3.2.1 Теориялық мәліметтер
Кернеуді зерттеу
Жаңа машиналарды жобалау және зерттеу кезінде олардың тораптары мен тетіктерін қатаңдыққа тексеру қажет етіледі. Бұндай тексеру кезінде тетіктердің кернеулі жағдаын теория және эксперименталды жүзінде тексеру туындайды.
Әлбетте ҰБЖ-ның тораптары мен тетіктері күрделі геометриялық пішінді болып, ауытқымалы динамикалық күщтер жағдайында жұмыс істейді. Кернеудің теориялық есептеулері көп жағдайда шамаланып алынады да, олар салыстырмалы мәнге жататындықтан нақты кернеу таратылымын көрсетпейді. Кейбір шешімдер осы күнге дейін түпкілікті зерттелмеген. Сондықтан кернеуді эксперимерталды зерттеу әдістері маңызды болып табылады.
3.2.2 Жұмыс мазмұны
Гидробаспаққа эксцентрлі күш түсіру кезіндегі кернеуді зерттеу.
3.2.3 Материалдар, құрал-саймандар, жабдықтар
Гидравликалық баспақ (Рн=40 кН) ; эксцентрлі күш түсіретін металл өзекше; штангенциркуль және өлшегіш сызғыш.
Гидробаспақ тағанындағы кернеуді өлшеу үшін 3.2.1 суретте көрсетілгендей түрлендіргіш пен тензометрлі құрылғы орналастырылуы керек.
Миллиамперметр көрсеткішіндегі ауытқу бойынша өлшегіш көпірі көмегімен нөлдік әдіспен жүзеге асады. Тағанның әрқайсысындағы кернеуді өлшеу үшін кестеде қосқыштар қарастырылған.
3.2.4 Жұмысты жүргізу барысы
1) Жұмысты жүргізу кезінде тәлімгерлерді 4–6 адамнан тұратын топшаларға бөлу керек. Гидробаспақтың әр тағанын әр топшаға орындауға тапсырылады. Жұмысты безендіру кезінде барлық топтың көрсеткіштерін қолданады.
БП-қоректену блогы;
ТС- тензостанция;
RD- жұмыс тензометрі;
RК – қалыптастыру тензометрі;
RП – иықты тензометр;
mA- миллиамперметр.
3.2.1 Сурет – Тензометрліқ өлшеу құрылғының принципиалды электр схемасы
2) Кернеу түрленгіштерін реттеу. Баспақтың 20, 40, 60, 80 және 100% жұмыс істеу кезіндегі манометр көрсеткіштерін есептеу. Есептеу нәтижесін 3.2.1 кестеге еңгізу.
Әр тағанның кернеу түрлендіргішін реттеу алдында өлшегіш көпірін теңдестіру қажет. Жүктегіш өзекшенің өсін баспақ өсімен сәкестендіру қажет. Баспақты қол сорабымен тізбекті түрде 0,2; 0,4; 0,6; 0,8 және 1,0 Рн дейін күштеу керек. Жүктеу кезінде тоқтың ауытқуын миллиамперметрдің көрсеткішіне сай есептеп отыру керек. Өлшеу нәтижесін 3.2.1 кестеге енгізу қажет. 3.2.1 Кестеге сүйене отырып төрт тағанның реттеу графигін құру көзделген. Ретитеу графигі жеткілікті түрде кернеу мәнін анықтауға ыңғайлы етіліп жасалуы шарт. Өйткені баспақ тағандарына эксцентрлі күш түседі.
3) Гидробаспақ тағандарына эксцентрлі күш түсу кезіндегі кернеу мәнін өлшеу.
3.2.1 Кесте
Манометр
көрсеткіші
|
Баспақ күші,Н
|
Тағандардың есептелген кернеуі,МПа
|
Миллиамперметр
көрсеткіші
|
Қосымша
|
|
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
а) Баспақтың негізгі x өсінен күш ұлғая келесі y өсіне түседі. Қол сорабымен баспақты номиналды мәніне жуық күшпен эксцентр көрсеткішіне сай ауыстырылады.
1) ех=0 ; еу= 0 2) ех= 0 ; еу= 1/3 еmax
3) ех=0 ; еу= 2/3 еmax 4) ех= 0 ; еу= еmax
Тәжірибе жүргізу кезінде еmax мәні баспақ тағандары аралығының 30–40 % құрауы тиіс.
Миллиамперметр көрсеткішіндегі тоқтың ауытқуына байланысты құрылған реттеу графигіне қарап баспақ тағандарының кернеуін әртүрлі эксцентр күшіне байланысты анықтауға болады.
Тәжірибе нәтижесін 3.2.2 кестеге еңгіземіз.
Осындай әдіспен басқада 3 жағдайға байланысты тәжірибе жүргізу керек.
ә) Егер күш дөңгелек эксцентритет шамасында түсірілсе төмендегі формуланы қолданамыз.
(3.2.1)
3.2.2 Кесте
Таған нөмірі
|
Миллиамперметр көрсеткіші
|
Кернеу, МПа
|
|
|
|
Тәжірибе жоғарыдағы тәсілмен жүргізіледі. Бұл тәсілде баспақты R=emaxсырттай сызылған шеңбер сипатты эксцентритетпен күш түсіреміз. Тәжірибе нәтижесін 3.2.2 кестеге сәйкес енгізіп , келесі жағдайды есептейміз:
(3.2.2)
(3.2.3)
3.5 Есеп мазмұны
1) Баспақтың төртінші тағанының эксцентритетің абсолютті мәніне байланысты байланысты негізгі өстері а= f (ey), егер ех=0 тең болса жағдайына сай тәуелділік графигін құру.
(3.2.4)
2) Шеңберлі эксцентритетке функциясына сәйкес күш түскендегі баспақтың төртінші тағанының шеңберлі эпюрасын құру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |