1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет54/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

 
3.4. 
Кәмелетке толмағандарға
 
жаза тағайындау
 
 
Қылмыстық заңнамалар, қылмыстық іс жүргізу,  сондай
-
ақ азаматтық іс 
жүргізу заңнамалары сияқты кәмелетке толмағандарға айрықша көңіл аудара 
отырып,  олар  жөнінде  жекелеген  нормаларда  арнайы  сөз  етеді.  Кәмелетке 
жасы толу бірыңғай құқықтық ұғым ретінде құқық субъектілік институтымен 
тікелей  байланысты  екені  белгілі.  Оның  болмауы  барынша  қарапайым 
тұрғыда  құқық  қатынастар  субъектісі  үшін  өзінің  әрекетімен 
(әрекетсіздігімен) толық көлемде құқықтар мен міндеттерге ие болып, және 
соған сай өз іс
-
әрекеттері үшін дербес жауап беруге мүмкіншілігі жоқтығын 
білдіреді.
 


112 
Толық көлемдегі іс
-
қимылға қабілеттілік 18 жасқа толғаннан кейін және 
ішінара  14  жасқа  толғаннан  кейін  пайда  болады.  Қылмыстық  құқықта  осы 
жалпы  ережелер  негізінен  сақталады,  ал  бұл  дегеніңіз  14  жасқа  дейін  адам 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
субъектісі болып табылмайды және сотталуға 
тиіс емес, 14 жастан 16 жасқа дейін айыпты адам тек белгілі бір шектелген 
қылмыстар  (ҚК
-
тің  21
-
бабы)  үшін  ғана  жауап  береді,  16  жастан  18  жасқа 
дейін қылмыстық құқық бұзушы ҚР Қылмыстық кодексінің 
VI 
бөлімі мен ҚР 
Қылмыстық процестік кодексінің 56
-
тарауында белгіленген ерекше тәртіппен 
сотталуға  тиіс  дегенді  білдіреді.  Ерекше  жағдайларда  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
  87-
6.  ережелері  негізінде  18
-
20  жас  аралығындағы  адамдар  да 
кәмелетке толмағандар үшін көзделген құқықтық жеңілдіктерді пайдаланады.
 
Мұндай  ұстаным  құқық  бұзушыларды  жас  шамасына  қатысты  түрлі 
топтарға (жас балалар, кәмелетке жасы толмағандар, жасы ұлғайған адамдар, 
қартаң  адамдар)  бөліп  қарастыру  қажеттігінен  келіп  шығады  және 
қылмыстық жауаптылықты дифференциациялаумен тығыз байланысты.
 
Сөйтіп,  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
жаңа 
IV 
бөлімі  кәмелетке  жасы 
толмағандардың  қылмыстық  жауаптылық  шаралары  мен  оны  жүзеге  асыру 
механизмі  жүйесіндегі  жағдайын  негіздейтін  бірқатар  барынша  маңызды
 
мына сәттерді атап өтеді:
 
Біріншіден,  тек  кәмелетке  толмағандарға  ғана  (қылмыстық  жазадан 
басқа)  ықпал  етудің  өзіндік  бір  нысаны 
-
тәрбиелік  әсері  бар  мәжбүрлеу 
шарасы қолданылуы мүмкін. Заңда (ҚР ҚК 8
5-
б.) олардың түрлері жеткілікті 
дәрежеде айтылып кеткен: жай ескертуден барынша қатаң
 
жаза 

кәмелетке 
толмағандарға  арнаулы  тәрбие  немесе  емдеу
-
тәрбиелеу  мекемесіне 
орналастыруға  дейін  тағайындалуы  мүмкін.  Бұл  ретте  соттар  тар  шеңберге 
тұйықталып  қалмаған,  бір  мезгілде  тәрибелік  әсер  етудің  бірнеше  шарасын 
қолдануға  құқылы.  Ол  еркіндік  жасөспірімдердің  психикалық
-
табиғи 
ерекшеліктерін барынша, жан
-
жақты ескеруге мүмкіндік береді.
 
Екіншіден,  кәмелетке  толмағандарға  ересектер  үшін  көзделген  жаза 
түрлерінің  толық  емес  тізімі  қолданылады  (ҚР  ҚК  81
-
6.).  Айталық,  олар 
үшін:  әскери  қызмет  бойынша
 
шектеу,  бас  бостандығын  шектеу,  тәртіптік 
әскери  бөлімде  ұстау,  мүлкін  тәркілеу,  арнаулы,  әскери  немесе  құрметті 
атағынан,  сыныптық  шенінен,  дипломатиялық  дәрежесінен,  біліктілігік 
сыныбынан  және  мемлекеттік  наградаларынан  айыру,  өлім  жазасы  сияқты 
жазаларды  қолдану  мүлде  мүмкін  емес.  Олардың  бір
 
қатары  логикалық 
негізсіздігіне болса, басқалары 

қарапайым адами тұрғыдан алып қарағанда 
сай келмейді.
 
Үшіншіден,  бірқатар  жазалардың  жасөспірімдер  үшін  қолданылуының 
өзіндік шарттылықтары бар. Айыппұл сотталушының өзіндік табысы немесе 
мүлкі  болған  жағдайда  ғана  салынады.  Түзеу  жұмыстары  мен  қамау  үкім 
шығарылған
 
сәтке  16  жасқа  толған  адамдарға  ғана  қолданылады.  Барлық 
жаза  түрлерінің  көлемі  жасөспірімдер  үшін  мейлінше  төмендетілген. 
Мәселен, бас бостандығынан айыру 
-
көпшілік үшін 10 жылдан аспауы тиіс, 
ал  ауырлататын  мән
-
жайлар  кезінде  кісі  өлтірген  адамдар  үшін  12  жылмен 
шектелген.  Сонымен  қатар,  бірінші  рет  кішігірім  ауырлықтағы  қылмыс 
жасаған  14
-
16  жас  аралағындағы  адамдар  үшін  бас  бостандығынан  айыру 
мүлдем тағайындалмайды.
 


113 
Төртіншіден,  кәмелетке  толмағандар  үшін  қылмыстық  жазаны,  оның 
ішінде  бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  жазаны  өтеудің  ерекше  тәртібі 
белгіленген.  Мәселен,  түзеу  мекемелерінің  басқа  жүйесі 

тәрбиелеу 
колониялары көзделген.
 
Бесіншіден, олар үшін жазадан босатудың нақтылы және шартты түрде
 
мерзімінен  бұрын  босатудың  барынша  жеңілдетілген  режимі,  сондай
-
ақ 
қысқартылған ескіру және соттылықты жою мерзімдері қарастырылған.
 
Ақыр  соңында,  алтыншыдан,  қылмыстық  заңда  кәмелетке  толмағандар 
үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеуге және жазаларды жеке 
даралауға  мүмкіндік  беретін  қосымша  бағыт
-
бағдарлар  қарастырылған. 
Айталық,  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  82-
бабы  олардың  ішінде  мынадай 
мәмілелерді  алдыға  тартады:  кәмелетке  толмағанның  өмірі  мен  тәрбиесінің 
жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, 
сондай
-
ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескерілуге тиіс.
 
Е.
 
В.
 
Благовтың «жаза тағайындаған кезде келтірілген факторлардың кез 
келгені емес (заңда келтірілген факторларды айтады 

автордың ескертпесі), 
тек көлеңкелі көрініс беретін, кері бағыттағы факторлар ғана ескерілуі тиіс»
 - 
деген  пікірімен  келісуге  болмайды
  (93)
.  Оның  пікірі  бойынша  заңда 
келтірілген  бағыттар  жаза  тағайындау  кезінде 
«
біркелкі
» 
дәрежеде  бой 
көрсетпейді, бір мән
-
жай түрлі жағдайларда жауаптылықты жеңілдететін оң 
сипатқа, сондай
-
ақ оны жоғарылататын теріс сипатқа да ие болуы мүмкін.
 
Содан  келіп,  ол  Ресей  Федерациясы  Қылмыстық  кодексінің  Н.Ф.
 
Кузнецованың редакторлығымен жасалған
 
Түсініктемесіне  сілтеме  жасай  отырып: 
«
Адамның  өзге  ерекшеліктерін 
есепке  алу  көлемі  өте  кең,  сондықтан  да  оларды  екіүшты  айқындауға 
мүмкіндік  береді.  Бір  жағынан, 
«
бұл
 
ең  алдымен  кәмелетке  толмаған 
адамның  қоғамға  және  оның  құндылықтарына  қатысты  позициясы, 
әлеуметтік бейімделуге, оның ішінде күрделі және дау
-
жанжал жағдайында 
орнықты  мінез
-
құлық
 
танытуға,  шағын  ортаның  кері  әсер
-
ықпалына  қарсы 
түруға  қабілеті  мен  дайындығы»,  екінші  жағынан 

бұл  «балалық  себеп
-
салдарлар  (балаңдық,  өзін  өзі  дәлелдеу  үшін  жасөспірімдер
 
ортасында 
беделге ие боларлық мүлік
-
затқа ие болуға талпыну, т.б.)
»
. Оның барлығын 
объективтік  түрғыда  анықтау  үшін  психиканың  жас  шамасына  қатысты 
бірқатар  ерекшеліктерінің  (сенгіштік,  ұқсауға,  қиялдауға  бейімділік,  т.б.) 
көрініс  табу
 
дәрежесінің  айрықша
 
маңызы  бар»
  - 
деп  жазады.  Бірінші  жақ 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  кез  келген  адамның,  оның  ішінде 
кәмелетке  толмағандардың  ерекшеліктерін  көрсетеді,  ал  екінші  тек  соңғы 
аталғандар үшін ғана тән дей отырып, автор: «барлық қалған мәмілелер жаза 
тағайындаудың  жалпы  негіздерінде  айшықталған  айыпкердің  жеке  басы 
арқылы назарға алынуға тиіс. Бір мәліметтің екі рет ескерілуі және жазаның 
екі мәрте төмендетілуі немесе өсірілуі мүмкіндігі жөнінде күдік
-
күмән орын 
алмас үшін, заңда адамның тек өзіндік ерекшеліктерін ғана емес, сондай
-
ақ 
жас шамасына байланысты ерекшеліктерін де тікелей көрсетіп кету қажет
» - 
деп тұжырымдайды.
 
Кәмелетке  жасы  толмаған  адамға  жаза  тағайындауға  арналған  ҚР 
Қылмыстық  кодексінің
 
баптарында  оның  өмірі  мен  тәрбиелік  жағдайына, 
писхикалық даму деңгейіне, жеке басының өзге де ерекшеліктеріне, сондай
-
ақ жасы үлкен адамдардың ықпалына қосымша сілтеме жасау артық болып 


114 
табылмайды және өзінен
-
өзі екі рет есепке алуға алып келмейді, керісінше, 
соттардың  назарын  қылмыс  пен  қылмыскердің  жеке  басын  жан
-
жақты 
бағалауға мүмкіндік беретін барынша маңызды факторларға аударады. Заңда 
тек 
«
көлеңкелі (кері) бағыттағы
» 
факторларды регламенттеу соттық бағалау 
үшін  маңызы  бар  басқа  мән
-
жайларды  елемеуге,  бұрмалауға  жол  ашуы 
мүмкін.
 
Осыған  байланысты  ҚР  Жоғарғы  Сотының  қосымша  нүсқаулар  беруі 
кездейсоқ емес. Мәселен, ҚазССР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 
1
9 желтоқсанда жарық көрген №
19 «
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық 
құқық  бұзушылықтары
 
туралы  және  оларды  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
әрекетке  және  басқа  қоғамға  қарсы  іс
-
әрекеттерге  тарту  туралы  істер 
бойынша  сот  тәжірибесі  туралы»
 
қаулысында: 
«
Соттар  әрбір  іс  бойынша 
істің нақтылы мән
-
жайын, жасалған іс
-
әрекеттің қоғамдық қауіптілігі сипаты 
мен  дәрежесін,  ауырлататын  және  жеңілдететін  мән
-
жайларды,  даму 
деңгейін,  тәрбиелену  жағдайын  сотталушының  жеке  басын  сипаттайтын 
және басқа мәліметтерді есепке ала отырып, кәмелетке жасы толмағанға жаз 
түрі  мен  мөлшерін  анықтау  барысында  қатаң  түрде  жеке  бағыт  ұстануды 
қамтамасыз  етуге  міндетті»
  - 
деп  атап  өтілген.  Қазақстан  Республикасы 
Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 «Қылмыстық жаза 
тағайындау  кезінде  соттардың  заңдылықты  сақтауы  туралы»
 
қаулысы  да 
соттарды ҚР Қылмыстық кодексінің 82
 
және 8
3-
баптарында көрсетілген мән
-
жайларды қосымша ескеру қажеттігіне міндеттейді.
 
Бұл  тұрғыдағы  басты  мақсат  сотталушының  жағдайын  жақсартатыны 
немесе төмендететініне қарамастан қандай да бір, тіпті болмашы мән
-
жайдың 
өзін  назардан  тыс  қалдырмау  болып  табылады.  Ол
 
өз  негізінде  немесе 
жиынтық құрамында жалпы алғанда қылмыскердің мінез
-
құлқын анықтауға 
көп  септігін  тигізеді.  Бұл  ретте  барлық  ұсақ
-
түйектің  маңызы  бар,  өйткені, 
кәмелетке  жасы  толмаған  адам 

жас,  өскелең  қауымның  әлеуметтік 
құндылықтарын 
сақтауды 
мұрат
 
тұтқан 
мемлекеттің 
арнайы 
қадағалауындағы  ерекше  субъект.  Құқықтық  нормаларда  кәмелетке  жасы 
толмағандарға жаза тағайындауға ықпал ететін жекелеген факторларды атап 
көрсету 

сот  үшін  барынша  маңызды  бағыт
-
бағдарларды  белгілеп  беру 
жолындағы  болымсыз  талап,  сондықтан  да  олардың  заңдағы  тізімі  тіпті  де 
түпкілікті емес және болуы мүмкін емес.
 
Сотталушының  жасы  кәмелетке  толмағанын  қылмыстық  жауаптылық 
пен  жазаны  жеңілдететін  мән
-
жай  ретінде  қайталап  ескеру  туралы  мәселе 
төңірегіндегі  пікірталастар  да  еріксіз
 
назар  аудартады.  Мәселен,  М.А.
 
Скрябин  мұндай  ережеге  жол  берілмеуі
 
керектігі  жөнінде  айтады.  Ол: 
«
кәмелетке жасы толмаған адамды заңға сәйкес он жылдан астам уақытқа бас 
бостандығынан  айыруға  немесе  өлім  жазасына  жазаланатын  қылмыстық 
құқық  бұзушылығы
 
үшін  соттаған  жағдайда,  жаза  тағайындау  кезінде 
сотталушының  кәмелетке  жасы  толмағанына  жеңілдететін  мән
-
жай  ретінде 
сілтеме  жасауға  жол  берілмеуі  тиіс,  өйткені  басқаша  жағдайда  бір 
жеңілдететін  мән
-
жайды  екі  рет  ескеру  орын  алады.
 
Мұндай  жағдайларда 
қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау  сәтіне  кәмелетке  жасы  толмағаны 
жеңілдететін  мән
-
жай  ретінде  заңда  ескерілген»
,  - 
деген  пікірді  алдыға 
тартады
 (94). 


115 
Е.В.
 
Благов: 
«
заң  шығарушы  РФ  Қылмыстық  кодексінің
  91-
бабында 
айыпталушының  кәмелетке  жасы  толмағанының  жеңілдететін  мән
-
жай 
ретіндегі  жазаға  ықпалының  тек  ең  төменгі  мөлшерін  қарастырған»
,  - 
деп 
есептейді
  (95)
. Дегенмен, оның пікірінше, кәмелетке жасы толмағандықтың 
адам өмірінің түрлі кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктері болады, сондықтан да 
әрқилы есепке алынуы тиіс.
 
Г.
 
Миньковский  де 
«
құқық  бұзушының  кәмелетке  толмағанының 
бірыңғай үлгісі жоқ
», - 
деп әділ атап өткен
 (96). 
М.М.
 
Бабаев: 
«
кәмелетке  жасы  толмағандық  қылмыстық
-
құқықтық 
тұрғыдан алып қарағанда 

әрқайсысы бір белес, адамның даму дәрежесіндегі 
жаңа баспалдақ болып  табылатын  төрт жылды қамтитын ұзақ кезең,»
  - 
деп 
жазады
 (97). 
Л.Л.
 
Кругликов бұл мәселеге орай негізді түрде мынадай ой қорытады: 
«
Барлық кәмелетке толмағандарға тән болып келетін, жас шамасына қатысты 
ортақ ерекшеліктерді ескеру нақтылы жас шамасындағы жасөспірімдерге тән 
ерекшеліктерді табу мен ескеру қажеттігін жоққа шығармайды»

Біздің ойымызша,  егер бұл жерде  сөз кәмелетке  жасы  толмағандықтың 
жеңілдететін  мән
-
жай  ретінде  екі  рет  ескерілуі  жайында  болса,  онда  бір 
жағынан заң шығарушы асбтрактылы құқық бұзушының бар нәрсені барлап
-
бағалай  білмейтін  нақтылы  жастық  жағдайын  меңзеп  отыр.  Бар  түйін 
кәмелетке  жасы  толмаған  адамның  әзірге  өзін
-
өзі  ұстай  білетін,  кемел 
адамның  дәрежесіне  жетпегеніне  келіп  тіреледі  және  басқа  жағынан, 
кәмелетке  жасы  толмағандықты  сот  қылмыстық
-
құқықтық  санкция 
шеңберінде  нақтылы  жауаптылық  шарасын  таңдаған  кезде  ескереді. 
Сотталушының  жеке  басына  қатысты  өзіндік  ерекшеліктер,  ол  жасаған 
қылмыстық құқықтық өзгешеліктері үдесінен шыға отырып, сот өзінің оған 
деген  көзқарасын  қылмыскердің 
«
жастығына
» 
қарап  та  анықтайды. 
Сондықтан  да  заң  шығарушы,  біріншіден,  кәмелетке  толмағандардың 
қылмыстық  жауаптылығы  мен  жазаланушылығының  ерекше  тәртібі  мен 
жағдайын қарастырған кезде, екіншіден, бұл жас шамасын жеңілдететін мән
-
жай ретінде қарастырған кезде тіпті де өзін
-
өзі қайталамайды.
 
Құқық  қолдану  тәжірибесінде
 
проблемалық  мәселелердің  бірі 
«
кәмелетке  толмағандық
» 
ұғымының  қаншалықты  «кең  тарағаны»
 
болып 
келеді.  Бұл  ретте  заңда  қылмыстық
-
құқықтық  тұрғыдан  алып  қарағанда 
кәмелетке  толмағандар  деп  «қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасаған  кезге 
қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады» 
(ҚР ҚК 80
-
б.) деп анық айтылған. Соған сәйкес үкім шығарған сәтке адамның 
жасы 18
-
ге толды ма, жоқ па, соншалықты маңызды емес. Кәмелетке жасы 
толмағандарға жаза тағайындау ережесі үкім шығарған сәтке 18 жасқа толған 
адамдарға да қолданылады. Қылмысты ашу, оларды алдын ала тергеу кейде 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасау сәтінен көп кейін қалып қояды. Айыпты 
адам  ересек  тартып  үлгереді.  Көп  жағдайда  оның  жасалған  іс
-
әрекетке 
көзқарасы, өзінің мінез
-
құлығын бағалауы оң ыңғайға өзгеріп жатады, кейде 
бұлай болмайды. Онда адамның қоғамдық қауіптілік дәрежесі сақталады. Сот 
жаза тағайындай отырып, осы барлық мән
-
жайларды ескеруге тиіс. Ол үшін 
сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасаған сәтке қандай болды, оны 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасауға не итермеледі деген мәселе маңызды 
болып  қала  береді.  Одан  әрі,  нақтылы  бір  уақыт  бөлігіндегі  адамның  жеке 


116 
басы мен іс
-
әрекетін бағалай келіп, сот адамның сот мәжілісі күніне дейінгі 
маңызды  өзгерістерін  анықтайды,  оның  нақтылы  сот  процесіндегі  мінез
-
құлқын  қадағалайды.  Содан  барлық  объективтік  және  субъективтік 
факторларды  кешенді  талдау  негізінде,  сотталушы  туралы  кең  көлемді 
түсінікке  ие  бола  отырып,  кінәнің  дәлелденгендігі  және  жазаланушылығы 
туралы  тоқтамға  келеді.  Адамның  сотталу  сәтіне  кәмелетке  толуы  факторы 
нақ осындай тәртіппен қарастырылады.
 
Сонымен қоса соттар сотталу сотіне кәмелетке толған, бірақ қылмыстық 
құқық  бұзушылықты
 
18  жасқа  толғанға  дейін  жасаған  адамдарға  негізсіз 
түрде  мүлкін  тәркілеу  жазасын  тағайындап  жатады.  Мәселен,  Қарағанды 
қаласы  Октябрь  аудандық  сотының  2001  жылғы  3  сәуірдегі  үкімімен  1983
 
жылы  8  желтоқсанда  туған    ҚР  Қылмыстық  кодексінің  188
-
б
. 2-
б
.  «2» 
тармағы  бойынша  мүлкін  тәркілей  отырып 

жылға  дейінгімерзімге  бас
 
бостандығынан  айыруға  сотталған.  Қарағанды  облыстық  сотының 
қылмыстық  істер  жөніндегі  сот  алқасы  2001  жылғы  26  маусымдағы 
қаулысымен  үкімнен  мүлікті  тәркілеуді  алып  тастады,  өйткені  ол  ҚР 
Қылмыстық  кодексінің  81
-
бабына  сәйкес  кәмелетке  толмағандарға 
тағайындалмайды.
 
Соттардың  қылмыстардың  қайталануын  анықтаған  кезде  кәмелет 
жасында  орын  алған  соттылықтарды  есепке  алатын  жағдайлары  көп 
кездеседі. Ал ҚР Қылмыстық кодексінің
 18-
бабында он сегіз жасқа толмаған 
адамның  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығы
 
үшін  соттылығы 
қылмыстық  қайталануын  тану  кезінде  ескерілмейді  деп  атап  көрсетілген. 
Соған  сай,  Қарағанды  облыстық  сотының  қылмыстық  істер  жөніндегі  сот 
алқасының 2001 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен Теміртау қалалық сотының 
үкімімен
 
бұрынырақта  кәмелетке  толмаған  жас  шамасында  сотты  болған 
және 2001 жылдың 18 мамырында ҚР Қылмыстық кодексінің 192б
. 2-
б. «1

4» 
тармақтары  бойынша  қатаң
 
режимдегі  түзеу  колониясында  өтеу  үшін  9 
жыл  бас  бостандығынан  айыруға  сотталған  А.
-
ға  қатысты  түзеу  колониясы 
режимінің түрі қатаңнан жалпы режимге ауыстырылған.
 
Өкінішке  орай,  кейде  сотталушының  жас  шамасына  қатты  көңіл 
бөлінбейді  және  кәмелетке  толмағандық  жеңілдететін  мән
-
жай  ретінде 
қарастырылмайды. Айталық, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының 
2001  жылғы  12  қыркүйектегі  үкімімен  1983  жылы  8  тамызда  туған,  бұрын 
сотталмаған Я. ҚР Қылмыстық кодексінің 188
-
б
. 2-
б
.  «1» 
тармағы бойынша 
жазасын  жалпы  режимдегі  түзеу  колониясында  өтеуге  екі  жыл  бас 
бостандығынан  айыруға  сотталған.  Ол  2001  жылдың  15  мамырында  басқа 
кәмелетке  толмаған  Ч.  деген  азаматпен  гаражға  ұрланып  кіру  жолымен  Г.
-
ның автомашинасының мемлекеттік нөмірін, сондай
-
ақ мотоцикл және басқа 
жалпы құны 27 мың теңге тұратын мүліктерді ұрлап кеткен.
 
Қарағанды облыстық сотының сот алқасы 2001 жылғы 30 қазанда соттың 
үкімін өзгертті, ҚР Қылмыстық кодексінің
 63-
бабын қолданып, Я.
-
ға екі жыл 
шартты  сынақ  мерзімін  тағайындады.  Соттың  үкімі  шектен  тыс
 
қатал, 
жасалған  қылмыстық  ауырлығы  мен  сотталушының  жеке  басына  сай 
келмейді деп танылды. Кінәні жеңілдететін мән
-
жайлардың тізімі үкімде тек 
қана жай аталып өткені анықталды. Сонымен бірге сот жеңілдететін мән
-
жай 
ретінде  сотталушының  туысқандарының  келтірілген  зиянның  орнын 
толтырғанын  негізсіз  есепке  алмаған.  Заңда  мұндайға  тыйым  салынбаған, 


117 
оның үстіне сотталушының, кәмелетке толмағандығы себепті, сол сәтке жеке 
табысы жоқ болатын.
 
Алқа  жаза  тағайындаудың  жалпы  негіздері  қағидаларын  басшылыққа 
отырып,  жеңілдетететін  мән
-
жай  ретінде  сотталушының  кәмелетке  жасы 
толмағанын, кінәсін мойындағанын және жасалған іс
-
әрекетке опық жегенін, 
оң мінездемелерін, келтірілген зиянның орнын толтырғанын,
 
жәбірленушінің 
жазаны  жеңілдету  жөніндегі  пікірін  ескерді.  Қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
істеген сәтке сотталушы кәсіптік мектептің оқушысы болатын, 
оны ол сотталар алдында ғана бітірді.
 
Міне, бұл мысал қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
алғышарт болған және 
сотталушыны  жеке  тұлға  ретінде  сипаттайтын  барлық  мән
-
жайларды  жан
-
жақты ескеру қажеттігін тағы бір алға тартады. Айталық, іс материалдарынан 
көрініп  тұрғандай,  сотталушы  кәмелетке  толмаған  жасөспірімдерге  тән 
болып  келетін  қылмыс
  - 
ұрлық  жасаған.  Үлкен  құндылыққа  ие  мүліктерге 
(автомобиль,  оның  бөлшек
-
саймандары)  тиіспеген.  Іс  бойынша  барлық 
шығын  толықтай  өтелген,  жәбірленушінің  сотталушыға  ешқандай  шағым
-
арызы  жоқ,  қылмыстық  қудалауды  талап  етпейді.  Осы  айтылғандар 
айыптауда  жеке  элементтің  жоқтығына  куәлікке  жүреді.  Айыптаудың 
көпшілік  элементі  қасақана  қол  сұғушылықтың  қоғамдық  қауіптілігімен 
түсіндіріледі.  Дегенмен,  сотталушыны  сипаттайтын  мәліметтерден 
(мінездемелер, әлеуметтік орнықтылық 

мектеп бітірді, кінәсін мойындады 
және  өкініш  білдірді)  айыпкердің  тұлға  ретінде  әлі  толық  қалыптасып 
үлгермегені,  қоғам  үшін  соншалықты  қауіп  төндірмейтіндігі  көрініп  тұр. 
Сондықтан  да  оны  оқшаулап,  жасанды  қылмыстық  ортаға  орналастырудың 
ешқандай  қажеті  жоқ  болатын.  Ал  ол  орта  оның  психикасына,  даму 
дәрежесіне салқынын тигізетіні сөзсіз еді.
 
Соттардың  ҚР  Жоғарғы  Сотының  нормативтік  қаулыларын  қатаң 
сақтауы  қажет.  Атап  айтқанда,  бірқатар  қылмыстардың  кәмелетке 
толмағандардың мас күйінде және
 
ересектердің
  
қатысуымен 
 
жасалатынына 
назар  аудару  керек.  Сол  себепті  де  мұндай  әрбір  іс  бойынша  ересек 
адамдардың жасөспірімді алкогольдік немесе есірткілік мас күйге
 
жеткізуде 
немесе  оның  спирттік  ішімдіктерді,  есіркі  заттарды  заңсыз  өткізуінде 
қаншалықты  қатысы  барлығын  тексеру
 
және  оларды  жауаптылыққа  тарту 
туралы мәселені шешу
 
қажет. Кәмелетке толмағанның ішкілікке салынғаны, 
есірткі
 
тұтынғаны  туралы  дерек  бар  әрбір  іс  бойынша  соттарға  кәмелетке 
толмағанды  алкоголимзнен  немесе  норкоманиядан
 
мәжбүрлеп  емдеу 
қажеттігі бар мажоқ па деген мәселені
 
оқып
-
зерттеу керек, ондай қажеттілік 
болса, осындай емдеу тағайындау қажет.
 
Кәмелетке  жасы  толмағандарды  негізсіз  бас  бостандығынан  айыру 
фактілеріне  жол  беруге  болмайды.  Қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған, 
дегенмен  соншалықты  қоғамдық  қауіптілік  тудырмайтын  кәмелетке 
толмағандарға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза 
шараларын  кеңінен  қолдану  керек.  Шартты  түрде  соттау,  ал  қажетті 
жағдайда  қылмыстық  жазалау  шараларының  орнына  тәрбиелік  сипаттағы 
мәжбүрлеу шараларын қолдану тиімді.
 
Кәмелетке  толмағандарға  жаза  тағайындау  туралы  мәселені  талқылаған 
кезде  соттар  оларға  тек  ҚР  Қылмыстық  кодексінің  81
-
бабында  көзделген 
жазалар  ғана  тағайындалуы  мүмкін  екендігін  және  олардың  мерзімі  мен 


118 
мөлшері  аталған  бапта  көрсетілген  шектерден  аспауы  керектігін  әрдайым 
есте ұстауы керек.
 
Сондай
-
ақ ҚР Қылмыстық кодексінің
 8
2 және 83
-
баптарында көрсетілген 
мән
-
жайларды да қосымша ескеру қажет және әрбір нақтылы жағдайда істің 
мән
-
жайын  және  кәмелетке  жасы  толмағанның  жеке  басын  ескере  отырып, 
оған  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  84-
бабында  көзделген  тәрбиелік  әсері  бар 
мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
 
Бірінші рет 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталып отырған 
кәмелетке жасы толмағанға қатысты үкім шығарған кезде сот әрбір жағдайда 
оған  заңда  көзделген  міндеттерді  жүктеп,  үкімде  оны  орындаудың  мерзімі 
мен жағдайын көрсете отырып, шартты түрде соттауды қолдану мүмкіндігін 
қарастыруға міндетті.
 
Шартты түрде соттауды қолданған кезде соттар сотталушыға, оның ата
-
аналарына  және  басқа  заңды  өкілдерге
 
сынақ  мерзімінің  маңызын, 
сотталушыға  жүктелген  міндеттердің  орындалмауының,  қоғамдық  тәртіпті, 
еңбек  тәртібін  бұзу,  жаңа  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаудың  кері 
зардаптарын  кеңінен  түсіндіруі  тиіс.  Бұл  жөніндегі  тиісті  жазу  сот 
мәжілісінің хаттамасына жазылуы тиіс.
 
Кәмелетке  жасы  толмаған  адамға  тәрбиелік  әсері  бар  мәжбүрлеу 
шараларын,  шартты  түрде  соттауды,  бас  бостандығынан  айырумен 
байланысты  емес  басқа  жазаларды,  сондай
-
ақ  жазадан  шартты  түрде 
мерзімінен  бұрын  босатуды  қолданған  жағдайларда  соттар  оған  қоғамдық 
тәрбиелеуші  тағайындау  жөніндегі  мәселені  талқыға  салуы
 
тиіс.  Бұл  ретте 
үкімнің  қарар  бөлігінде  кәмелетке  толмағандар  ісі  жөніндегі  комиссияны 
осындай тәрбиелеуші тағайындауға міндеттейтін нұсқау болуы тиіс.
 
Жоғарыда  айтылғандар  кәмелетке  толмағандарды  соттаған  кезде  өте 
байыпты,  барынша  ұсынықты  болудың  қажеттігін  тағы  бір  еске  салады. 
Халықаралық  заңдылықтар  да,  атап  айтқанда,  кәмелетке  толмағандарға 
байланысты  сот  төрелігін  жүзеге  асыруға  қатысты,  БҰҰ  Бас 
Ассамблеясының  1995  жылғы  29  қарашадағы  40/33  Қарарымен  бекітілген 
БҰҰ
-
ның  ең төменгі шекті стандарттық ережелері де  осыған үндейді: 
«
Сот 
төрелігінің өзі кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты бірінші кезекте 
олардың  оңалып,  қалыпты  өмірге  қайтып  келуін  қамтамасыз  етуге 
бағытталуы тиіс. Жаза түрі мен көлемін анықтау кезінде соттар тек «сазайын 
беру
» 
қағидасын  ғана  ұстанбай,  сондай
-
ақ  жаза  шараларын  құқық 
бұзушының  жеке  басының  ерекшеліктерімен,  жасалған  әрекеттің  мән
-
жайларымен салыстыруы тиіс»
 (98). 
Осы  тақырыпты  жан
-
жақты  зерттеп,  толымды  монография  жариялаған 
Е.Қайыржанұлы мен Д.
 
Бұғыбайқызы төмендегідей тұжырым жасайды:
 
«
Кәмелетке  толмаған  қылмыскерлерге  жаза  тағайындағанда  мынадай 
шешуші жағдайларға мән берген жөн
 (99). 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау