Егер логика алгебрасының А және В формулалары олардың құрамына енетін қарапайым тұжырымдарының кез келген мәндерінде бірдей мән қабылдаса, онда бұл формулалар пара-пар деп аталады. Формулалардың пара-парлығын белгісімен белгілейміз, яғни
А В А және В формулалары пара-пар.
Егер А формуласы оған кіретін айнымалылардың барлық мәндерінде 1 мәнді қабылдайтын болса, онда бұл формула тепе-тең ақиқат (немесе тавтология) деп аталады.
Егер А формуласы оған кіретін айнымалылардың барлық мәндерінде 0 мәнді қабылдайтын болса, онда бұл формула тепе-тең жалған (немесе қарама-қайшылық) деп аталады.
Пара-парлық және эквиваленттік ұғымдары арасында мынадай байланыс бар: егер А және В формулалар пара-пар болса, онда АВ формуласы – тавтология, және керісінше, егер АВ формуласы тавтология болса, онда А және В формулалары пара-пар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |