.6, 6.14 5.8. Арнайы салыстырмалық теория элементтері № 7.3, 7.5, 7.9, 7.11
5.9. Газдар мен сұйықтар механикасы № 5.1, 5.4, 5.9
5.10. Механикалық толқындар мен тербелістер№1.62,1.65,1.68,9.7, 9.14, 9.18, 9.30, 9.34, 9.45,
5.11. Акустика №329,332, 335,336
Достарыңызбен бөлісу: |