2.Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
- оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
- зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім»тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
- жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
- дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
- дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).
3.«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері.
1) стратегиялар: өзін-өзі басқарушылық, эксперименттік, сыни, коммуникативтік;
2) технологиялар: шағын топтағы жұмыс (командада), кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау), рөлдік және іскерлік ойындар, модульді оқыту;
3) әдістер: жеке оқыту, проблемалық оқыту.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:
зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);
дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);
саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).
«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
буындық-дыбыстық талдау-жинақтау;
проблемалық жағдаят жасау;
оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру;
ойын және зерттеу әдістері;
тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттері (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау);
оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
ізденуді және қосымша материалдар қолдануды керек ететін тапсырмаларды орындату;
оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді).
4. Қысқа мерзімді қалай жазады?
Достарыңызбен бөлісу: |