1. Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындар қызметінің теориялық негіздері


«АЛМАКА» ЖШС қызметінің экономикалық тиімділігін талдау



жүктеу 0,55 Mb.
бет3/5
Дата11.02.2020
өлшемі0,55 Mb.
#28759
1   2   3   4   5

2.2 «АЛМАКА» ЖШС қызметінің экономикалық тиімділігін талдау

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру, ел экономикасындағы рөлін анықтау, даму тенденцияларын қызмет түрлері мен аймақтар бойынша қарастыра келіп, нақты кәсіпорын мысалында экономикалық тиімділігін талдау арқылы көзделген мақсатқа жетуге болады. Алматы облысының Жаркент қаласында орналасқан «Алмака» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі барлық белгілері бойынша шағын кәсіпорынға сәйкес келеді. Бұл кәсіпорын алғаш рет 1994 жылы елімізде жекешелендіру үрдісі басталған сәтте «Жаркент» кондитерлік цехын жекешелендіру негізінде құрылған. Яғни, кондитерлік, нан жабу және жартылай фабрикаттар цехтарын, қоймалық жайлар мен фирмалық дүкендерді жекешелендіре отырып «Алмака» өндірістік кооперативінің негізі қаланды. Бірақ бірте-бірте өз қызметін кеңейте отырып, қосымша қатысушыларды тарту арқылы ұйымдық-құқықтық нысанын жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанына өзгерте отырып, 1996 жылы Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өткізілді. Бұл кәсіпорын негізінен кондитерлік және ұннан пісірілетін өнімдер өндіреді.Мұндағы өндірілетін өнімдер сапасы жоғары және тұтынушылар сұранысына ие. Өзі шағын кәсіпорын және жергілікті нарыққа ғана жұмыс істейтін болғандықтан өнім сапасы мен тұтынушылар талғамына жоғары мән беріледі. Кәсіпорында тәжірибелі және арнайы білімі бар мамандар қызмет етеді.

«Алмака» ЖШС өзінің сауда тораптарын үнемі кеңейтіп келеді, қазіргі таңда барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған және білікті мамандармен қамтамасыз етілген 7 фирмалық дүкені жұмыс жасап отыр.2001 жылы сыра – бары мен 80 адамдық «Алматы» мейрамханасы іске қосылған. Кәсіпорын жыл сайын ондаған жаңа жұмыс орындарын құрады. Бірнеше жылдар бойына «Корона», «Адал», «Вита», «Ақ дала» және басқа да кәсіпорындармен тұрақты әріптестік қатынаста жұмыс жасап келеді.

Кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне талдамау жасамас бұрын олардың өндірістік-шаруашылық қызметіне тоқталайық. «Алмака» ЖШС-нің негізгі өндірістік-шаруашылық қызметін келесі кесте (8-кесте) түрінде көрсетуге болады.

8-кесте - «Алмака» ЖШС-нің 2003-2004 жылдардағы өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелері




Негізгі көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2003жыл

2004 жыл

2004жыл 2003 жылға % -бен

1

Өнім өндіру көлемі

тонна

465,6

513,6

110,3

2

Өнім өткізу көлемі

млн. тг

68,9

76,7

111,3

3

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

млн. тг

66,7

72,4

108,5


4

Жалпы табыс

млн. тг

2,2

4,3

195,4

5

Өнімнің табыстылығы

%

3,3

5,9

-

6

Өнімнің 1 тг келетін шығындар

тг

0,97

0,94

97,0


7

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

млн. тг

3,833

4,007

104,5


8

Айналым қорларының орташа жылдық құны

млн. тг

9,350

15,008

160,5


9

Жалақы қоры

млн. тг

5,099

7,117

139,6

10

Жалпы жұмыскерлер саны

адам

48

48

100

11

1 жұмыскердің орташа айлық жалақысы

тг

8852

10365

117,0


12

1жұмыскердің еңбек өнімділігі

тн

9,7

10,7

110,3


13

Өндірілген өнімнің еңбек сыйымдылығы

адам/

сағат

296,6

188,3

63,5


14

Қор қайтарымдылығы

тг

5,5

6,3

114,5

15

Қор сыйымдылығы

тг

0,18

0,16

88,9

Ескертпе - «Алмака» ЖШС-нің мәліметтері негізінде есептелді
Кестеде берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, «Алмака» ЖШС өнім өндіру және өткізу көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2004 ж 48 тонна (10,3 %) және 7,8 млн. теңге (11,3 %) өскен. Бұл өсім кәсіпорында өндірілетін өнімдерге сұраныстың өсуі және жартылай фабрикат нысанында жаңа өнім түрін шығарумен байланысты болған. Сәйкесінше өткізілген өнімнің өзіндік құны да өскенімен жалпы табыс көлемі 95,4 % дейін ұлғайған. Сондай-ақ, өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын да 3 тиынға төмендеп, 94 тиынды құраса, өнімнің табыстылығы 2,6 % артқан.

Айналым қорлары мен негізгі құралдардың орташа жылдық құны да 60,5 және 4,5 пайызға артқан. Яғни, айналым қорларының жоғары қарқынмен өсіп отырғанын көрсетеді. Бірақ, негізгі құралдардың өсімі өте аз шаманы құраған. Бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін. «Алмака» ЖШС-де талдау жасалып отырған кезең ішінде кадрлар тұрақтылығы сақталған, яғни, жұмыскерлер саны өзгермеген. Бірақ, жалақы қоры 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда 2018 мың тг. (39,6 %) өскен. Алайда орташа айлық жалақы мөлшері 17,0 % өскенімен салыстырмалы түрде аз екендігін көріп отырмыз. Қосымша жұмыс күшін тартпастан өндіріс көлемінің өсуінен кәсіпорындағы еңбек өнімділігі 3 тоннаға дейін ұлғайса, еңбек сыйымдылығы 108,3 адам сағатқа дейін азайған. Кәсіпорындардың қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы мәндерінен көріп отырғанымыздай негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігі 2004 ж жақсарғанын байқаймыз. Бұл жағдайды аталмыш кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорларының активті бөлігінің, яғни, өндірістік үрдісте тікелей пайдаланылатын машиналар және құрал-жабдықтармен байланысты қарастыруға болады.

Сонымен, «Алмака»ЖШС шағын кәсіпорын ретінде артықшылығын пайдалану арқылы өндірістік-шаруашылық қызметі тұрақты болып отыр. Бұл кәсіпорынның бір ерекшелігі тек жергілікті нарыққа ғана қызмет еткенімен тұтынушылар талғамына сәйкес өнім өндіру көлемін, ассортиментін тез өзгерте алады. Яғни, айтарлықтай икемді және нарық конъюнктурасына тез бейімделе алады.

Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің басым бөлігін оның негізгі құралдары құрайтындығы белгілі. Ал, осы негізгі құралдардың жалпы жағдайы, активті бөлігінің үлесі мен пайдалану тиімділігі оның соңғы нәтижелеріне, яғни, өнім өндіру көлемі, өндірілген өнімнің өзіндік құны, табысы мен табыстылығына да айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан да оларды ұтымды пайдалану, физикалық және моралдық тозған негізгі құралдарды едәуір жаңаларымен алмастыру, өндірістік үрдіске қатыспайтын немесе еңбек өнімділігі және қызмет тиімділігі төмен бөліктерін азайту мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Негізгі құралдардың қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы өндірістік-шаруашылық қызметіне жасалған талдауда қарастырылғандықтан тиімділікті талдау кезінде оларға тағы да тоқталмастан, тек активті бөлігінің үлесіне, қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығына, негізгі өндірістік қорлармен жарақтану, негізгі құралдардың жаңару, тозу, шығу, жарамдылық коэффициентері сияқты негізгі көрсеткіштерге кеңінен талдау жасауды дұрыс деп таптық. Бірақ, бұл тек осы көрсеткіштер арқылы ғана бағалауға болады дегенді білдірмейді. Оны келесi кестеде көрсетiлген көрсеткiштер арқылы сипаттауға болады (9- кесте).

9-кесте - «Алмака» ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін бағалау




Көрсеткіштер



Жылдар

2003

2004

Ұзақ мерзімді активтердегі негізгі құралдардың үлесі, %

88,8

90,5

Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесі, %

41,2

53,0

Негізгі құралдардың активті бөлігінің қор қайтарымдылығы, тг

0,70

1,07

Негізгі құралдардың активті бөлігінің қор сыйымылығы, тг

0,12

0,17

Қормен жарақтану, мың тг

79,9

83,5

Негізгі құралдардың жаңару коэффициенті

0,02

0,38

Негізгі құралдардың шығу коэффициенті



0,03

Негізгі құралдардың тозу коэффициенті

0,44

0,46

Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициент

0,56

0,54

Ескертпе- Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелді

Біздің қарастырып отырған кәсіпорында негізгі құралдардың үлесі 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 1,7 % өскен. Мұндағы өсім оның негізгі құралдарының активті бөлігінің 1612,3 мың теңгеге ұлғаюынан болған. Бұл өндірістік-технологиялық үрдіске тікелей қатысатын машиналар мен құрал-жабдықтар үлесінің артқанын білдіреді және кәсіпорын үшін қолайлы тенденция болып саналады. Бірақ, оның қор қайтарымдылығы, яғни, активті бөлігінің әрбір теңгесіне келетін өнім өндіру көлемі 190 тиынға дейін төмендесе, қор сыйымдылығы өсе түскен. Ал, «Алмака» ЖШС-де негізгі құралдардың активті бөлігі едәуір өскенімен, өнім өндіру көлемінің өсімі аз шаманы құраған. Оның басты себебі, өткізу нарығының тарлығынан жаңадан іске қосылған түшпара өндіру линиясының (құрал-жабдығының) толық өндірістік қуатта жұмыс істемеуі.

Кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін олардың негізгі өндірістік қорлармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі де маңызды роль атқарады. Бұл мәселе бойынша қысқаша тоқталсақ, «Алмака» ЖШС-де кадрлар ағымы тұрақты болғандықтан жұмыскерлер саны екі жылда да өзгермеген, ал негізгі өндірістік қорлар құнының өсуіне байланысты әрбір жұмыскердің қормен жарақтану көлемі де 3,6 мың теңгеге артқан.

Сонымен, кәсіпорындардың негізгі құралдарының өндірістік үрдіске тікелей қатысатын активті бөлігінің қор қайтарымдылығы біршама жақсарған. Яғни, машиналар мен құрал-жабдықтар және оларда өнім өндіру мүмкіндіктерінің ұлғаюы жалпы қор қайтарымдылығына да ықпал етеді. Ал, қор сиымдылығын төмендету мен қор қайтарымдылығын арттыруға жаңа техникалар мен технологияларды енгізу арқылы ғана емес, машиналар мен құрал-жабдықтардың өнімділігін өсіру, олардың тоқтап тұруларын қысқарту, техникалар мен құрал-жабдықтарды ұтымды жүктеу, негізгі өндірістік қорларды техникалық жетілдіру есебінен де қол жеткізуге болады.

Кәсіпорын қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік құралдармен қажетті деңгейде қамтамасыз етіп қана қоймай оларды жыл сайын жаңартып отыруға және өндірістік үрдісте пайдаланылмайтын, өнімділігі мен тиімділігі төмен бөлігін басқа мақсатта пайдалануға немесе мүлдем есептен шығаруға да мән берілу қажет. Бұл жағдай кез-келген кәсіпорынның меншік иесі мен басқарушысы үшін де маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 10-кестеде берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2004 ж негiзгi құралдарды жаңарту мүмкiндiгi жоғары (0,36 пунктке өскен) болғанын байқауға болады. Бұл 2004 ж келiп түскен негiзгi құралдардың құны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болуынан, яғни, 2954 мың теңгеге артық болғандығымен байланысты болып отыр. Оған 2004 жылы түшпара өндіру линиясының іске қосылуына байланысты жаңа құрал-жабдықтар сатып алуы себеп болған.

Кәсiпорынның экономикалық тиімділігіне талдау жасағанда бiз оның мүлiктiк жағдайын ғана емес, сондай-ақ оның қаржылық жағына да назар аударуымыз керек. Яғни, қысқа және ұзақ мерзiмдi болашақ тұрғысынан кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттайық. Қысқа мерзімді болашақ тұрғысынан кәсіпорынның қаржылық жағдайы өтiмдiлiк және төлем қабiлеттiлiк көрсеткiштерiмен бағаланады. Ал, ұзақ мерзiмдi болашақ тұрғысынан кәсiпорын қызметiнiң тұрақтылығы оның қаржылық жағдайының маңызды сипаттамаларының бiрi. Бұл ең алдымен кәсiпорынның жалпы қаржы құрылымымен, оның инвесторлар мен кредиторларға тәуелдiлiк дәрежесiмен байланысты көрсеткiштердi қарастырады. Қазіргі кезде еліміздегі кәсіпорындардың әсіресе шағын және орта кәсіпорындардың көпшілігінде қаржы тапшылығы байқалады, сондай-ақ, көбінесе банктер мен қаржылық ұйымдар мұндай кәсіпорындарға несие беруге ынталы емес. Сондықтан кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, анықталған кемшіліктерді жою арқылы олардың қосымша қарыздық қаражаттар тарту мүмкіндігін ғана емес, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға болады. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін талдау кезінде өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштерін бағалаудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан ол көрсеткiштердi келесi кесте түрiнде көрсетуге болады. (10- кесте)

10-кесте. «Алмака» ЖШС–нің өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштерін бағалау




Көрсеткіштер

Жылдар

2003

2004

1.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

0,8

0,8

2.

Жедел өтімділік коэффициенті

0,3

0,1

3.

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,23

0,08

4.

Тәуелсіздік коэффициенті

0,07

0,05

5.

Тәуелділік коэффициенті

0,93

0,95

6.

Қаржыландыру коэффициенті

0,07

0,05

7.

Қарыздық және меншікті қаражаттардың қатынасы коэффициенті

13,8

19,6


Ескертпе – Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелді

Кестеде берілген көрсеткіштер мәндерінен байқағанымыздай, 2004 ж өткен жылмен салыстырғанда өтімділік көрсеткіштері бойынша, яғни, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерін орындап айналым қаржыларын басқару мүмкіншілігі кемігенін көріп отырмыз. Мұны кәсіпорынның өндірістік үрдісінің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді кредиттер тартуына байланысты ағымдағы міндеттемелері ағымдағы активтерінен артық болуымен байланысты қарастыруға болады. Демек, кәсіпорында әзірше міндеттемелерін өзінің айналым қорлары арқылы жабу мүмкіндігі төмен. Осыған байланысты «Алмака» ЖШС өндіретін өнімдердің ассортиментін ұлғайту, бәсеке қабілеттілігі мен сапасын жақсарту және өткізу нарығын кеңейтуге және басқа да мәселелер бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылуы тиіс.

Қаржы тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер мәндері бойынша қысқаша тоқталсақ, 2004 жылы кәсіпорынның қарыздық қаражаттарға тәуелділігі арта түскен, меншікті капиталы 18,3 мың тг (1,7 %) азайса, қарыздық капиталы 6111 мың тг (39,9 %), жалпы міндеттемелері 6092,2 мың тг (37,0 %) артқан. Тіпті меншікті капиталға қарағанда қарыздық капиталы 20 есеге жуық өскен. Мұны дайын өнімдер мен тауарлардың екі еседен астам шамада ұлғаюы, ақшалай қаражаттары 55,0 % азаюына байланысты қысқа мерзімді кредиттер көлемін 52 % дейін ұлғайтқандығымен түсіндіруге болады.

Сонымен, «Алмака» ЖШС–нің қала шеңберінде және жергілікті нарықта ғана қызмет етуі, өнім өткізу көлемін ұлғайтуға толық мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты ұқсас өнім өндіретін шағын цехтардың ашылуы, сұраныстың төмендеуі, өткізу көлемінің азаюы оның соңғы қызмет нәтижелеріне де ықпал еткен. Сондықтан өндірісті жаңарту, жаңа өнім түрлерін өндіру және өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында қысқа мерзімді несиелер тартуына байланысты қарыздық қаражаттарға тәуелділігі арта түскен. Кәсіпорынның бұл іс-әрекеті алдағы уақытта оның дағдарысқа ұшырауына жол бермеуге және бәсекелік ортада ұстанымын күшейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Бірақ экономикадағы нақты жағдайды ескере отырып, нарықты тереңінен зерттеп сауатты түрде жүзеге асырылған жағдайда ғана оң нәтижесін беретіндігі белгілі.

Кез-келген кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау кезінде оның іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне талдау жасау да айтарлықтай маңызды роль атқарады. Іскерлік белсенділікті талдау кезінде кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі айналымдылық көрсеткіштерін қарастыруға болады. Ол көрсеткіштердің ішінен экономикалық әлеуетті және тиімділікті көрсететін ең маңыздылары келесі кестеде берілген (11-кесте).

Кестеде берілген капиталдың жалпы айналымдылығы, негізгі, меншікті, айналым капиталдарының, дебиторлық және кредиторлық берешектердің айналымдылығы көрсеткіштерінің екі жылдағы мәндері бойынша талдау жасасақ, шағын кәсіпорын ретіндегі артықшылығы іскерлік белсенділікті талдау кезіндегі айналымдылық көрсеткіштерінің мәндері бойынша да көрініс тапқан. Яғни, ірі кәсіпорынға қарағанда шағын кәсіпорындардың айналымдылығы айтарлықтай жоғары болатындығы белгілі. Сондықтан да айналымдылық саны едәуір жоғары.

11-кесте. «Алмака» ЖШС–нің іскерлік белсенділігін талдау




Көрсеткіштер



Жылдар

2003

2004

1

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

5,0

3,94

2

Негізгі капиталдың айналымдылық коэффициенті

16,07

17,17

3

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

61,28

69,56

4.

Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті

7,37

5,11

5

Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті

46,12

57,62

6

Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті

10,26

15,66

Ескертпе – Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелді

2004 жылы активтерінің жалпы құны 6092,2 мың теңгеге (37,0 %), ағымдағы активтерінің 5337,7 мың теңгеге (43,0 %) өсуіне байланысты капиталдың жалпы айналымдылығы бір айналымға, айналым капиталының айналымдылығы 2 айналымға азайған. Басқаша айтқанда, жалпы капиталдың және айналым капиталының әрбір теңгесіне келетін сатудан түскен табыс сәйкесінше 1 теңге 6 тиынға және 2 теңге 26 тиынға кеміген. Бірақ, қалған барлық айналымдылық көрсеткіштері бойынша артқанын көріп отырмыз. Әсіресе, меншікті капиталдың айналымдылығы 8 айналымға, кредиторлық берешектің айналымдылығы 5 айналымға, ал, дебиторлық берешек соммасының 43,4 % азаюынан оның айналымдылығы 11 айналымға дейін ұлғайған.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – табыстылық көрсеткішері болып табылады. Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын аз шығын жұмсай отырып, жоғары табыс табуға, яғни, тиімділікке ұмтылады. Сондықтан біздің қарастырып отырған кәсіпорынның талдау жасап отырған кезеңдегі табыстылық деңгейі жөнінде айту үшін табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерінің негізгілерін келесі кесте түрінде көрсетуіміз қажет (12-кесте).

12-кесте. «Алмака» ЖШС-нің табыстылығын бағалау





Көрсеткіштер



Жылдар

2003

2004

1

Активтердің табыстылығы

0,01

0,007

2

Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы

0,04

0,03

3

Негізгі капиталдың табыстылығы

0,02

0,02

4.

Меншікті капиталдың табыстылығы

0,15

0,14

5

Сатудың табыстылығы

0,02

0,02

6

Өндіріс табыстылығы

0,01

0,01

Ескертпе – Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелді

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерінің мәндері таза табысқа тікелей байланысты болғандықтан табыс көлеміне тәуелді болады. Бірақ таза табыстың көлемі жылдан-жылға азайғанын байқап отырмыз, яғни, 2004 ж өткен жылмен салыстырғанда 11 теңгеге (7,0 %) дейін азайған. Ол кезең шығындарының өсуіне байланысты болған. Ал, табыстылық көрсеткіштерінің мәндері бойынша үлкен өзгерістер жоқ, тек, ағымдағы активтер құнының 5337,7 мың тенгеге (43,0 %) артуына байланысты әрбір теңгесіне келетін таза табыс 3 тиынға азайған. «Алмака» ЖШС бойынша үлкен ауытқушылықтың болмауы және қаржы тұрақтылығының сақталуы оның шағын кәсіпорын ретіндегі артықшылығымен байланысты. Бірақ, өзіндік кемшіліктері де байқалады. Сонымен қатар, кәсіпорынның айналым қаражаттарының аздығынан өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қарыздық қаражаттарға сүйенуге мәжбүр болып отыр. Дегенмен, алдағы уақытта өзінің өндіретін өнім сапасын жақсарта отырып, өткізу нарықтарын кеңейтуге және өнім ассортиментін және көлемін ұлғайтуға баса назар аударуы қажет.



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау