|
1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштерМатериалдар кедергісінің негізгі ұғымдары. Есептеу сұлбасы. Материалдар қасиеттерін ықшамдау
|
бет | 34/52 | Дата | 26.01.2022 | өлшемі | 71,71 Kb. | | #37245 |
| Механика шпоргалка43. Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары. Есептеу сұлбасы. Материалдар қасиеттерін ықшамдау.
Көптеген өндіріс орындарында құрал-жабдықтардың, материалдардың сыртқы күштер әсеріне төтеп бере алатын өз формаларынан ауытқымай бірқалыпты сақталатын беріктік және қатаңдық қабілеттері болуы тиіс.Бұл қабілеттер бұзылмай сақталуы үшін арнайы жолмен жасалуы қажет және олардың өзіне тән өлшемдері болады.Жалпы, материалдар кедергісі деген не? Соған тоқталып кетсек. Бұл, жаңа айтып кеткендей, беріктік пен қатаңдық жайлы ғылым. Бұл бөлім одан өзге де мәселелерді қарастырады, мысал келтіретін болсақ, статика тұжырымдамалары және деформация мен оның түрлеріне де қолданылады. Материалдар кедергісінің есепте қолданылудағы мақсаты –есептердің оңай жолмен шығарылуы, яғни күрделі емес әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баршаға түсінікті етіп беру. Материалдар кедергісі бөлімінде нақты жолмен шығармаса да есепті белгілі-бір болжамдарға сүйене отырып жуықтап та шығарады. Ең бірінші есепті шығармас бұрын біз есептің моделін таңдап аламыз. Бір емес бірнеше есептеу моделін таңдай аламыз. Бұл есептерді шығару барысында бір сұлбаға бірнеше материалдар келтірілетін жағдайлар да кезігеді.Есептеу сұлбасын таңдаудан да бұрын орындалатын мәселе бар, ол– материалдар қасиеттерін модельдеу. Бізді қоршаған ортада барлық қатты денелер серпімділік қасиетке ие. Серпімділік қасиеті дегеніміз денелер сырттан келген күштің әсерінен өз сыртқы бейнелерін өзгертіп одан соң қайта өз қалпына келуі. Біз қолданатын есептерде серпімділік абсолюттік болып алынады, егер серпімділіктің бұл түрінен көп мөлшерде өзгерсе, онда орта абсолюттіктен де басқа серпімділіктерге ие деген сөз. Абсолюттіктен басқа изотропты орта деген де бар. Материал күрделіден қарапайымға ауысады. Материалдар кедергісінде ол сырық немесе қабық сұлбасына келтіріледі. Сырық дегеніміз үш өлшемнің біреуі қалған екеуінен біршама үлкен дене.Ал қабық дегеніміз, керісінше, берілген үш өлшемнің біреуі қалған екеуінен кіші болса.Сырықтың көлденең қимасы деп ауырлық центрі сырық өсінде жатқан және оған тік орналасқан жазық фигураны атаймыз. Сырықбірнеше түрге бөлінеді: түзу сызықты немесе қисық сызықты, оның қимасы өс бойымен тұрақты немесе айнымалы болулары мүмкін. Тек объект қана емес, күштер жүйесі де күрделіден қарапайымға ауысады. Мысалы, біз есеп шығару барысында таралған күшті қадалған күшке алмастырып жібереміз. Материалдар кедергісі бөлімінде күштерді сыртқы күштер және ішкі күштер деп жіктейміз . Сыртқы күштердің өзі бірнеше түрге бөлінеді: көлемдік және беттік. Бұл көлемдік және беттік күштерді бөліп қарастыратын болсақ: көлемдік –ауырлық, инерция және магниттік күштер, ал беттік –жанындағы денелермен түйісу арқылы әрекеттесетін күштер. Сыртқы күштерге жататын күштерге теңгерілетін күштер де жатады.Жүктеме актив және реактив күштерден тұрады. Сыртқы күштердің шамасы және олардың таралу түрі объект пен айналасындағы денелердің шекарасы қайда өтетіне тәуелді. Күштер келесіге айрылады: статикалық (уақыт өтуімен өте жай өзгеретін, айтарлықтай инерция күштерін болдырмайтын күштер), динамикалық (уақыт өтуімен жылдам өзгеретін, есептеуде ескерілетін инерция күштеріне себепші болатын күштер; олар соққы, аяқ астынан түсірілетін және вибрациялық күштер болуы мүмкін), қайталымды-айналымды (әсері периодпен көп қайталанатын күштер). Объект бөліктерінің өзара әрекеттесуін сипаттайтын күштер ішкі күштерге жатады. Ішкі күштер тек қана объект бөліктерінің арасында емес, оның барлық көрші бөлшектерінің арасында да объектінің жүктелуі кезінде пайда болады. Әдетте объект сыртқы күштермен жүктелмесе, оның ішінде ішкі күштер жоқ деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|