1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 117,34 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата27.12.2019
өлшемі117,34 Kb.
#25065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      1) еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер;

      2) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының 

қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын 

азаматтар;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;

      4) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін көзделеді.



18-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

      1. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бюджет қаражаты шегінде жеке адамның кәсіптік білімдерін

, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыс 

іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ 

студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда, 

қызмет түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсету мақсатында 

жүргізіледі.

      2. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, қолда бар мамандық бойынша жұмысқа 

орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;

      2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, 

кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек 

нарығындағы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультацияны;

      3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік 

талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

      3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік 

тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік 

сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың жекеше 

агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту 

орталықтары жүргізеді.

      4. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар 

туралы мәліметтерді еңбек нарығының біртұтас ақпараттық базасында орналастырады.



19-бап. Кәсіптік оқыту

      1. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды

.



      2. Егер:

      1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;

      2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын),

қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;

      3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда, халықты жұмыспен 

қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Кәсіптік оқыту:

      1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;

      2) жұмыссыздар;

      3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

      4. Басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге:

      1) мүгедектердің;

      2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың 

(қамқоршылардың);

      3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың;

      4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ 

адамдардың;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен 

адамдардың құқығы бар.

      5. Кәсіптік оқыту бюджет қаражаты шегінде Қазақстан Республикасының білім беру 

саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің білім беру 

қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша еңбек 

нарығындағы қажеттіліктер ескеріліп жүргізіледі.

      6. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқитын 

адам арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.



      Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқуға ақы төлеу шартын, 

мерзімінен бұрын бұзу шартын, кәсіптік оқыту мерзімі мен қаржыландыру көздерін қамтуға тиіс.

      7. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген адамдар өздігінен, дәлелсіз 

себептермен оқуын тоқтатса, халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш

жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін.

20-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезінде тұрақты жұмыс 

орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе)

қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:

      1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен 

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған 

мектеп-интернаттардың;

      2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

      3) мүгедектер;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен 

адамдар;


      5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

      7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді 

бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

      8) оралмандар;

      9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан 

адамдар басым құқыққа ие болады;

      3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі бойынша:

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;



жүктеу 117,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау