1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет50/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

 
 
 


81 

тарау. ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖӘНЕ
 
ҚЫЛМЫСТҚЫҚ ҚҰҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖАҒДАЙЫНДА
  
ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
 
 
3
.1. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін көзделген жазадан 
неғұрлым жеңіл жаза тағайындау
 
 
Заңда  көзделгеннен  гөрі  неғұрлым  жеңіл  жаза  тағайындау  институты 
қылмыстық  құқық  ғылымында  әр  жылдары,  түрлі  дәрежеде  Я.М.
 
Брайнин, 
З.А.
 
Вышинский,  В.С.
 
Гаверова,  И.И.
 
Карпец,  Г.А.
 
Кригер,  Н.А.
 
Стручков, 
В.Я.
 
Таций,  М.Д.
 
Шаргородский,  В.В.
 
Питецкий,  А.М.
 
Плешаков  және 
басқаларының  еңбектерінде  сөз  болып  келді
  (74)
.  Соған  қарамастан  бұл
 
саладағы  құқық  қолдануға  байланысты  проблема  қашан  да,  қайда  да  өз 
маңызын жойған емес.
 
Жазаның негізгі қағидаларының бірі оның қауіпті қоғамдық әрекетке сай 
болуы  болып  табылады.  Жаза  мөлшерден  тыс  немесе  жеткіліксіз  болмауы 
тиіс, басқаша жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасаған тұлғаға ықпал 
етуде тиімді құрал болып шықпайды. Жазаның жеткіліктілігі дәрежесі оның 
таңданылған  тәсілі,  қолданылған  шарасымен  анықталады.  Соңғысын 
қазақстандық  заң  шығарушылар  Қылмыстық  кодекс  баптарының 
құрылымында  ескерген  және  оның  мөлшері  (жоғары  және  төмен) 
анықталған. Қылмыстық істің нақтылы мән
-
жайлары үдесінен шыға отырып, 
сот  жауаптылықтың  нақты  шарасын  анықтайды  және  жазаны  заңның 
қылмыстық
-
құқықтық  санкциясы  шеңберінде  тағайындайды.  Көріп 
отырғанымыздай,  Қазақстан  Республикасында  қылмыстық  жаза  шексіз
-
мөлшерсіз емес және бас бостандығынан айырудың мүмкін емес мерзімдерін 
(300-
400  жыл)  қолдануға  жол  беретін,  мәселен,  бірнеше  жазаны  қосу 
жолымен, бірқатар шетелдік мемлекеттерге қарағанда жазаның нақты, шекті 
мөлшері белгіленген.
 
Қылмыстық  жазаның  мөлшерін  белгілеудің  бірнеше  тәсілдері  бар. 
Айыптаудың  (шектеудің)  көлемін  анықтау  шарасы  заңда  әр  түрлі  үлгіде 
көрініс тапқан 

мерзімдер (бас бостандығынан айыру), мөлшерлер (айыппұл) 
түрінде,  сандық  тұрғыда  (қосымша  жазалар),
 
режим  (қатаң,  ерекше),  жаза 
түрлері.  Айыпты  адамға  ықпал  ету  құралдарын  таңдаудағы  мұндай  жан
-
жақтылық  кездейсоқтық  емес,  ол  сот  жұмысын  елеулі  түрде  жеңілдетеді 
және  оған  қылмыстық  және  адамның  жеке  басының  жекелеген 
ерекшеліктеріне сәйкес қылмыстық жауаптылықты барынша тиімді тұрғыда 
қарастыруға мүмкіндік береді.
 
ҚР ҚК Жалпы бөлімінің нормалары диспозициясында жазаны қолдануға 
мынадай түрлерде шектеу қойылған:
 
1.
 
негізгі және қосымша шаралардың түпкілікті тізімі;
 
2.
 
жазаның  ең  жоғары  және  ең  төменгі  мүмкін  мерзімдері  немесе 
мөлшерлері;
 
3.
 
3)түзеу мекемелерінің режимі түрлерінің түпкілікті тізімі.
 
Біз  бұл  жерде  көріп  тұрғанымыздай,  сотталған  кезде  айыпты  адамға 
ықпал етудің ешқандай басқа түрі қолданылмайды, сондай
-
ақ жазаны өтеудің 
режимі де біржақты реттеліп отырады. Қылмыстық жаза шегінің белгіленген 
бұл екі тәсілі қатаң болып табылады және өзгертуге, түзетуге жатпайды.
 


82 
Жазалар  мерзімі  мен  мөлшерінің  шегі  қылмыстық  кодекстің  тиісті 
баптарында жазалардың түрлері бойынша жеке
-
жеке анықталған (ҚР ҚК 4
1-
48, 81-
бб
.). 
Дегенмен  бұл  шектердің  абсолютті  сипаты  жоқ,  сондықтан 
жекелеген реттерде ол шектерден шығуға болады. Соңғысы:
 
-
 
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарының санкцияларында;
 
-
 
және ҚР ҚК Жалпы бөлімінің бірқатар баптарында (мысалға, ҚР ҚК 53, 
56, 58,60-66.) 
көзделген.
 
ҚР  ҚК  баптарының  санкциялары  қылмыстардың  нақтылы  құрамына 
қатысты  жаза  түріндегі  жауаптылықты  жеке  дара  алып  қарастырады,  ҚК 
Жалпы  бөлімінің  жекелеген  нормалары  бірқатар  қылмыстық
-
құқықтық 
институттардың  ерекшеліктеріне  сәйкес  жазалардың  шегіне
 
түзетулер 
енгізеді.  Мәселен,  қылмысты  ашуға  белсенді  жәрдемдесуші,  шын  жүректен 
өкінуші  немесе  жасаған  іс
-
әрекетіне  өкінбейтін
 
адамның  аяқталған  және 
аяқталмаған  қылмыстардың  құрамы  бойынша  жауаптылығын  айыра  білу 
керек.
 
Жазаның  мөлшерін  өзгертудің  ерекше  жағдайы нақтылы қылмыс  үшін 
заңда  көзделгеннен  неғұрлым  жеңіл  жаза  тағайындау  мүмкіндігі  болып 
табылады. ҚР ҚК 55
-
6. бойынша сот:
 
1)
 
ҚК  Ерекше  бөлімінің  тиісті  бабында  көзделген  ең  төменгі  шектен 
төмен жаза тағайындауға;
 
2)
 
ҚР  ҚК  тиісті  бабында  көзделгеннен  неғұрлым  жеңіл  жаза 
тағайындауға;
 
3)
 
міндетті  жаза  ретінде  көзделген  қосымша  жаза  түрін  қолданбауға 
құқылы.
 
Осы орайда ҚР Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы 
«
Сот үкімі 
туралы
» 
нормативтік  қаулысында: 
«
Сот  жасалған  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін  заңда  көзделген  жазадан  гөрі  жеңіл  жаза  тағайындаған 
жағдайда  немесе  баптың  санкциясында  міндетті  түрде  қолданылатын  жаза 
ретінде  көзделген  қосымша  жазаны  қолданбаған  жағдайда  үкімнің 
қорытынды  бөлігінде  жазаның  ҚР  Қылмыстық  кодекстің
  55-
бабының 
негізінде тағайындалғаны туралы көрсетіледі
», - 
деп нақтылы айтылған.
 
Көріп  отырғанымыздай,  тек  жоғарыда  аталған  үш  зардап  қана  жаза 
шегін  белгілеудің  жалпы  ережелерінен  осындай  ауытқу  нәтижесінде  пайда 
болуы  мүмкін.  Әрине,  қылмыстық  жауаптылықты  жеңілдетудің  мейлінше 
тиімді  тәсілі  де  бар 

қылмыстық  жауаптылықтан  толық  босату  немесе 
шартты  түрде  соттау.  Дегенмен  айыпты  адамның  әрекетіне  айрықша  назар 
аударудың  аталған  тәсілі  қылмыстық  заңмен  белгіленген  жаза  мөлшерін 
өзгеріске түсірмейді.
 
Қылмыстық  кодекстің  Жалпы  бөлімінің  нормаларында  белгіленген 
жазаның  жалпы  шектері  мен  ҚР  Қылмыстық  кодекстің
 
Ерекше  бөлімінің 
баптарының  санкцияларында  анықталған  мөлшерлерді  айыра  білу  керек.
 
Егер  соңғысының  өзгеріске  түсуі  мүмкін  болса,  біріншісін  сот  өзгерте 
алмайды.  Айталық,  мысалы,  сот  бас  бостандығынан  айыру  түрінде  алты 
айдан  кем  мерзімге  жаза  тағайындай  алмайды,  дегенмен  оны  қылмыстық
-
құқықтық  санкциялардың  көлемімен  салыстырмалы  түрде  жеңілдетуге 
құқылы.
 
ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен 
жаза тағайындау соттың нақтылы қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
қатысты 


83 
қолданылушы  санкцияда  көрсетілген  жаза  мерзімі  немесе  мөлшерінен  де 
неғұрлым  жеңіл  түрін  белгілеуін  білдіреді.  Сондықтан  да  қылмыстық 
жауаптылықты жүзеге асырудың бұл тәсілі өлшеудің басқа критерийлерімен 
көрініс табатын, мәселен, өмір бойы бас бостандығынан айыру, өлім жазасы, 
арнаулы,  әскери  немесе  құрметті  атағынан,  сыныптық  шенінен, 
дипломатиялық  дәрежесінен,  біліктілік  сыныбынан  және  мемлекеттік 
наградаларынан  айыру,  мүлкін  тәркілеу  түрінде  жаза  тағайындау  кезінде 
қолданылмайды.
 
Бұрыннан белгілі, қылмыстық кодекстегі көптеген санкциялар баламалы 
болып  келеді,  басқаша  айтқанда,  жазаның  бірнеше  түрін  таңдап,  қолдануға 
жол  береді.  Жазаның  ең  төменгі  шегінен  төмендеудің  екінші  тәсілі  сот 
жекелеген  жағдайларда  аталған  регламенттелген  тізіммен  шектелмеуі 
мүмкіндігімен негізделеді. Мұндайға жазаның барлық түрлеріне қатысты жол 
беріледі.
 
Қылмыстық
-
құқықтық  санкциямен  міндетті  жаза  ретінде  көзделген 
қосымша  жаза  түрін  қолданбауы  мүмкіндігімен  негізделетін  үшінші  тәсіл 
қылмыстық  жауаптылықты  құқық  бұзушыға  ықпал  етудің  факультативтік 
құралдары  көмегімен  күшейту  қажеттілігінен  бас  тартуға  жол  береді.  Сот 
негізгі жазамен шектеле отырып, жауаптылықты жеңілдетеді.
 
Айтылғандарға орай, жазаны жеңілдетудің
 
үш тәсілі бірдей жан
-
жақты 
қамтылған,  демек  мүмкін  болатын  барлық  өмірлік  жағдайларды  барынша 
ескеруге мүмкіндік береді, және сондықтан да қолдануға барынша тиімді.
 
Қылмыстық жазаны жеңілдету санкциялармен салыстырғанда гуманизм 
және  қылмыстық  қудалауды  үнемдеу  қағидаларына  жауап  береді,  істің 
барлық  мән
-
жайларын  есепке  ала  отырып  жауаптылықты  жеке  даралауға 
мүмкіндік  туғызады.  Осыған  байланысты  аталған  институтты  пайдалану 
мүмкіндігі  туралы  мәселені  шешуге  ықпал  ететін,  оны  қолдану  үшін  негіз 
болып табылатын мән
-
жайларды нақтылы анықтап алудың маңызы ерекше. 
Заң  мұндай негіз  ретінде 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау