|
1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштерСығылған сырықтардың орнықтылығы. Дағдарыс күші үшін Эйлердің формуласы
|
бет | 21/22 | Дата | 27.12.2022 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #40798 |
| 1. Статиканы негізгі ымдары. Механикалы оз алыс, к ш, к ште28. Сығылған сырықтардың орнықтылығы. Дағдарыс күші үшін Эйлердің формуласы.
Конструкциялар элементтері беріктік және қатаңдықпен қатар орнықты болу керек. Орнықтылық деп жүйенің өзінің бастапқы қалпын сақтау қабілетін түсінеді. Егер жүйенің ондай қабілеті жоқ болса, оны орнықсыз жүйе деп атайды, ал оның қалпы – орнықсыз қалып. Сыртқы күштермен жүктелген деформацияланатын жүйелер күштердің мәніне байланысты не орнықты, не орнықсыз болуы мүмкін. Жүйенің өзінің бастапқы тепе-теңдік күйінен басқа тепе-теңдік күйіне өту құбылысы орнықтылықты жоғалту деп аталады. Жүйенің орнықты қалпын жоғалттыруға жеткілікті күштің шамасы дағдарыс күш деп аталады. Әдетте деформацияланатын жүйелерде орнықтылықты жоғалту үлкен орын ауыстыруларға, пластикалық деформацияларға немесе толығымен қирауға апарып соғады. Орнықтылыққа есептеудің мақсаты - орнықтылықты жоғалтуды болдырғызбау үшін дағдарыс күштерді анықтауда.
Берілген жүйенің орнықтылығын жоғалтатын ең аз сыртқы күшті, жүктемені, кернеуді сәйкес дағдарыс күші (Рд), дағдарыс жүктемесі, дағдарыс кернеуі деп атайды.
Бұл формуланы дағдарыс күші үшін Эйлердің формуласы деп атайды.
29)Дағдарыс күші үшін Эйлер формуласының қолдану шектері.Ясинский формуласы
Түзу сызықты сырықтың тепе-теңдік тұрақтылығын жоғалтуына әсер етуші күш-дағдарыс күші деп аталады FKP.Сығылған сырықтың дағдарыс күшінің мәні Эйлер формуласымен анықталады.
Fkp=π2EImin/(µι)2
мұндағы:Е-бойлық серпімділік модулі,
Imin-көлденең қиманың минимальді инерция момменті,
L-сырық ұзындығы,
µ-сырық шеттерін бекіту тәсілдеріне тәуелді ұзындықты келтіру коэффициенті,
µι-келтірілген ұзындық.
Эйлер формуласы сырық орнықтылығын жоғалтқанша Гук заңы
орындалады, және ол пропорционалдық шегінен аспайды деген
болжамға негізделген.Сырық үшін серпімді сызықтың дифференциалдық теңдеуінен интеграл арқылы Эйлер формуласы табылады.Бұл теңдеу бойынша кернеу мен деформация арасындағы сызықтық тәуелділік шегінде орындалатындықтан,Эйлер формуласы арқылы дағдарыс кернеуі пропорционалдық шегінен асып кетпейтіндей қарастырылады.Яғни,Эйлер формуласының қолдану шегі:λ≥[λ]=100.Эйлер формуласының қолдану шектемесінің орындалу шарты:σкр≤σп.п. Егерде сырықтың иілгіштігі аз немесе орташа болса Эйлер формуласының орнына,Ясинский формуласын қолдану керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|