1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


.2. Алыс шет мемлекеттердің жаза тағайындау институтының



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет62/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

4
.2. Алыс шет мемлекеттердің жаза тағайындау институтының 
ерекшеліктері
 
Франция Қылмыстық кодексі
 
 
Бірден айта кету керек, Франция қылмыстық заңнамаларының Қазақстан 
қылмыстық  заңдарына  қарағанда  бірқатар  елеулі  ерекшеліктері, 
айырмашылықтары  бар.  Мәселен,  Қылмыстық  кодексті  кодификациялау 
төмен  дәрежеде.  Егер  Қазақстан  қылмыстық  заңдары  бұл  белгіге  толық 
дәрежеде  ие  болса,  Францияның  қылмыстық
-
құқықтық  нормалары  1992 
жылғы  Қылмыстық  кодекспен  қоса  1958  жылғы  қылмыстық  іс  жүргізу 
кодексінде,  1966  жылғы  әскери  әділет  кодексінде,  1953  жылғы  денсаулық 
сақтау  туралы  кодексте  және  басқа  да  заңдарда  айшықталған.  Кәмелетке 
толмағандардың  жауапкершілігі  туралы  нормалар  дербес  нормативтік  акт 

1945  жылғы  Ордонанста  бекітілген.  Басқа  бір  ерекшелік  қылмыстық  іс
-
әрекетті санаттаудың жүйесінде көрініс тапқан, Франция ҚК қылмыстық іс
-
әрекеттерді үш топқа бөліп қарастырады: қылмыстық құқық бұзушылықтар

жат  қылықтар  және  құқық  бұзушылықтар,  олардың  әрқайсысының  өзіндік 
түрлері, жүйелері және жаза шектері бар.
 
Сондай
-
ақ  француз  қылмыстық  заңнамалары  жазаға  қатысты 
көзқарастардың  екі  жүйесінің  текетіресі  жағдайында  құрастырылғанын  да 
ескеру  қажет.  Олардың  бірі  (қазіргі  заманғы  неоклассицизм  теориясы) 
жазаны жасалған қылмысқа қоғамдық ықпал етудің сыртқы нысаны ретінде 
қарастырады,  сондықтан  да  оны  тек  тиісті  шара,  қарғыс  және  қорқыту  деп 
біледі.  Мұнда  жаза  сот  тағайындаған  тұрғыда,  ұстау  режимін  қандай  да 
болмасын  жеңілдетусіз,  шартты
 
түрде  мерзімінен  бұрын  босатусыз 
орындалуы  тиіс,  болмаса  ол  өзінің  қорқыныш  тудыратын  және 
қайтарымсыздық  маңызын  жояды.  Басқа  теория  (жаңа  әлеуметтік  қорғау 
теориясы)  жазаның  әлеуметтік  емес  уәзіптерін  ұстанады  және  заң 
шығарушыны  құқық  бұзушыға  ықпал  етудің  оңтайлы  нысандары  саласын 
кеңейтуге  шақырады.  Қылмыскердің  қоғамға  оралу  процесін  жылдамдату 
мақсатында ол ұзақ
 
мерзімге бас бостандығынан айырумен байланысты емес 
жаза  институттарын  барынша  белсенді  қолдануды  ұсынады.  Екі  идея  да 
қазіргі таңдағы Франция Қылмыстық заңнамаларында айшықталған. Мұндай 
екі жақты ұстаным «классикалық, дәстүрлі
» 
деп аталатын, ұзақ мерзімге бас 
бостандығынан айыруға жазаланатын қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау, ұрлау, 
т.б.)  үшін  «тиісті  сазайын  беру
» 
жүйесін  қатаң  түрде  реттеуден  және 
неғұрлым қауіпсіз жат қылықтар мен құқық бұзушылықтар үшін соттардың 
жазаның  баламалы  түрлерін  (айып
-
күндер,  ақысыз  қоғамдық  жұмыстар) 
еркін  қолдануынан  көрініс  береді.  Бір  жағынан,  қылмыстық  құқық 
бұзушылық  іс
-
әрекеттердің  жиынтығы  және  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  қайталануы  кезінде  жаза  тағайындаудың  барынша  қатаң 
ережелері  енгізіледі, 
«
сенімділік  кезеңі
» 
ұғымы  қолданылады,  жаза  ретінде 
бас  бостандығынан  айырудың  ұзақ  мерзімдері  белгіленеді,  екінші  жағынан 
жазаны жеңілдету бойынша соттарға кең көлемді өкілеттіктер беріледі.
 
Жазаның маңызына, мақсатына және жүйесіне қатысты мұндай ұстаным 
тиісінше оларды тағайындаудың қағидалары мен әдістерін анықтайды.
 
Француз  қылмыстық  құқығы,  Қазақстан  қылмыстық  заңы  сияқты, 
белгісіз мерзімге және режимге жаза
 
тағайындауға тыйым салады. Үкімдегі 
бұлдырлыққа жол беруге болмайды, жаза қатаң түрде нақтылы болуы керек 


184 
және  ФР  ҚК  132
-
17  бабында  айтылғандай,  «ешқандай  жаза  егер  сот  оны 
жеткілікті  дәрежеде  анық  тағайындамаған  болса  орындалуға  тиіс  емес
». 
Жазаны жеке даралау қағидасы жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылады.
 
ФР  ҚК  132
-
24  бабының  ережесінен  көрініп  тұрғандай,  жаза  заңмен 
белгіленген  шекте  тағайындалады.  Бұл  сот  санкцияның  ең  жоғары  және  ең 
төменгі шегінен шыға алмайды дегенді білдіреді. Сонымен бірге, қылмыстық 
заңда  санкциялар  мейлінше  анықталғандығына  және  нақтылы  мөлшерді 
қарастыратындығына қарамастан, заң шығарушы соттарға құқық бұзушылық 
пен айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін есепке алу негізінде оларды өз 
бетінше дербес анықтауға кең көлемді мүмкіндіктер берген. Айталық, ФР ҚК 
132-
24 бабына сәйкес, 
«
жаза және оны орындау режимі қылмыстық іс
-
әрекет 
және  оны  орындаушының  жеке  басының  мән
-
жайларына  қатысты 
анықталады
». 
Айыппұл
 
тағайындау  кезінде  сот  тең  дәрежеде  айыпкердің 
кірістерін және мүліктік міндеттемелерін қосымша есепке алады (ҚК 13
3-24-
б
.). 
Қылмыскерге қылмыстық
-
құқықтық ықпал етудің баламалы құралдары 
болған жағдайда үкімде оларды таңдауды жан
-
жақты түсіндіру талап етіледі. 
Мысалы,  қоғамға жат  қылық  жасағаны  үшін  сот оның орындалуын  кейінге 
қалдырусыз  түрмеге  жабуды  тек  бұл  жазаны  таңдауын  тұжырымдап, 
дәлелдеп шығу арқылы ғана тағайындай алады (ҚК 13
3-19-
б
.). 
Жазаның  барынша  қатаң  шараларын  қатаңдығы  онша  емес  жазаға 
ауыстыруға  жол  беріледі.  Мысалы,  егер  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
іс
-
әрекет  өмір  бойы  қылмыстық  қамауға  алу  немесе  қылмыстық  қудалаумен 
жазаланатын болса, сот белгілі бір мерзімге қылмыстық қамауға алу немесе 
қылмыстық  қудалау,  не  екі  жылдан  кем  емес  түрмеге  жабу  тағайындауға 
құқылы. Егер қылмыстық әрекет белгілі бір мерзімге қылмыстық
 
қамауға алу 
немесе қылмыстық қудалаумен жазаланатын болса, сот не көзделгеннен гөрі 
ұзақтығы аз қылмыстық қамауға алу немесе қылмыстық қудалау, не кемінде 
бір  жыл  түрмеге  жабу  тағайындауға  құқылы  (ҚК  13
3-18-
б.).  Осыған  ұқсас, 
түрмеге жабуды тағайындаған немесе айыппұл салуды қолданған жағдайда, 
олар да тиісінше ұзақтығы аз түрмеге жабу немесе аз мөлшерлі айыппұлмен 
ауыстырылуы мүмкін (ҚК 133
-19, 133-
20 бб.).
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  жиынтығы  бойынша  жаза 
тағайындау  ережелерінің  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
 133- 
бабына сәйкес қудаланушы адам жиынтық бойынша бірнеше 
қылмыстық  іс
-
әрекетті  жасағаны  үшін  айыпты  болып  танылған  жағдайда, 
егер  іс
-
әрекеттер  бір  процестің  шеңберінде  қарастырылса,  көзделген 
жазалардың  қай
-
қайсысы  болмасын
 
тағайындалуы  мүмкін.  Дегенмен  бір 
текті, бір түрлі бірнеше жаза көзделген болса, заң жүзіндегі барынша қатаң 
жаза шеңберінде бұл
 
түрдің тек бір ғана жазасы тағайындалады.
 
Бос  бостандығын  айырумен  байланысты  жазалардың  барынша  қатаң 
түрі  қылмыстық  қамауға  алу  немесе  қылмыстық  қудалау  болып  табылады. 
Жедел қылмыстық қамауға алу немесе қылмыстық қудалаудың заң жүзіндегі 
ең жоғары шегі отыз жылды құрайды. Түрмеге жабу жазаның түзеу шарасы 
болып  табылады  және  жасалғаны  үшін  он  жылдан  төмен  мерзімге 
жазаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалады.
 
Тағайындалған  әрбір  жаза  жиынтықтағы  қылмыстық  әрекеттерге 
қатысты  олардың  әрқайсысының  заң  жүзіндегі  ең  жоғары  шегі  көлемінде 


185 
ортақ болып есептеледі. Көріп отырғанымыздай, бірінші жағдайда толықтай 
қосу  және  екінші  жағдайда 

жазаны  сіңіру  немесе  ішінара  қосу  жүзеге 
асырылады.  Жазаларды  қосу  негізіне  мынадай  қағида  қаланған 

санкциялардың  әр  тектілігі  жазаларды  қосу  сипатын  анықтайды  және 
жиынтық  іс
-
әрекет  үшін  жазаның  әр  басқа  түрлерінің  болуы  олардың 
арасындағы неғұрлым қатаң емесін сіңіруге жол бермейді.
 
Қудаланушы  адам  әр  қилы  процестер  шеңберінде  қарастырылатын 
бірнеше  қылмыстық  іс
-
әрекетті  жасағаны  үшін  айыпты  болып  танылған 
жағдайда.  тағайындалған жазалар барынша  қатаң жазаның  заң  жүзіндегі  ең 
жоғары  шегі  көлемінде  бірге  орындалады.  Алайда,  бір  түрлі  жазаны 
толықтай немесе ішінара қосу тек шешім шығаруға құқығы бар соңғы сотпен 
тағайындалуы, не Қылмыстық процестік
 
кодексінде көзделген тәртіппен (ҚК 
133-4-
б.) тағайындалуы мүмкін.
 
Жазаның  жедел  бас  бостандығынан  айырумен  байланысты  барлық 
түрлері өмір бойы жазамен негізделеді (ҚК 13
3-5-
б.). Бұл ретте қылмыстың 
қайталануы  жағдайы  ескеріледі.  Жиынтық  бойынша  тағайындалған  кез 
келген  жазаның  орындалуын  толықтай  да,  жартылай  да  кейінге  қалдыруды 
қолдануға мүмкіндік беріледі.
 
Франция  ҚК  бойынша  қылмыстардың  қайталануы  сотталғаннан  кейін 
жаңадан  қасақана  қылмыс  жасаумен  міндетті  түрде  байланысты  емес,  ол 
«
қайталанушылық ережесіне
 
ұқсас түрғыда», бұрын кез келген қылмысы жат 
қылығы немесе құқық бұзушылығы үшін сотты болған адамның қылмыстық 
әрекетті  қайтадан  жаңғыртуымен  сабақтастырылады  (ҚР  ҚК  133
-10-
б

қараңыз). Негізінде қылмыстық заңда қылмыстық  құқық бұзушылықтардың
 
қайталануының  әр  басқа  түрлері  қарастырылған,  соған  сәйкес  жауаптылық 
шараларын анықтау барысында да түрлі ұстанымдар орын алған.
 
Кәнігі  қылмыскерлерге  сот  жауаптылықты  күшейту  шараларын 
қолданады, бұл ретте ол мынадай жазалау шараларын белгілейді:
 
-
 
заң  жүзінде  ең  жоғары  шек  ретінде  жиырма  жыл  немесе  отыз  жыл 
көзделген қылмыстық құқық бұзушылығы
 
үшін өмір бойы жазалау;
 
-
 
заң  жүзінде  ең  жоғары  шек  ретінде  он  бес  жыл  көзделген  қылмыстық 
құқық  бұзушылығы
 
үшін  отыз  жыл  қылмыстық  қамауға  алу  немесе 
қылмыстық қудалау;
 
-
 
он  жылға  түрмеге  жабумен
 
жазаланатын  және  бүрнағы  соттылықтан 
кейінгі  он  жыл  ішінде  жасалған  қылмыстық  әрекет  үшін  түрмеге 
жабудың немесе айыппұлдың заң жүзіндегі ең жоғары шегін екі еселеу;
 
-
 
бір  жылдан  он  жылға  дейін  түрмеге  жабумен  жазаланатын  және 
бұрынғы  соттылықтан  кейінгі  бес  жыл  ішінде  жасалған  қылмыстық 
әрекет  үшін  түрмеге  жабудың  немесе  айыппұлдың  заң  жүзіндегі  ең 
жоғары шегін екі еселеу;
 
-
 
бір  жылдан  артық  емес  мерзімге  түрмеге  жабумен  жазаланатын  және 
бұрнағы  соттылықтан  кейінгі  бес  жыл  ішінде  жасалған  қылмыстық 
әрекет  үшін  түрмеге  жабудың  немесе  айыппұлдың  заң  жүзіндегі  ең 
жоғары шегін екі еселеу;
 
-
 
сотталғаннан  кейін  бір  жыл  ішінде  жасалған  нақ  сондай  қылмыстық 
құқық  бұзушылық
 
үшін,  5  кластық  құқық  бұзушылық  үшін  көзделген 
айыппұлды 20000 франкқа дейін өсіру.
 
Франция ҚК
-
нің
 
Қазақстан ҚК
-
де жоқ өзіндік айрықша ерекшелігі бар 
– 


186 
«
сенімділік  кезеңі
» 
ұғымын  қолданады,  ол  мерзім  ішінде  сотталушы  ұстау 
режимін  жеңілдету  бойынша  ешқандай  жеңілдіктерді  пайдалана  алмайды 
(жазаның  орындалуын  тоқтата  түру,  жазаны  бөліп  өтеу,  пенитенциарлық 
мекемеден  тыс  жерге  орналастыру,  шартты  түрде  соттау,  жартылай 
бостандық  режимі,  т.б.).  Мұның  ерекшелігі  сонда,  аталмыш  сенімділік 
кезеңін  сот  тікелей  жаза  тағайындау  кезінде  анықтайды.  Жалпы  ереже 
бойынша ол негізінде тағайындалған жаза мерзімінің жартысына тең келеді. 
Жекелеген жағдайларда сенімділік кезеңін төмендетуге немесе улғайтуға жол 
беріледі.
 
Қылмыстық  жауаптылық  пен  жазаны  жеке  даралау  әдістеріне  француз 
заңнамалары  сондай
-
ақ  жазаны  ауыстыруды,  жартылай  бостандық  режимін 
қолдануды,  жазаны  бөліп
-
бөліп  өтеуді,  жазаны  орындауды  кейінге 
қалдыруды және жаза тағайындауды кейінге қалдыруды жатқызады.
 
Жазаны ауыстыру институты маңызы онша емес қылмыстық әрекеттер, 
жат қылықтар және құқық бұзушылықтар үшін кодексте көзделген жазаның 
орнына  жазаның  неғұрлым  жеңіл  шараларын  қолданудың  заңдастырылған 
мүмкіндіктерін қарастырады.
 
Кейінге  қалдыру  институты  жазаның  орындалуы  белгілі  бір  мерзімге 
кейінге  ысырылған  кезде  жазаның  орындалуын  кейінге  қалдыру  және  жаза 
шарасын таңдау туралы мәселе барынша кеш мерзімге ауыстырылғанда жаза 
тағайындауды кейінге қалдыру түрінде жүзеге асырылады.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау