№1 практикалық сабақ. Материялық нүктенің кинематикасы
Аудиторияда шығарылатын есептер
В-1.2. Автомобиль өзінің жүрген жолының бірінші жартысын 80 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?
В-1.12. Бастапқы жылдамдығы нольге тең дене h=19,6 м биіктіктен вертикаль төмен түседі. Дене: 1) өзінің қозғалысының бірінші 0,1 секундында, 2) өзінің қозғалысының соңғы 0,1 секундында қанша жол жүреді? Ауаның кедергісі есепке алынбайды.
В-1.14. Еркін түсіп келе жатқан дене өзінің төмен түсуінің соңғы секундында барлық жолының жартысынан өтеді. Мыналарды: 1) дененің қандай h биіктіктен төмен түсетінін, 2) түсу уақытының қаншаға созылатындығын табу керек.
В-1.21. А денесі υ/0 =2 м/с бастапқы жылдамдықпен қозғала бастап, тұрақты а үдеумен қозғалады. А денесінің қозғала бастағаннан ∆t=10 c уақыттан кейін осы нүктеден υ//0 =12 м/с жылдамдықпен В денесі де қозғала бастайды, әрі сол а үдеумен қозғалады. В денесі А денесін қуып жететіндей а үдеуінің ең үлкен шамасы қандай болуы керек?
В-1.34. Дене υ0 жылдамдықпен горизонтқа бұрыш жасай лақтырылады. Ұшу ұзақтығы t=2,2 с. Осы дененің ең үлкен көтерілу биіктігін табу крек. Ауаның кедергісі есепке алынбайды.
№2 практикалық сабақ. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы
Аудиторияда шығарылатын есептер
В-2.1. Бір қалыпты төмен түсіп келе жатқан аэростат, сол жылдамдығымен қайтадан бір қалыпты жоғары көтерілуі үшін оның үстінен лақтырылып тасталған балластың салмағы қандай болу керек? Аэростаттың балластымен бірге алғандағы салмағы 1600 кГ, аэростаттың көтергіш күші 1200 кГ. Аэростат көтерілгенде және төмен түскенде оған жасайтын ауаның кедергі күшін бірдей деп аламыз.
В-2.5. Жіпке гир ілінген. Егер осы гирді а1=2 м/с2 үдеумен көтеретін болсақ, онда жіптің керілуі Т жіптің керілуінен екі есе кем болады. Гирді көтергенде жіп үзіліп кетуі үшін, оны қандай а2 үдеумен көтеру керек?
В-2.6. Салмағы 104 Н автомобиль тежегеннен кейін 5 с уақыт ішінде бір қалыпты баяу қозғалып, 25 м жол жүріп барып тоқтайды. Мыналарды: 1) автомобильдің бастапқы жылдамдығын, 2) тежеу күшін табу керек.
В-2.9. Рельстің үстінде тұрған вагонға, ол t=30 с уақыттың ішінде бір қалыпты үдемелі қозғалып s=11 м жол жүретіндей, қандай күшпен әсер етуге болады? Вагонның салмағы P=16 т. Қозғалған уақытта вагонға, вагонның салмағының 0,05-не тең үйкеліс күші әсер етеді.
№3 практикалық сабақ. Сақталу заңдары
Достарыңызбен бөлісу: |