1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет58/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Бұл
 
жағдайда 
бірінші  үкім  бойынша
 
өтелген  жаза  толықтай  түпкілікті  жазалау 
мерзіміне есептеледі
».
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
субъектісінің  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
құрамы құрылымын барынша өзгеріске түсіріп және оған ерекше 
сипат  беріп,  нәтижесінде  бір
-
біріне  жанасатын  құрамдарды  сәйкес
-
тендірмейтін қылмыстық
-
құқықтық ерекшеліктері де жиынтықтарды құрауға 
тікелей ықпал етеді. Яғни:
 
1.
 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың 
жиынтығы 
құрамдар 
құрылымында  едәуір  айырмашылық  болғанда  және  әрбір  қылмыстық 
құқық бұзушылық
 
үшін жауаптылықты жекелеу қажет болған жағдайда 
құралады;
 
2.
 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
жиынтығы егер қылмыстық құқық 
бұзушылықтар  олардың  кез  келгені  үшін  сотталғанға  дейін  жасалса 
құралады;
 
3.
 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  егер  оны  құраушы 
бірліктердің  әрқайсысының  қылмыстық
-
құқықтық  маңызы  сақталатын 
болса сақталады;
 
4.
 
жиынтықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін жеке соттау 
қылмыстық  жауапкершілік
 
шарасына және  олар үшін жаза  тағайындау 
ережесіне әсер етпейді.
 
Осыдан  келіп,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы 
бойынша жаза  тағайындаудың  ерекшеліктерін  анықтайтын  негізгі  ережелер 
(қағидалар) шығады.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  жиынтығы  бойынша  жаза 
тағайындаған  кезде  басты  назарда  мынадай  мәселе  болады  деп  ойлаймыз 

жиынтық ретінде анықталатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
көптігі 
қылмыстық  жауаптылықты,  соған  сәйкес,  жазаны  күшейтуді
 
талап  ете  ме? 
Бұл
 
ретте  іс
-
әрекеттің  және  оны  жасаған  адамның  криминогендік  сипатын 
барынша  төмендететін  көптік  факторы  пайда  бола  ма?  Бұл  сауалдарға  оң 
жауап берген жағдайда аталған факторларды есепке алатын механизм ойлап 


138 
табу  керек  болады.  Ал  теріс  жауап  берген  ретте  жиынтықты  құраушы 
жекелеген қылмыстық құқық  бұзушылықтарға қатысты бірқатар жайттарды 
анықтау қажет болады 

оларды және олар бойынша жауаптылықты бөлектеу 
қажет  пе,  әлде  негізгі  әрекетті  таңдап,  соған  орай  барлық  жиынтық  үшін 
ортақ болып келетін жазаны анықтаумен шектелсе бола ма.
 
Біздің  қазақстандық  қылмыстық  кодекс  жиынтықты  құрайтын 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін  түпкілікті  жазаны  анықтаудың  екі 
тәсілін  қарастырады:  жаза  жеңілірек  қатаң  жазаны  ауырырақ  қатаң  жазаға 
сіңіру  жолымен  немесе  жазаларды  толық
 
немесе  ішінара  қосу  жолымен 
белгіленеді.
 
Бірінші тәсіл бұрыннан бар дәстүрлі және тәжірибеде жиі қолданылып 
келген болатын. Ол жазаның неғұрлым жеңілірек болып табылатын бір түрі 
немесе көлемі жазаның басқа, неғұрлым қатаң түрімен ысырылып, басқаша 
айтқанда  соған 
«
жұтылып
» 
кететіндігінен  көрініс  табады.  Сонымен  қатар, 
неғұрлым қатаң жазаға сіңіріліп, сөйтіп өзіндік дербес маңызынан айырыла 
отырып,  неғұрлым  жеңіл  жаза  мүлдем  жоғалып  кетпейді,  өзінің  құқықтық 
ерекшеліктерін айырылмайды, ал сіңіру тәсілі әрбір жеке қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
үшін жауапкершілікті шектеуден бас тартуды білдірмейді. Бірен
-
саран  жазалар  мемлекеттің  әлеуметтік  қауіпті  қылмыстық  жекелей  алғанда 
әрқайсысына  қатысын  айшықтай  отырып,  жасалған  іс
-
әрекетке  қатысты 
қатаң анықталған болып қалып келеді.
 
Мәселен,  жиынтықтың  бөлінуі  жағдайында,  жиынтыққа  енетін  және 
соның салдарынан үлкен жауаптылық тудырған әрекеттердің бірі қылмыстық 
болып  табылмайтын  болып  қалса  (қылмыс
 
сыздандырылады,  айыпталушы 
қадағалау  тәртібімен  ақталады,  т.б.),  басқа  қылмыстық  құқық  бұзушылық 
үшін  тағайындалған,  бұрынырақта  сіңірілген  жаза  қолданылады.  Қашанда 
мынадай қағиданы ұстану керек 

әрбір қылмыстық
 
құқық бұзушылық
 
әрекет 
үкім  шығарылған  сәтке  өзінің  құқықтық  бағасын  алуға  тиіс  және  оған 
қатысты қылмыстық жауаптылық арнайы атап көрсетілуге тиіс.
 
Жиынтық  бойынша  түпкілікті  жаза  тағайындау  тәсілі  ретіндегі  сіңіру 
орташа ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға, яғни заң бойынша 
қасақана әрекет үшін екі жылдан артық емес және абайсызда жасалғаны үшін 
бес  жылдан  артық  емес  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  көзделген 
қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады. Егер жиынтыққа 
басқа дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
кіретін болса, жазаларды 
сіңіру қолданылмайды.
 
Қазіргі  уақытта  жазаларды  қосу  тәсілі  барынша
 
кең  тараған  болып 
табылады.  Ол  жиынтықтарды  құраушы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін  тағайындалған  екі  немесе  одан  да  көп  жазаларды  толық  немесе 
жартылай  қосудан  көрініс  табады.  Бұл  тәсіл  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
кез  келген  дәрежесін,  онша  ауыр  емес  және  аса  ауыр 
дәрежедегі  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
жинақтау  барысында 
қолданылады. Бұл ретте заң шығарушы әр түрлі формалар бойынша қосуды 
жасанды түрде шектеп отыр.
 
Онша  ауыр  емес  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
құрайтын 
жиынтықтың қарапайым түрінде қосу сіңірумен тең дәрежеде қолданылады. 
Бұл ретте түпкілікті жаза аса ауыр қылмыс үшін көзделген жаза мерзімі және 
көлемдерімен шектеледі.
 


139 
Орташа  ауырлықтағы  әрекеттерді,  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтарды
 
қамтитын  жиынтықтың  ауыр  түрі  кезінде  бас 
бостандығынан  айыру  түріндегі  түпкілікті  жаза  мерзімі  20  жылдан  аспауы 
керек.
 
Егер  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
арнайы  жиынтығында  20 
жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  немесе  өлім  жазасы,  не 
өмір  бойы  бас  бостандығынан  айыру  көзделген  болса,  бас  бостандығынан 
айыру түріндегі түпкілікті жаза 25 жылдан аспауы керек.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
аталған  кез  келген  дәрежесі 
бойынша  жазаларды  қосудың  екі  түрі  бірдей 

ішінара  және  толық  қосу 
қолданылады.
 
Толық қосу деп қылмыстық жауаптылықтың жалпы көлемін сақтаумен 
сипатталатын  бірнеше  дербес  жазаларды  толықтай  біріктіруді  айтады.  Ол 
қарапайым  арифметикалық  әрекетпен  түсінідіріледі 

қосылған  жазалардың 
әрқайсысы  дербес  сапалық  белгісін  және  сандық  көрсеткіштерін  сақтайды. 
Оның  қорытынды  нәтижесі  түпкілікті  жазаның  көлемін  оны  құраушы 
элементтердің өсуіне сәйкес өсірумен айшық
 
талады. Жиынтық жазалардың 
көлемін  тепетең  дәрежеде  әсіру  дегеніміз  әрбір  жеке  қылмыс  үшін  жаза 
неғұрлым  қатаң  болса,  қоғамдық  қауіпті  әрекеттердің  барлық  жиынтығы 
үшін  жауапкершілігі  солғұрлым  жоғары  болатындығын  білдіреді. 
Тағайындалған  жазаларды  қосу  кезінде  олардың  орындалу  тәртібінің  еш 
маңызы  жоқ,  өйткені  жазаларды  өтеу  барысында  оның  түпкілікті  нәтижесі 
есепке алынады.
 
Ішінара  қосу  бірнеше  дербес  жазаларды  шартты  түрде  біріктіру  деген 
сөз.  Бұл
 
ретте  жалпы  нәтиже  олардың  жиынтығы  элементтерінің 
(компоненттерінің) толық емес қосындысы есебінен құралады.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
және  үкімдердің  жиынтығы 
бойынша жаза тағайындау проблемасын дұрыс шешу үшін 
«
сіңіру
», «
ішінара 
қосу
»,  «
толықтай  қосу
» 
ұғымдарының  заңдық  сипаты  туралы  нақтылы 
түсінік  болуы  шарт.  Олардың  белгілі  бір  ұқсастығы  бар,  бірақ  дербес 
ұғымдар болып табылады.
 
Бұл
 
ретте  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  жиынтығы  бойынша 
түпкілікті  жаза  тағайындау  екі  емес,  үш  тәсілімен 

жазаны  сіңіру,  ішінара 
қосу және толық қосу арқылы және дәл осы берілген тәртіппен қолданылады.
 
Сіңіру 
– 
неғұрлым  жеңіл  жаза  үшін  тағайындалған  жазаның  неғурлым 
ауыр  жазаға  толықтай  бағынуы.  Ол  қылмыстық  жауаптылықты  күшейту 
қажет  болмайтын және неғұрлым  маңызды  қылмыстық  құқық бұзушылығы
 
үшін  бір  жаза  сот  төрелігі  міндеттерін  (сотталушыны  түзеу,  жаңа 
қылмыстардың  алдын  алу,  т.б.)  шешу  үшін  жеткілікті
 
болатын  жағдайда 
қолданылады.
 
Сіңіру сотталушының қылмыстық жауапкершілігін арттыру үшін қажет. 
Ол  жекелеген  жазаларды  түрлі  қылмыстық  құқық  бұзушылықтары
 
үшін 
толық  немесе  ішінара  қосу  жолымен  жүргізіледі.  Бұл  ретте  әр  жазаның 
сапалық және сандық сипаттары сақталады.
 
Жазаларды  толық  қосу  жиынтықты  құраушы  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарды
 
қоғамдық  қауіптілік  сипаты  мен  дәрежесі,  айыпкердің 
жасалған іс
-
әрекеттерге қатысы бойынша шамамен тең болатын жағдайларда 
қолданылады.  Олардың  ешқайсысы  ерекшеленбейді  және  екіншісін 


140 
ығыстырмайды,  басқаша  айтқанда  ауырлық  дәрежесі  басым  сипаттағы 
қылмыс  жоқ,  сол  ретте  қылмыстық  жауаптылықты  арттыру  талап  етіледі. 
Жазаларды  ішінара  қосу  жиынтыққа  кіретін  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  бірінің  неғұрлым  қауіпсіз  сипатқа  ие  болса, 
«
екі
»  («
үш
» 
жаза  және  т.б.)  жаза  қолданудың  қажеттілігі  болмаған  жағдайларда 
пайдаланылады.
 
Тағайындалған  жазаларды  ішінара  қосқан  жағдайда  төмендегі  мәселелер 
шешіледі:  жиынтыққа  кіретін  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
бірі 
неғұрлым  қауіпті  ретінде  ерекшеленеді,  ал  оған  тағайындалған  жаза  негізгі, 
анықтаушы  болып  алынады.  Басқа  барлық  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
бойынша,  бірен
-
саран  ретінде,  олардың  ауырлық  дәрежесін  және  айыпкердің 
жеке  басын  есепке  ала  отырып,  тиісті
 
жазалар  тағайындалады.  Олар 
сотталушының  қылмыстық  жауаптылығын  арттырушы  факультативтік 
реттеуші рөлінде ғана болады. Сот негізгі жазаға сүйене отырып және көптеген 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
жасауға  байланысты  жауаптылықты 
арттыруға ықпал ететін факторларды анықтай отырып, жауаптылықты арттыру 
дәрежесін белгілейді. Одан әрі сот қосарлас жазадан қылмыстық жауаптылық 
дәрежесін  арттыруға  сәйкес  келетін  бөлігін  ерекшелеп,  оны  негізгі  жазамен 
біріктіреді.  Жазаның  қалған  бөлігі  өзіндік  маңызын  жояды  және  біріктірілген 
жазаға сіңіріледі.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  және  үкімдердің  жиынтығы 
бойынша  түпкілікті  жаза  тағайындауды  анықтау  тәсілдерін  мұндай  түсіндіру 
жағдайында  жазаларды  ішінара  қосу  проблемасы  өзі
-
өзінен  түрлі  пікір 
қайшылықтарын  тудырады.  Ішінара  қосу  бір  есептен  толық  қосу  және 
тағайындалған жазаларды сіңіруді керсетеді.
 
Бірқатар авторлар, оның ішінде Д.М.
 
Молчанов, соңғы уақытта қылмыстық 
кодекстен  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  жаза 
тағайындаудың мұндай тәсілін (сіңіру) алып тастау жөнінде ашық пікір білдіріп 
жүр: 
«
онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтармен адамдар күнделікті 
өмірде  жиі  қақтығысады.
 
Судьялардың  онша  ауыр  емес  бірнеше  қылмыстық 
құқық бұзушылықтарды
 
жасау жағдайын бағалауда санкция шеңберінде шектеу 
сіңіру қағидасының үстемдік етуіне  әкеп соғады
»  (103)
. Осыдан  келіп ғалым, 
біздің ойымызша, күмәнділеу тұжырым жасайды: 
«
онша ауыр емес қылмыстық 
құқық  бұзушылықтарға
 
қатысты  сіңіру  қағидасының  үстемдік  етуі  жазасыз 
қалу  сияқты  түсінік  қалыптастырады
»
.  Одан  әрі: 
«
қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың шегін тек баптың 
неғұрлым  ауыр  жаза  көздейтін  ең  жоғары  шегімен  шектеп  қана  қоймай, 
керісінше үш жыл бас бостандығынан айыруды белгілеуді
» 
ұсынады. Біздіңше, 
мұндай  бір  жақты,  тар  мағынадағы  тұжырым  жиынтыққа  енетін  бір  қылмыс 
қоғамдық  қауіптілігі  жөнінен  екіншісінен  барынша  басым  болып,  соған  сай 
соттың қылмыстық жауаптылықты қосымша күшейтудің қажеттілігі жоқ мән
-
жайлардың болуы мүмкіндігін танудан бас тартуды білдіреді. Жазаларды бір
-
біріне  сіңіру  тәсілін  қолдану  соттың  жұмысын  жеңілдету  үшін  емес, 
қылмыстық процесті мейілінше адами қарым
-
қатынастарға жақындастыру және 
қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу үшін қажет.
 
Өкінішке  орай,  Д.М.
 
Молчановтың  көзқарасын  қуаттайтын  ғалымдар  да
 
бар.
 


141 
Мәселен,  З.А.
 
Николаева  да  жазаларды  бір
-
біріне  сіңіруден  бас  тарту 
керек  деп  есептейді,  өйткені  бұл  қағида,  оның  ойынша,  жауаптылықтың 
болмай қоймайтындығы қағидасына қайшы келеді
 (104). 
А.В.
 
Ушаков  жазаларды  сіңіру  ережесі  жауаптылықтың  болмай 
қоймайтындығы  және  жазаны  бөлектеу  қағидаларын  әлсіретеді,  өйткені 
мұнда  жаза  тек  қылмыстардың  біреуі  үшін  ғана  тағайындалады  деп 
тужырымдайды
 (105). 
В.П.
 
Малков  жазаларды  сіңіру  қағидасын  кеңінен  қолдану  сотталушы 
мен  сот  процесіне  қатысып  отырғандарға  жиынтыққа  енетін  жекелеген 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін  жазасыздық  сипатындағы  пікір 
қалыптастыратынын  алға  тартады.  Оның  пікірінше,  жазаның  болмай 
қоймайтындығы мәселесін шешуге толық немесе ішінара сіңіру қағидалары 
барынша  жауап  береді.  Неғұрлым  жеңіл  жазаны  солғұрлым  ауыр  жазаға 
сіңіру  кезінде,  сіңірілген  жаза  тағайындалған  басқа  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар
 
тіпті де жазалаусыз қалады
 (106). 
Бұл мәселеге қатысты А.С.
 
Горелик пен В.И.
 
Малыхиннің позициясы екі 
ұшты болып келеді. Олар бұл қағиданы қолдануға болады, бірақ оны жалпы 
ереженің бір ерекшелігі ретінде қарастыру керек, өйткені одан бүтіндей бас 
тартуға болмайды деп есептейді
 (107). 
С.Г.
 
Келина мен В.Н.
 
Кудрявцев сіңіру қағидасынан бүтіндей бас тартып, 
тек жазаларды қосу қағидасын пайдалауды ұсынады
 (108). 
Біз  мұндай  позиция  дұрыс  емес  деп  білеміз.  Өйткені,  бұл  мәміле 
жиынтықта қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі әрқилы әрекеттер бас 
біріктіріп,  олардың  бірі  басқаларына  қарағанда  басым  сипатқа  ие  болатын 
жағдайды  есепке  алмайды.  Бұл  ретте  маңыздылығы  болмашы  қылмыстық
 
құқық бұзушылықтың
 
рөлі жоққа тән, қылмыстық жауаптылықты күшейтуді 
қажет етпейді. Жазаларды сіңіру қылмыстық
 
құқық бұзушылықты
 
қудалауды 
үнемдеу  қағидаларын  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Бұл  орайда  сотта  іс
-
әрекеттердің  көптігі  фактісі  болуына  байланысты  жауаптылық  көлемін 
арттыру қажеттігі туындамайды. Айталық, қылмыстық құқық бұзушылықтар
 
санының өсуі жазалардың 
«
санын
» 
өсіруді әрдайым қажет ете бермейді.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  жаза 
тағайындау  теориясында  толғақты,  күрделі  мәселелердің  бірі  жиынтық 
жазаны  анықтауда  кез  келген  тәсілді  таңдау  негізінде  жатқан  түйін  болып 
табылады.
 
Бұл ретте қылмыстық құқық ғылымында бірнеше көзқарас қалыптасқан. 
Мәселен, В.
 
Попрас сіңіру тәсілін:
 
1.
 
қылмыстық  мінез
-
құлықтың  бір  фактісі  ғана  нақтылы  мақсатты 
жиынтық жағдайында;
 
2.
 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
бірі  басқаларына  қарағанда 
барынша қауіпті, соған сай ол үшін барынша қатаң жаза тағайындалған 
жағдайда;
 
3.
 
қылмыстық  құқық бұзушылықтың  бірі қасақана, ал екіншісі абайсызда 
жасалған жағдайда;
 
4.
 
жазалар жиынтығы мен қайталанушылықты ұштастыру кезінде қолдану 
керек деп есептейді.
 
Сіңіру,  оның  пікірі  бойынша,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар  өзара 
қауіптілік дәрежесі бойынша айтарлықтай айырмашылығы болмаса, және де 


142 
егер  олардың  барлығы  ауыр  болса,  не  керісінше  қауіптілік  деңгейі  төмен 
болса  ғана  қажет.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
өзара  ортақ  желімен 
байланысты  болса,  онда  қылмыстық  мінез
-
құлық  ортақ  мақсатты  құрайды 
және  айыпкердің  теріс  мінез
-
құлықтарының  тұрақтылығын  білдіреді. 
Жазаларды  бір
-
біріне  сіңіру  немесе  қосу  тәсілін  таңдау  барысында  басты 
мәселе деп В.
 
Попрас қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипатының ара 
қатынасы емес, олардың ауырлық дәрежесінің ара қатынасын атайды
 (109). 
Ю.
 
Солопанов  пен  В.
 
Шмелев  критерий  ретінде  жасалған  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтардың
 
қоғамдық  қауіптілік  сипаты  мен  дәрежесін, 
олардың әрқайсысының себебі мен мақсатын, кінә формасын, жауаптылықты 
жеңілдететін  және  ауырлататын  мән
-
жайларды,  сондай
-
ақ
 
айыпкердің  жеке 
басы туралы мәліметтерді алуды ұсынады
 (110). 
Ашығын айтқанда, бұл дегеніңіз барып тұрған 
«
былық
» 
болып шығады. 
Одан  әрі  олар  былай  деп  жазады: 
«
Көптеген  критерийлер  жекелеген 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар 
 
үшін  жазалар  тағайындаудың  бірінші 
кезеңінде  жүзеге  асырылады.  Екінші  кезеңде  түпкілікті  жазаны  анықтау 
барысында бұрынырақта пайдаланылғандар екінші қайтара қолданылмайды". 
Тағы бір критерий ретінде олар сондай
-
ақ жиынтық түрін (нақтылы немесе 
мақсатты)  алуды  да  ұсынады.  Мұндай  критерий,
 
олардың  ойынша,  егер 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  түрлері  қоғамдық 
қауіптілігі  дәрежесі  бойынша  өзара  айырмашылықта  болған  жағдайда  ғана 
өзін
-
өзі  ақтайды.  Нақтылы  жиынтық  мақсатты  жиынтыққа  қарағанда 
барынша  қауіпті,  сондықтан  да  бұл  орайда  жазаларды  қосу  қағидасын 
қолданған
 
тиімді,  ал  мақсатты  жиынтық  жағдайында,  керісінше,  сіңіру 
қағидасын қолданған дұрыс.
 
Біздіңше,  аталған  мән
-
жайлардың  көпшілігі  шындығына  келгенде 
критерий  болып  табылмайды.  Жаза  тағайындаудың  бірден  бір  дұрыс 
критериі  ретінде,  оның  ішінде  жазалау  тәсілін  таңдау  ретінде  қылмыстық 
құқық  бұзушының
 
және  айыпталушының  жеке  басының  қоғамдық 
қауіптілігін тануға болады. Мұндай қауіптілік жоғары болған сайын жазаның 
түрі,  шарасы,  сондай
-
ақ  оны  тағайындау  тәсілі  де  қатал  бола  түсуі  шарт. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
жиынтығына қатысты біз қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың
 
көптігі факторының қоғамдық қауіптілігін алдыға 
тартамыз.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша 
тағайындалатын түпкілікті жаза оның қосындысына тікелей қатысты болуға 
тиіс. Ол не жай (қылмыстық
 
құқық бұзушылықтың бір құрамы шеңберімен 
шектелген), не күшейтілген (ішінара немесе толық қосу есебінен) болады.
 
Қылмыстық құқықта сөз болып отырған мәселеге байланысты басқа да 
көзқарастар бар
 (111). 
Дегенмен  мұндай  көзқарастардың  әралуандығы  ғылымға  оң  әсерін 
тигізбейді,  олардың  барлығы  заң  талаптарына  жауап  бере  бермейді  және 
тәжірибеде сирек қолданылады.
 
Сөйтіп,  жиынтық жаза  тағайындау  тәсілін  таңдау  критериі  қылмыстық 
жауаптылықты күшейту қажеттігін немесе оның жоқтығын көрсетіп тұратын 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  мен  жеке  тұлғаның 
қоғамдық  қауіптілігінің  сипаты  мен  дәрежесі  болып  табылады  дегенге 
тоқтаймыз.  Жаза  тағайындау  тәсілін  таңдауды  негіздейтін  факторлардың 
барлығы  жиынтық  күйде  бағаланады  және  қолданылады,  сондықтан  да 


143 
олардың  біреуін  дербес  критерий  ретінде  (себеп,  мақсат,  масатқа  жету 
құралы,  жеке  бастың  мәліметтері,  жеңілдететін  және  ауырлататын  мән
-
жайлар,  т.б.)  бағалау,  жоғарыда  аталған  авторлар  жазатындай,  дұрыс 
болмаған  болар  еді.  Мәселен,  нақтылы  жиынтық  мақсатты  жиынтыққа 
қарағанда  қашанда  қауіпті,  сондықтан  да  ондай  жағдайда  жазаларды  қосу 
тәсілін  қолдану,  ал  мақсатты  жиынтық  кезінде,  керісінше,  сіңіруді  қолдану 
тиімді деген тұжырым соншалықты сенімді
 
емес. Кейде мақсатты жиынтық 
нақтылы  жиынтыққа  қарағанда  барынша  қауіпті  болатын  жәйттер  де  жиі 
кездеседі.  Мысалы,  мақсатты  жиынтық 

от  шығаратын  қарудан  атып  бір 
оқпен  кісі  өлтіру  және  басқа  бір  адамның  өміріне  қауіп  төндіру.  Және 
нақтылы  жиынтық 

екі  түрлі  әрекеттің  жиынтығы 

олардың  бірі  ұрлық 
құрамы белгілерін құрайды, ал екіншісі автомобиль көлігін айдап кету. Сөз 
жоқ, бірінші қылмыс
 
екіншісіне қарағанда әлдеқайда қауіпті. Сондай
-
ақ кінә 
формасы  түпкілікті  жиынтық  жаза  тағайындау  тәсілін  таңдауда  әрдайым 
көмектесе  бермейді.  Кейде  абайсызда  жасалған  қылмыс  қасақана  жасалған 
қылмыстан қауіптірөк немесе соған деңгейлес болып келеді. Бір қылмыстық 
екіншісінен барынша басымдығы жазаларды бірден бір
-
біріне сіңіруге алып 
келе  бермейді  (кісі  өлтіру  мен  ұрлықты  салыстырыңыз).  Дәрежелеуші 
белгілердің бір құрамда болуы олардың оның алдындағы қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың
 
(қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  қайталануы) 
болмауы  кезінде  өзінен
-
өзі  жазаларды  сіңіру  мүмкіндігін  жоққа 
шығармайды.
 
Осы  орайда  бірқатар  теоретиктердің  жиынтық  жаза  тағайындаудың 
тәсілін  таңдаудың  тиімділігі  немесе  қолдануға  техникалық  мүмкіндіктердің 
болмауымен  негіздеуі  соншалықты  сәтті  тұжырым  емес  сияқты.  Мәселен, 
жазаның мүмкін болатын шектеріне жету. Кез келген жаза оны тағайындау 
критерийлері  есебінен  таңдалуы  тиіс,  объективті  қажеттіліктен  орын  алуы 
керек  және  кездейсоқ,  субъективтік  сәттерге  тәуелді  болмауы  тиіс.  Егер 
қандай да бір ереже заңда ұғынуға және пайдалауға қиындық тудырса, құқық 
қолданушы қашанда баламалы шешімдер таңдай алады. Қылмыстық құқықта 
балама  болмаса  да,  сотта  заң  шығарушы  барынша  тиімді  елеп
-
ескерген 
механизм 
– 
қылмыстық  кодекс.  Ол  аяқ  асты  пайда  болатын  түрлі 
жағдайларда  басқа,  тиімді  жол  іздеуге  мүмкіндік  береді.  Мәселен,  сотта 
жиынтық жаза тағайындау тәсілін таңдауда жаза шегін шектеуге байланысты 
қиындық туса, ол одан проблема жасамайды және нақтылы жағдайда есепке 
ала  отырып  кез  келген  тәсілді  қолданады.  Айталық,  егер  жиынтықта  екі 
абайсызда  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық  бас  біріктіріп,  оның 
әрқайсысы  үшін  он  жыл  бас  бостандығынан  айыру  тағайындалуы  мүмкін 
болса,  сот  қанша  дегенмен,  орташа  ауырлықтағы  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы жазаларды сіңіруге жол бермейтіндігін есепке 
ала отырып, мерзімі бірдей жаза тағайындай алмайды. Абайсызда жасалған 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар  үшін  тиесілі  шектен  (он  жылдан  астам) 
шыға  отырып  мерзімдерді  қосу  мүмкіндігі  туралы  мәселе  әлі  күнге  даулы 
болып келеді.
 
Сондықтан сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
біріне басым сипат 
беріп,  жазаларды  ішінара  қосу  тәсілін  қолдана  отырып,  түрлі  жаза 
тағайындау  үшін негіз  табады,  сөйтіп ақыр  аяғында біздің  мысалымыздағы 
ең  жоғары  шек 

он  жыл  бас  бостандығынан  айыруды  таңдайды.  Сот  бұл 


144 
ретте  заңды  бұзбайды  және  тиімділік  қағидасын  басшылыққа  алады, 
дегенмен белгілі бір шамада нормативтік шектеулермен байланысты болады, 
ол  өз  кезегінде  екі
 
ұштылық  жағдай  қалыптастырады.  Осы  орайда  заң 
шығарушы  мұндай  кемшіліктерді  жою  үшін  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  жиынтығының  кез  келген  құрамында,  ауырлық 
дәрежесіне  қарамастан,  сіңіру  тәсілін  қолдануға  рұқсат  беретін  ережені 
енгізуі қажет
-
ақ.
 
Жазаны қосуды жиынтыққа енетін қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
бірін ерекшелеп, оның ерекше орны мен рөлін, барынша ауыр сипатын және 
қауіптілігінің  аса  жоғары  дәрежесін  ашып  көрсету  қажет  болған  жағдайда 
қолдану  керек.  Жазаларды  қосуды  осыған  байланысты  қылмыстық 
жауаптылықты күшейтуге байланысты қолдану керек. Таңдау критериі мұнда 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
көптігі (жиынтығы) болып табылады.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  жаза 
тағайындау  сот  тәжірибесінде  жеткілікті  деңгейде  сыннан  өткен  болып 
табылады.  Сонымен  қатар  жиынтық  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
дәрежелеуге,  жиынтық  жазаларды  тағайындауға  байланысты  жекелеген 
проблемалар пайда болады.
 
Соттар әлі күнге қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі формасын 
шектеуде, жиынтық жазаларды тағайындау тәсілін таңдауда, өтелген
 
жазаны 
есепке алуда, қосымша жазаларды қосуда және т.б. қателіктер жіберіп келеді.
 
Осыған  орай  бірқатар  тәжірибелік  ұсыныстар  келтіре  кеткенді  жөн 
көреміз.
 
Жиынтықты  құрайтын  қылмыстар
 
бір
-
бірінен  бөлектеп
 
қарастырылуға 
тиіс  емес,  өйткені  оларды  бір  адам  жасайды,  белгілі  бір  себептермен 
негізделген, олар өзара берік
 
байланысты және бөлінбейді.
   
Әрбір қылмыстық құқық бұзушылықа
 
жеке жаза тағайындай отырып сот 
айыпты адамның іс
-
әрекет ретін, оның құқыққа қарсы сана
-
сезімінің өзгерісі 
қозғалысы  үдесінен  шығуы  тиіс.  Мәселен,  бірінші  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін  жауаптылық  шарасын  анықтау  кезінде  сот  жиынтықты 
сипаттайтын  мән
-
жайларды  есепке  алуға  тиіс  емес,  себебі  адам  сол  сәтке 
жаңа  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасап  үлгерген  жоқ  және  жиынтық 
факторына тартылуға тиіс емес. Екінші қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін 
жаза  тағайындау  кезінде  сот  алдымен  оны  бөлектеп  алуға  тиіс,  басқаша 
айтқанда  оған  қатысты  заңда  белгіленген  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
көптігі белгілерінен басқа қылмыс
 
құрамында көрсетілген 
ережелерді  қолдануы  керек.  Сөйтіп,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау  кезінде  сот  алдымен  жиынтықты  екі 
жақтан  қарастыруға  тиіс:  біріншіден,  дербес  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтан
 
тұратын,  жеке  зерттеуге  және  жазалауға  жататын  ретінде

екіншіден,  әрбір  қылмыстық  жалпы  жиынтықтағы  орнын,  оның  басқа  іс
-
әрекеттермен  байланысын  және  жеке  тұлғаның  қылмыстық
-
құқықтық 
өзгерістерін  есепке  алуға  тиіс.  Екінші  кезеңде  сот  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар
 
жиынтығының  жоғары  қоғамдық  қауіптілігі  немесе
 
оның 
болмауына  куәлік  ететін  қосымша  факторлар  ретінде  қажет  мән
-
жайларды 
зерттеп, бағалайды.
 
Қарастырылып отырған проблема бойынша жаза тағайындау және оны 
дәрежелеу тұрғысынан алып қарағанда қылмыстық құқық бұзушылық
 
түрлі 


145 
объектілерге  бағытталған  жағдайлары  барынша  күрделі  болып  табылады 
(мәселен,  бірнеше  адамды  өлтіру 

ҚР  ҚК  9
9-
б
. 2-
б
.  «1» 
тармағы).  Мұнда 
қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
пиғылдың  бірлігі  жоқ 

түрлі  ой
-
жоспар 
(тікелей немесе жанама), түрлі кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) көрініс 
береді,  түрлі  іс
-
әрекеттер  жасалады  (қажетті  қорғанудың  шегінен  шығып 
кеткен жағдайда, күшті жан күйзелісі жағдайында және т.б.), аяқталу сәтінде 
(қауіп  төндіру,  дайындалу  және  аяқталған),  қоса  қатысудың  формасында 
және түрінде айырмашылық бар және т.б.
 
Айталық,  кінәнің  түрлі  формаларымен  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
және  үкімдердің  жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау 
туралы мәселе теорияда да, тәжірибеде де оңай шешілмейді.
 
Егер қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
жай жиынтығында олардың 
бірі қасақана, екінші бірі абайсызда жасалған болса түпкілікті жазаны қалай 
анықтауға  болады.  Жазаның  қатаңдық  дәрежесі
 
соттың  қылмыстық 
қауіптілік  дәрежесіне  қарым
-
қатынасын  білдіреді.  Соңғысы  қылмыстық 
заңда белгіленген ауырлық дәрежесімен сәйкес келген жағдайда жазалардың 
жиынтығына қатысты проблема болмайды 

неғұрлым қатаң жаза неғұрлым 
ауыр  немесе  қауіпті  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  тағайындалады. 
Бірақ қасақана және абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
екеуі бірдей онша ауыр емес дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықтарға
 
жататын  болса  іс
-
әрекеттің  қайсысы  неғұрлым  қауіпті  екенін  қалай 
анықтауға  болады.  Кінәнің  формасының  өзі  әрдайым  қауіптілік  сипатына 
куәлікке  жүре  бермейді.  Біздіңше,  бұл  жерде  бірінші  кезекте  жасалған  іс
-
әрекеттердің  зардаптарының  ауырлығы,  олардың  нақтылы  немесе  мүмкін 
болатын  зияндарының  дәрежесі  есепке  алынуы  керек.  Сондай
-
ақ  олардың 
жасалу  реті,  сотталушының  іске  қатысы,  зиянның  орнын  толтыруға 
талпынысы, т.б. факторлар шешуші рөлге шығуы мүмкін. Бір сөзбен, соттың 
екі  іс
-
әрекетті  бірдей  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
және 
қылмыскердің  жеке  басын  сипаттайтын,  оның  ішінде  қылмыстық 
жауаптылықты  жеңілдететін  және  ауырлататын  мән
-
жайлардың  көмегімен 
бағалауға  мүмкіндігі  бар.  Сот  құралған  жиынтықтағы  қылмыстардың  рөлі 
мен орынын анықтай отырып, соларға сай жаза тағайындайды. Бір қарағанда, 
одан әрі бәрі қалыптағыдай 

мерзімі үлкен жаза немесе көлемі жөнінен қатаң 
жаза.  Нақтылы  жағдайда  жазаның  қатаңдығы  тек  оның  түрі,  мерзімі  және 
көлемімен  ғана  емес,  сондай
-
ақ  оны  өтеу  режимінің  түрі  бойынша  да 
анықталады.  Мысалға,  қасақана  қылмыс  үшін  жалпы  режимдегі  түзеу 
колониясында  өтеуге  екі  жыл  бас  бостандығынан  айыру  тағайындалды,  ал 
абайсызда  жасалған  қылмыс
 
үшін 

колония
-
қонысқа  екі  жыл  бас 
бостандығынан айыруға жаза тағайындалды. Бұл жағдайда колония
-
қоныста 
басқа  колонияларға  қарағанда  шектеу  аз.  Сондықтан  да  мұнда  қосар  сіңіру 
іске  асырылуы  тиіс 

үлкен  мерзім  кіші  мерзімді  сіңіріп  алады,  қатаңдығы 
басымдау режим қатаңдығы бәсеңдеу режимді сіңіріп алады.
 
Жиынтық құрамында бір жағынан онша ауыр емес қылмыс
 
және екінші 
жағынан  неғұрлым  ауыр  іс
-
әрекет  тоғысқан  жағдайдағы  мәселе  де  даулы 
болып келеді. Мұны, мәселен, Т.
 
Губаева пен В.
 
Малковтар ашып көрсетеді. 
Олар былай деп жазады: РФ
 
Қылмыстық кодексінің
 69-
б
. 2-
бөлігінде қандай 
ережемен,  қандай  шекте  біреуі  онша  емес  ауырлықтағы,  екіншісі  орташа 
ауырлықтағы,  ауыр  немесе  аса  ауыр  болып  келетін  қылмыстық  құқық 


146 
бұзушылықтардың  жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау  керектігі  туралы 
мәселе нақтылы шешілмей қалған. Мұндай сыңайдағы жағдайлар РФ ҚК 69
-
б
. 3-
бөлігімен  қамтылмағандықтан,  төмендегідей  ой  қорытуға  болады: 
мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша түпкілікті 
жазаны  неғұрлым  жеңіл  жазаны  солғұрлым  қатаң  жазаға  сіңіру  жолымен 
немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
неғұрлым ауыры үшін 
көзделген  жазаның  ең  жоғары  мерзімі  және  көлемі  шеңберінде 
тағайындалған жазаны ішінара немесе толық қосу жолымен анықтау керек. 
Қылмыстық  заңды  қолдану  кезінде  орны  толтырылуы  мүмкін  емес  күмән
-
күдіктердің  барлығы  сотталушының  пайдасына  жатқызылуы  керек  деген 
ереже де осындай ұстанымды қуаттайды
» (112). 
Одан әрі авторлар мынадай мысал келтіреді: 
«
Адам РФ ҚК 213
-
б
. 2-
б

«
а
» 
тармағы  бойынша,  алдын  ала  келіскен  адамдар  тобының  құрамында 
жасаған бұзақылығы үшін төрт жыл бас бостандығынан айыруға сотталған, 
бір  жыл  жазасын  өтегеннен  кейін  оның  бұзақылық  ісі  жөнінде  үкім 
шығарғанға  дейін  РФ  ҚК  161
-6.  3-
б. 
«
б
» 
тармағында  көзделген
 
ұрлық 
жасағаны  анықталған,  сол  үшін  сот  оған  сегіз  жыл  бас  бостандығынан 
айыруға жаза тағайындаған. Бұл жағдайда сот түпкілікті жаза мерзіміне бас 
бостандығынан  айырудың  өтелген  бір  жыл  мерзімін  қосып  есептеуге  және 
түпкілікті  жазаны  төрт  жыл  бас  бостандығынан  айыру  түрінде  белгілеуге 
міндетті
» (113). 
Біздің  ойымызша,  бұл  сондай  сәтті  ұсыныс  емес.  Үкімде  түпкілікті 
жазаны  екі  рет  ерекшелеудің  қажеттілігі  жоқ,  оның  бірі  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың жиынтығы бойынша белгіленген болса, екіншісі жазаның 
өтелген  мерзімін  есептей  отырып  тағайындалған.  Үкімде  түпкілікті  жазаны 
тоғыз жыл бас бостандығынан айыру түрінде белгілей отырып сот іс жүзінде 
бұрынырақта  белгіленген  жиынтық  жазанының  көлемін  өсіріп  жібереді. 
Мәселен, соңғы үкім бірнеше рет қайта қаралуына
 
байланысты заңды күшіне 
жарты  жылдан  кейін  барып  енді.  Бұл  уақытта  сотталушы  жазасын  бірінші 
үкім  бойынша  өтеп  жатқан,  сөйтіп  нәтижесінде  бас  бостандығынан 
айырудың өтелген мерзімі 1,5 жыл болды. Сонымен орындауға сегіз жарым 
жыл  бас  бостандығынан  айыру  жатады,  бірақ  екінші  үкімнің  шарттары 
бойынша  сотталушы  тоғыз  жыл  бас  бостандығынан  айыруды  өтеуге  тиіс. 
Сондықтан  да  өтелген  жаза  мерзімін  есепке  алуды  нақтылы  мерзімдермен 
байланыстыруға болмайды. Одан да жазаны есепке алу сәтін ашып көрсеткен 
жөн, мысалға: 
«
Жазаның түпкілікті мерзіміне бірінші үкім бойынша нақтылы 
өтелген жаза белгілі бір күннен бастап есепке алынсын
». 
Осыған  байланысты  Ресей  Федерациясы  заңындағы  ереже  екіұдай 
пікірде  қалдырады.  РФ  Қылмыстық  кодексінің
  69-
бабы  қылмыстық  құқық
 
бұзушылық
 
жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындаудың  мынадай  екі 
вариантын қарастырады:
 
1.
 
егер  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығын  тек  кішігірім 
ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
 
құрайтын болса (2
-
б
.); 
2.
 
егер  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
жиынтығын  орташа 
ауырлықтағы,  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
құрайтын болса (
3-
б.).
 
Бірінші жағдайда жиынтық жаза тағайындаудың жеңілірек қатаң жазаны 
ауырырақ қатаң жазаға сіңіру тәсілі, екіншісінде 

ішінара немесе толық қосу 


147 
тәсілі  көзделген.  Жиынтық  құрамында  кішігірім  ауырлықтағы  қылмыстық 
құқық  бұзушылықпен
 
қоса  неғұрлым  ауыр  іс
-
әрекет  қатар  келуі  мүмкін 
екендігі  жөнінде  ештеңе  айтылмаған.  Ресейлік  түсінік  берушілердің  бұл 
реттегі  ұсыныс
-
пікірлері  нақтылы  емес,  олар  тек  аралас  жиынтық 
жағдайларын қарастырады
 (114). 
Қазақстандық заң шығарушылардың бұл тұрғыда ұстанған позициясы да 
түсініксіз.  Олар  қараптан  қарап,  құқық  қолданушыны  жиынтыққа  ауыр 
қылмыстық  құқық бұзушылықпен 
 
қоса кішігірім ауырлықтағы іс
-
әрекеттер 
енетін  жағдайларда
 
тек  жазаларды  қосу  тәсілін  қолдануға  мәжбүрлей 
отырып,  тығырыққа  тірейді  (ҚР  ҚК  58
-
б
.  3-
б.,  сондай
-
ақ  оған 
түсініктемелерді қараңыз)
 (115). 
Сөз жоқ, қылмыстық құқық 

құқықтың қатаң регламенттелетін саласы, 
сондықтан да ол сан саққа жүгіртуді көтермейді. Құқық қолданушыға заңды 
өз бетімен қолдануға тыйым салатын нақтылы тұжырымдар қажет. Біздіңше, 
қарастырылып  отырған  мысалда  қылмыстық  жауаптылықты  күшейту 
қажеттігі  немесе  оның  жоқтығына  орай  екі  тәсілді  бірдей  қолдану  керек 

тиісінше  жазаны  ішінара  немесе  толық  қосу  не  жеңілірек  қатаң  жазаны 
ауырырақ  қатаң  жазаға  сіңіру,  осы  жөнінде  қылмыстық  заңға  өзгерістер 
енгізу қажет.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
және  үкімдердің  жиынтығы 
бойынша  қосымша  жазалар  тағайындау  туралы  мәселе  өте  күрделі  және 
барынша проблемалық болып табылады. Бір қарағанға, негізгі және қосымша 
жазалар  үшін  жиынтық  жауаптылықты  анықтау  тәртібі  бірдей  болуға  тиіс 
сияқты,  себебі  екеуі  де  ортақ  мақсатты  көздейді,  мазмұны,  ықпал  ету 
объектісі,  қолдану  негізі  мен  режимі  бірдей.  Дегенмен,  оларды  тағайындау 
ережелерінде  бірқатар  айырмашылықтарды аңғарамыз. Заңдық  тұрғыда  бұл 
мәселеге жеткілікті дәрежеде назар аударылмаған. Сонымен қатар, қосымша 
жаза негізгі жазаға қатысты факультативтік болып есептелінсе де, жасалған 
қылмысқа мемлекеттің әділетті тұрғыда назар аударуында өз рөлін орнықты 
атқарып  тұрады.  Ол  қылмыстық  жауаптылықты  қосымша  күшейтеді. 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  1999
 
жылғы  30  сәуірдегі 
Пленумының 
«
Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезінде заңдылықты 
сақтауы туралы
» 


Қаулысында атап көрсетілгендей, негізгі және қосымша 
жазаны  дұрыс  ұштастыра  білу.  оны  бөлектеу  қағидасын  жүзеге  асыруға, 
жазаның діттеген  мақсатына жетуіне  тиімді  ықпал  етеді, соған  байланысты 
сот әрбір іс бойынша үкім шығарған кезде, әсіресе ауыр, аса ауыр, сондай
-
ақ 
ұйымдасқан  қылмыстарды  жасауға  кінәлі  деп  танылған  адамдарға  қатысты 
қосымша жаза қолдану қажеттігі туралы мәселені естен шығармауы қажет.
 
Айтылғандарға сондай
-
ақ мынаны қосуға болады: қосымша жазалардың 
мән
-
маңызы  жазаның  негізгі  түрлері  оның
 
басты  бағыттарын,  қылмыстық 
қудалаудың жалпы күйі мен сипатын анықтайтындығы себепті, қылмыстық 
құқық
 
көлеміндегі  осыған  қатысты  олқылықтардың  орнын  толтыруды 
көздейді.  Жазаның  қосымша  түрлері  негізгі  жаза  түрлерімен  қамтылмаған 
қылмыстық  жауаптылықтың  жекелеген  аспектілерін  ерекшелеуге  мүмкіндік 
береді,  сөйтіп  соттарға  құқықтық  қорғау  объектісінің  маңыздылығын  атап 
көрсетуге,  белгілі  бір  арнайы  шектеулер  қоюға  көмек  етеді.  Мәселен, 
мүліктерді  тәркілеу  мен  айыппұл  бас  пайдасын  көздейтін  қылмыстарға 
қатысты
 
қолдануда барыншатиімді. Арнаулы құқықтары мен наградаларынан 


148 
айыру 

сыбайласқан  құқық  бұзушылықтармен  күрестің  қалаулы  құралы. 
Сондықтан да, олардың алдына қойылған міндеттер үдесінен шыға отырып, 
түрлі  сипаттағы  негізгі  және  қосымша  жазаларды  араластыруға  болмайды. 
Олар бөлек
-
бөлек орындалуы тиіс.
 
ҚР Қылмыстық кодексінің
  58-
б. 1 және 5
-
бөліктеріне сәйкес, қосымша 
жазалар негізгі жаза сияқты, бастапқыда әрбір анықталған қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
үшін тағайындалады. Бұл ретте жаза тағайындаудың қалыптағы 
қағидалары  (жауаптылықты  бөлектеу,  мән
-
жайларды  екі  жақты  есептеудің 
мүмкіндігі,  т.б.)  түгелдей  дерлік  қолданылады.  Айта  кету  керек,  заңды 
мұндай  қабылдау  бірден  пайда  болған  жоқ,  бұл  мәміленің  де,  бұрынғы 
құқықтық  норманың  нақтылы  тұжырымдалмауы  себепті  болуы  керек, 
қарсыластары болды (бұрынырақта РСФСР ҚК 40
-6. 1-
6. мен ҚазССР ҚК 37
-
6. 1 -
6.  жаза  жөнінде  негізгі  және  қосымша  деп  ерекшелемей,  жалпылама 
айтылған  болатын).  Мәселен,  Б.А.
 
Куринов  қосымша  жаза  әрбір  нақтылы 
жаза  үшін  емес,  заңда  көзделген  санкция  үдесінен  шыға  келіп  жиын
-
тық 
бойынша тұтастай тағайындалуы керек деп пайымдайды
 (116). 
Мұндай  ұстанымды  А.С.
 
Горелик  пен  М.И.
 
Бажанов,  жауаптылықты 
бөлектеу қағидасын жоққа шығаруға жол беруге болмайтынын алдыға тарта 
отырып,  сынға  алды
  (117)
.  Қазіргі  қолданыстағы  заң  бұл  тұрғыдағы  пікір 
қайшылығын  бір  жақты  етіп,  нормалардың  диспозициясында  қосымша 
жазаларды
 
негізгі  жазалармен  қатар  белгіледі.  Сонымен  бірге  осы  уақытқа 
дейін, өкінішке орай, қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
және үкімдердің 
жиынтығы  жөніндегі  нормаларда  қосымша  жазалар  тағайындаудың  одан 
кейінгі бір ізділігі турасындағы мәселе әлі де толық тиянақталмаған.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау