Барынша жауаптылық қағидасы.
Ол сотталушыға заңда көзделген
мерзімнен жоғары немесе басқа түрде, яки
мөлшерде жаза тағайындалуы
мүмкін емес дегенді білдіреді. Заңда белгіленгеннен неғұрлым жеңіл жаза
тағайындау тек ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабында көзделген ерекше
ережелер бойынша жүзеге асырылады. Жазадан толық,
ішінара немесе
шартты тұрде босату, жазаны өтеусіз шартты түрде соттау арнаулы
ережелердің негізінде анықталады.
Аталған қағида жалпылама болып табылады және сонымен қатар
қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауға орай
келеді. ҚР Қылмыстық кодексінің
58-
бабында қылмыстық құқық
бұзушылықтардың
жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас
бостандығынан айырудың ең жоғары мөлшері 25 жыл болып белгіленген,
яғни жекелеген қылмыстық құқық бұзушылық
үшін тағайындалатын жазадан
(20 жыл) әлдеқайда көп. ҚР Қылмыстық кодексінің
60-
бабында үкімдердің
жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ең жоғары мөлшері 30 жыл болып
белгіленген.
Жазаның басқа түрлері бойынша олардың ең шекті мөлшерлері
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің тиісті баптарында белгіленген. Бұл
дегеніңіз олардың жиынтық қорытынды нәтижелерін анықтаған кезде нақ
сол жаза
түрі үшін белгіленген ең жоғары мөлшерден аспауы керек дегенді
білдіреді.
13
Осыған орай қылмыстық жауаптылықтың шекті мөлшерлерін құрастыру
кезінде жаңсақтыққа жол беретін қылмыстық іс жүргізу заңына да тиісті
түзетулер енгізу қажет деп ойлаймыз.
Айталық, үкімді алып тастау немесе өзгерту негізі ретінде «ҚР
Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының санкциясында көзделгеннен
неғұрлым қатаң жаза тағайындауды»
қарастыратын Қазақстан Республикасы
Қылмыстық процестік кодексінің 4
57-6. 3-
бөлігі дұрыс түзілмеген, себебі
Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары бап санкцияларымен белгіленген
шектерден шығуға жол береді.
Егер аталған норманы нақпа
-
нақ қабылдар болсақ, онда қылмыстық
құқық бұзушылықтардың
және үкімдердің жиынтығы бойынша
тағайындалған бірқатар жазалардың орындалуы мүмкін болмай
қалады.
Осыған байланысты ҚР ҚПК
-
нің
457-
бабына оның 3
-
бөлігін мынадай
редакцияда түзей
отырып, өзгерістер енгізу қажет:
«
Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінде белгіленген жаза
тағайындау ережелерінде көзделгеннен неғурлым қатаң жаза тағайындау
».
Кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық құқық бұзушылықтардың
жиынтығы бойынша жазаның шекті мөлшері туралы мәселе де назар
аударуға тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінің
81-6. 7-
бөлігі олар үшін бас
бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімін белгілейді
-
10 жыл немесе
ауырлататын мән
-
жайлар кезінде кісі өлтіргені
немесе терроризм актісі
үшін
12 жыл. ҚР Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N1 «Соттардың
қылмыстық жаза тағайындау кезінде заңдылықты сақтауы туралы
»
Қаулысында соттардың кәмелеттік жаста қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған адамдарға тек ҚР Қылмыстық кодексінің
81-
бабында белгіленген
жаза түрлері, мерзімі және мөлшері қолданылуы мүмкін деген қағиданы
әркез назарда ұстауы қажеттігі атап көрсетілген. Осыдан келіп, ҚР
Қылмыстық Кодекстің
60-
бабының талаптары олар үшін жоғарыда аталған
мөлшерлермен шектеледі (жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі
ережесі). Бұл ережелер ерекше жағдайларда ҚР Қылмыстық кодексінің 90
-
бабы негізінде 18 бен 20 жас аралығында қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған адамдарға да қолданылады.
Барынша жауаптылық қағидасы қылмыстық құқық бұзушылық
жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеген кезде сот жиынтыққа енетін,
ол жөнінде
неғұрлым қатаң жаза көзделген әрекет үшін неғұрлым жеңіл жаза
тағайындай алмайды дегенді білдіреді. ҚР Қылмыстық кодексінің
55-
бабының ережесі (белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық
үшін көзделген
жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау) жиынтық жазаға жүрмейді.
Олар тек жекелеген қылмыстық құқық бұзушылық
үшін ғана қолданылады.
Аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар
(қылмыстық құқық
бұзушылыққа
дайындалу және оқталу) жиынтығы туралы істе ерекше
маңызды. Бұл жағдайда қылмыстық жауаптылықтың ең төменгі мөлшері ҚР
Қылмыстық кодексінің
56-
бабы бойынша анықталады да, аяқталған
қылмыстық құқық бұзушылық
үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң
түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысымен
(дайындалғаны үшін) немесе төрттен үш бөлігімен (оқталғаны үшін)
шектеледі.
|