Жұмыс үлгілері
1) Рентгендік стационарлық аппараттар - құрастыру, монтаждау, реттеу;
2) Генераторлар - принципиалды тәсімдер бойынша монтаждау және сымдарды қосу;
3) Көп жолақты кабельдер - ұштарын ажырату;
4) Телефон коммутаторлары, ЦБ және МБ телефон коммутаторларының штативтері, «Морзе» телеграф аппараты, автостоп белгі беру релесі, автоблоктау – сынау және реттеу;
5) Таңбалы және қорғау құрылысы бар біріктірме жәшік үлгісіндегі аспаптар – электр тәсімдерді өру, күрделі панельді корпустардағы толықтай электрмен монтаждау;
6) Арнайы үлгідегі қабылдау-жіберу аппаратурасы – монтаждау;
7) Үш полюсті ажыратқыштар – реттеу;
8) Түрлі жүйедегі реле – реттеу;
9) Абоненттерінің саны 1000-ға дейінгі автоматты телефон станциялары – монтаждау;
10) Қуаты 20000 кВт-қа дейінгі күшті трансформаторлар – монтаждау және сынау;
11) Үлкен габаритті күрделі тарату қалқандары – аппаратураны реттеп және кабельді қалап орната отырып толықтай монтаждау;
12) Ағаш өңдеу станоктарының электр қозғалтқыштары – толықтай монтаждау және монтаждан алу, желіге қосу;
13) Тепловоз, метро пойызы мен троллейбустардың электр қозғалтқыштары – құрастыру және монтаждау;
14) Кран электр жабдығы – монтаждау және монтаждан алу.
880. Слесарь–электрмонтажшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кіші электр станцияның, электр машиналардың және барлық мүмкін конструкциялар мен жүйелердің, кернеулігі 35 кВт-тан асатын кабельді және ауа желілерінің күрделі жоғары вольтты жабдықтарын толықтай монтаждау, монтаждан алу, сынау және құрастыру. Күрделі аспаптар мен механизмдерді эскиздер және принципиалды тәсімдер бойынша жасау; техникалық шарттарға сәйкес сынау, реттеу және тапсыру. Түрлі сымдардан жасалған күрделі шаблонды тәсімдер жасау және нақты тәсімдерді монтаждау. Қуаттылығы 700 кВт-тан асатын жоғары жиіліктегі құрылғыларды монтаждау. Желілер мен аппараттардағы ақаулықтар мен зиян келген жерлерін анықтау және оларды жою. Электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін қажетті айлабұйымдар жасау.
Білуге тиіс: кернеулігі 35 кВт-тан асатын бірегей электр машиналар мен аппараттардың, тұрақты және ауыспалы ток түрлендіргіштері мен жоғары вольтты аппаратураның құрылысы, жұмыс принципі және пайдалану ережесі, механизмдерді, блоктарды, агрегатты станоктарды, топтық бірікпелер мен тәсімдерді күрделі электр монтаждау тәсілдері және оларды сынау әдістері, машиналарды, аспаптар мен автоматиканы сынау және жұмысқа қосу ережесі, кедергі және оқшаулау көлемін өлшеу тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1) Металл өңдеу станоктарының автоматты желілері- электр жабдықтарын толықтай монтаждау;
2) Өте күрделі электр тәсіммен арнайы белгіленген аппараттар-монтаждау және реттеу;
3) Қуатты кіші электр станцияларының жабдықтары – монтаждау;
4) Көп диапазонды және көп каскадты тәжірибелі таратқыштардың үлгілері – күрделі тәсімдер бойынша монтаждау;
5) Қуаты 1000 кВт-тан асатын электр кіші станциялары – монтаждау;
6) Электроникаға, радиотехникаға және телемеханикаға негізделген дербес күрделі электр монтажды тәсімдері бар бірнеше механизмдерден тұратын аспаптар – машина тәсімін өру және толықтай электр монтаждау;
7) Басқару және термореттеу пульттары – монтаждау;
8) Прецизионды және бірегей күрделі станоктар – электр жүйесін монтаждау;
9) Абоненттерінің саны 1000 асатын автоматты телефон станциялары – монтаждау;
10) Қуаты 20000 кВт-тан асатын күшті трансформаторлар – монтаждау және сынау.
881. Слесарь–электрмонтажшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі кемелерде, ұшақтарда, бірегей және прецизионды металл өңдейтін жабдықтарда, электр станцияларында күрделі эксперименталды электр машиналарын және аспаптарын, күрделі арнайы стандартты емес жабдықтарды механикалық және электр тізбектерін, автоматты қоректендіру және ретте құрылғыларымен бірге басқару пульттарын, сондай-ақ металл өңдеу станоктары автоматты желілерінің электр тәсімдері мен күрделі бөлшектерді өңдеу жөніндегі агрегаттарды монтаждау, толықтай бөлшектеу, жөндеу, баптау, реттеу, сынау және тапсыру. Бірегей және прецизионды жабдықтардың күрделі қорғау және байланыстыру аппаратурасын баптау. Механикалық және электр параметрлерінің байланысын сақтай отырып жиналатын жабдықтарды слесарлық өңдеу. Қашықтықтан басқару монтаждау-жапсарластыру және жетілдіру жұмыстары мен электр жүйелерінің сынамаларын орындау. Монтаждау процесінде ақаулықтар мен келген зияндықтарды анықтау және оларды жою. Қуаттылық жобасына сәйкес жөнделетін жабдықтарды, аспаптарды, механизмдер мен құрылғылардың жұмыс режимін тексеру және толтыру. Байлау және жүргізіп сынау уақытында ірі кемелердегі кеме жабдықтарын электрмен монтаждау бойынша жетілдіру жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: ұшақтарда техникалық шарттарға сәйкес, кемелерде – теңіз және өзен регистрлері ережелеріне сәйкес жөнделетін электр машиналарының, аспаптар мен күрделі жабдық механизмдерінің конструктивті ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптері.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1) Бағдарламалық басқарылатын электр вакуумды жабдықтар-бағдарламаларды баптай отырып толықтай монтаждау;
2) Металл өңдейтін, бірегей және прецизионды станоктар-электр механизмдерді сынау және тапсыру;
3) Бағдарламалық басқарылатын металл кесетін станоктар – баптау және сынау;
4) Илемді стандар – электр механизмдері мен электр қозғалтқыштарды, басқару пульттарын монтаждау, сынау, тапсыру.
Есептеу машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр механик
882. Есептеу машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр механик 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Есептеу, сомалау және есеп-перфорациялық, электр жалынды, термокопирлік, электр фотографиялық, жарық копирлік машиналарды, ротаторлар мен ротапринттерді ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету. Жай және орташа күрделіктегі механизмдерді бөлшекте, жөндеу, құрастыру және реттеу. Бөлшектерді жетілдіре және қиыстыра отырып 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Литерлік рычагтар жасау. Механизмдерді сынау және тапсыру. Түрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Кейіннен жетілдіре отырып аз жауапты бөлшектерді термоөңдеу. Жай электр тәсімдерді құрастыру және монтаждау. Анағұрлым жоғары білікті электр механиктің басшылығымен күрделі механизмдерді жөндеу және реттеу.
Білуге тиіс: күрделі емес есеп аппараттары мен көшіргіш-көбейткіш машиналардың қызметі, жұмыс істеу принципі және конструкциясы, есеп аппараттарының техникалық шарттары мен сынау әдістері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі мен құрылысы, әмбебап кесетін аспаптардың конструкциясы, металлдар мен қорытпалардың механикалық қасиеті, орындалатын жұмыс көлеміндегі электр механика негіздері.
883. Есептеу машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр механик 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Есептеу, сомалау және есеп-перфорациялық, электр жалынды, термокопирлік, электр фотографиялық, жарық көшірмелік машиналарды, ротаторлар мен ротапринттерді орташа жөндеу және қызмет көрсету. Есеп-талдау механизмдерін, есеп аппараттарын, жазу машиналары мен басқа да жекелеген тораптардың күрделі механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу. Үздіксіз көшіретін, ротациялық және таспалық үлгідегі электронды есептегіштерді, электрографикалық аппараттарды ағымдағы жөндеу. Бөлшектерді ауыстыру немесе қалпына келтіру. Бөлшектерді 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Жекелеген тораптар мен механизмдерді машинаға құрастыру және орнату. Есеп және жазатын машиналар жұмысының дұрыстығын тексеру. Орташа күделіктегі электр тәсімдерді құрау және монтаждау. Жөндеу түріне ақаулық ведомостілерін жасау.
Білуге тиіс: түрлі жүйедегі есеп және көшіргіш-көбейткіш машиналардың қызметі, жұмыс істеу принципі мен конструкциясы, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және құрылысы, арнайы кесетін аспаптардың конструкциясы, оқшаулау материалдарының қасиеті, орташа күрделіктегі электр тәсімдерін жасау және монтаждау тәсілдері, микроажыратқыштардың, релелердің құрылысы, біріктіру тәсімдері, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.
884. Есептеу машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр механик 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Есептеу, сомалау және есеп-перфорациялық, электр жалынды, термокопирлік, электр фотографиялық, жарық копирлік машиналарды, ротаторлар мен ротапринттерді күрделі жөндеу және қызмет көрсету. Үздіксіз көшіретін, ротациялық және таспалық үлгідегі электронды есептегіштерді, электрографикалық аппараттарды орташа жөндеу. Есептеу аппараттары мен жазу машиналарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Пісіруді қажет ететін түрлі бөлшектерді ауыстыру, өңдеу, қиыстыру. Тораптар мен бөлшектерді орнату және реттеу. Күрделі электр тәсімдерді құрау және монтаждау. Литерлік рычагтар мен шрифтіні ауыстыру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналардың конструкциясы, электр моторлардың, түзулегіштердің, трансформаторлардың, соленоидтер мен жоғары вольтты блоктардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі, эксцентриктерді тексеру принциптері, күрделі электр тәсімдерді құрау және монтаждау тәсілдері, орындалатын жұмыс шегінде электроника негіздері.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
885. Есептеу машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр механик 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз көшіретін, ротациялық және таспалық үлгідегі есептік-сомалайтын, есептеу, фактуралық машиналарды, жартылай автоматтарды, электронды есептегіштерді, қосымшаларды және электронды машиналарды, электрографиялық аппараттарды кіргізу-шығару құрылғыларын күрделі жөндеу және қызмет көрсету. Күрделі және жауапты тораптарды, механизмдер мен бөлшектерді қалпына келтіру және ауыстыру. Электр жабдықтарды, электр аппаратурасын тексеру және қалпына келтіру және монтаждау. Машинаны жалпы құрастыру және реттеу. Байланыстырудың үлгілік тәсімдері бойынша машинаның жұмысын тексеру және оларды пайдалануға беру.
Білуге тиіс: барлық жүйедегі күрделі есеп-есептеу және көшіргіш-көбейткіш машиналардың конструктивтік ерекшеліктері, кинематикалық және электрлік тәсімдері, құрылысы, машиналарды жөндеу, құрастыру, монтаждау және тексеру ережесі, күрделі және жауапты тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдері, жұмыс істейтін тораптардың шекті жүктемесі, күрделі есеп-есептеу машиналарын жөндеудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттары.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик
886. Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық жабдықтың құрамындағы бағдарламалық басқарылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және электр автоматикасы құралдарының, электр жетектермен реттелетін есептеу техникасы және құрылғылары, электр механикалық, электрондық және электрлік элементтерінің блоктардың жекелеген тораптарын, блоктары мен механизмдерінің тәсімдерін ала отырып жөндеу, технологиялық қызмет көрсету, құрастыру, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және тапсыру.
Білуге тиіс: жекелеген тораптарды, блоктар мен механизмдердің құрылысы, қызмет көрсетілетін жабдықтың қызметі, пайдалану шарттары мен жұмысы туралы негізгі мәліметтер, жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістері, кинематикалық беріліс және техникалық тартпалар, электр механикасы мен радиотехника негіздері.
887. Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық жабдықтың құрамындағы ауыспалы блоктарды, механизмдер мен блоктарды ауыстырып немесе жетілдіріп және қиыстыра отырып, бағдарламалық басқарылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және электр автоматикасы құралдарының, электр жетектермен реттелетін есептеу техникасы және құрылғылары, электр механикалық, электрондық және электрлік элементтерінің блоктардың жекелеген тораптарын, блоктары мен механизмдерінің тәсімдерін ала отырып жөндеу, техникалық қызмет көрсету, құрастыру, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және тапсыру. Бағдарламалық құралдарды немесе автономды аспаптарды ауыстырудың ауыспалы блогы немесе үлгілік элементіне дейінгі дәлдікпен электронды блоктар мен тораптардың ақаулықтарын диагностикалау. Реттелетін электр тартпалардың, бағдарламалық басқарылатын құрылғылардың электронды, электрлік және электр механикалық блоктары мен тораптарын, ұқсас-сандық құрылғыларын жөндеу және реттеу. Бағдарламаларды қолмен енгізу және олардың өңделуін бағдарламалық басқару жүйелерінде бақылау.
Білуге тиіс: электронды құрылғылар мен блоктардың конструктивтік және электрлік ерекшеліктері, электронды құрылғылардың құрылысы мен қызметі, олардың жұмыс істеу алгоритмі мен басқа құрылғылармен өзара байланысы, электронды блоктар мен тораптарды диагностикалау және тестілеу әдістері, жабдықтарға қызмет көрсету әдістері мен тәртібі, ауыспалы электронды тораптар мен блоктарды жөндеу және қалпына келтіру әдістері, электронды құрылғының жұмыс қабілетіне қойылатын техникалық талаптар, бағдарлау, нақты механика, автоматика, есептеу техникасы негіздері.
888. Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарт талаптарына сәйкес және тестілік бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалана отырып жабдықтардың электронды, электрлік және электр механикалық элементтерін, есептеу техникасы құралдарын, автоматика, станоктар мен бағдарламалық басқарылатын жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, толықтай автономды және кешенді тексеру, сынау, монтаждау, баптау және тапсыру. Микроэлектронды және интегралды тәсімдердің негізінде жобаланған электронды құрылғылар мен бұйымдарды жөндеу, баптау және сынау. Ақаулықтарды ауыстырудың функционалдық үлгілік элементіне дейінгі дәлдікте іздеу. Электронды құрылғы басқару, бағдарламалық басқару, есептеу техникасы, ұқсас-сандық құрылғылар платаларын жөндеу. Бағдарламалық басқару жүйелеріндегі ақаулықтарды диагностикалау. Жаңа техниканың сериялық үлгілерінде жұмыс орындау. Бағдарламалық басқарылатын және істемей қалған ауыспалы тораптарды ауыстыра, жабдықтарды реттей және ішінара бөлшектей отырып есептеу техникасы, автоматика құралдары, бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғылары, станоктар мен жабдықтар жүйелерінің істен шығу ағынын болдырмау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, бағдарламалық басқарылатын жүйелердің принципиалды және функционалды тәсімдері, қызмет көрсетілетін жабдықтардың, блоктар мен тораптарды бөлшектеу, құрастыру, жөндеу, монтаждау, реттеу және сынау әдістері, қолданылатын керек-жарақтарды, технологиялық жабдықтар мен микробағдарламалық қамсыздандыруды, кіші жүйелер мен кешендер құрамындағы жекелеген құрылғылар мен бұйымдарды қолдану принциптері мен өзара іс-әрекеті, ТЭЗ және қоректендіру көздерін жөндеу кезінде стенділік жабдықтармен жұмыс істеу әдістері, жекелеген құрылғыларды, блоктарды, аспаптар мен тораптардың жұмыс режимдерін орнату принципі және бағдарламалық басқарудың арнайы жүйелерін пайдалана отырып оларды тапсыру, құрылғы және блоктар командасы жүйесі, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен сынау стенділерінің пайдаланылатын үлгілерінің құрамы, үлгісі және жұмыс әдістері, микроэлектротехника негіздері.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
889. Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарт талаптарына сәйкес және тестілік бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалана отырып жабдықтардың электронды, электрлік және электр механикалық элементтерін, есептеу техникасы құралдарын, автоматика, станоктар мен бағдарламалық басқарылатын жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, толықтай автономды және кешенді тексеру, сынау, монтаждау, баптау және тапсыру. Микропроцессорлық интегралды элементтер сериясының базасындағы ауыспалы торап және блоктың технологиялық жабдық құрамын жөндеу. Бағдарламалық және микробағдарламалық қамсыздандыру пакеттерін пайдалана отырып электронды микробағдарламалық жабдықтарды диагностикалау. Пропорционалды және пропорционалды емес электр тартпаларының электронды бөлігін жөндеу, реттеу және қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың тораптары, блоктары мен механизмдерін қалпына келтіру.
Білуге тиіс: электронды микропроцессорлық жабдықтардың конструкциясы, қызметі, шарттары, электронды микропроцессорлық жабдықтарды электрлік, электронды автономды және кешенді баптау тәсілдері мен әдістері, электронды интегралды тәсімдердің, команда жүйелерінің қолданылатын микропроцессорлық серияларының сәулеті мен жұмыс істеу алгоритмі, құрылғылар мен блоктарды бағдарламалау тәсілдері мен әдістері, бағдарламалық басқарылатын микропроцессорлар, электр автоматика, станоктар мен жабдықтар базасындағы электронды құрылыс жабдықтарын жөндеуге қойылатын техникалық талаптар, интегралды микротәсімдер мен басқа да жинақтаушы бұйымдардың импорт аналогтары.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
890. Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Микропроцессорлар, мини және микро ЭЕМ, бағдарламалық басқарылатын көп операциялы станоктардың басқару модульдері, роботталған техникалық кешендер, икемді өндіріс жүйелері, дербес ЭЕМ және терминалдық құрылғыларын телеөңдеу жүйесі базасындағы электронды құрылғыларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және пайдалануға беру. Электронды тораптар мен модульдерді жабдық құрамындағы электронды элементтің дәлдігіне дейін диагностикалау. Бұзылған электронды элементтерін ауыстыра отырып құрылғыларды бөлшектеу және тораптарды жөндеу. Электронды басқару құрылғысын автономды және жұмыс режимінде реттеу, баптау және тексеру. Мини және микро ЭЕМ басқаратын электр тартпаларды жөндеу және реттеу. Электронды басқару құрылғыларындағы бағдарламаларды дайындау, енгізу және баптау.
Білуге тиіс: микропроцессорлар базасындағы электронды құрылғылардың немесе мини және микро ЭЕМ және микропроцессорлардың басқаруымен жұмыс істейтін конструкциялық, электрлік және басқа да ерекешеліктері, микропроцессорлық құрылғылар мен бұйымдарды диагностикалау және жөндеу әдістері, микропроцессорлық техника базасындағы бақылау-өлшеу және диагностикалау аппаратурасының құрылысы, қызметі және пайдалану мүмкіндіктері, мини және микро ЭЕМ және микропроцессорлар базасындағы электронды жабдық құрылғыларын жөндеуге қойылатын техникалық талаптар, тәсім техникасының, микропроцессорлық техникасының, робототехника негіздері, икемді өндіріс жүйесі (бұдан әрі - ИӨЖ) құрылу принципі.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
891. Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик 8-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жабдық жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған интегралды тәсім микропроцессорлық сериялар, бағдарламалық басқару құрылғылары мен электр автоматика базасындағы бағдарламалық басқарылатын электронды техниканың тәжірибелік үлгілерін, жабдықтарды жаңғыртуды әзірлеуге және конструкциялауға қатысу. Матрицалық тәсімдер мен басқа да күрделі электронды жабдықтар базасындағы деректерді жіберу аппаратурасына кешенді техникалық қызмет көрсету, баптау, жөндеу, тексеру, сынау, монтаждау және пайдалануға тапсыру. Микропроцессорлық жабдықтарды, электронды басқару аппаратурасы мен үлкен дәрежелі интеграцияның микропроцессорлық тәсімдері базасындағы деректерді жіберу аппаратурасын диагностикалау. Электр тартпаларды, басқару жүйелерін, есептеу кешендерін жөндеу және параметрлік баптау. Роботтехникалық кешен (бұдан әрі – РТК) және ИӨЖ электронды құрылғыларын кешенді реттеу.
Білуге тиіс: үлкен және орта дәрежедегі интеграциялаудың тапсырысты тәсімдерінің сәулеті, жұмыс істеу алгоритмі мен машина командаларының жүйесін, басқару жүйелерінің және жергілікті және ғаламдық желілердегі деректерді жіберу жүйесінің конструкциялық және сәулеттік ерекшеліктері, түрлі контроллерлерді пайдалана отырып РТК, ГПС нақты режимінде және деректер жіберу жүйелерінде болатын ақаулықтарды диагностикалау және жою әдістері, басқару жүйесі электронды жабдықтарын және деректер жіберу аппаратурасын қайта баптау әдістері мен тәсілдері.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
«Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 9- бөлімінің 9-қосымшасында келтірілген.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (2-шығарылым) 1- қосымша
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік сілтегіші
Р/с№
|
Кәсіптер атауы
|
Разряд
диапазоны
|
Беті
|
1
|
Автоматика құралдары және технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик
|
3-8
|
701
|
2
|
Автоматтар мен автомат желілерде құюшы-оператор
|
4
|
63
|
3
|
Автоматтар мен жартылай автоматтарды баптаушы
|
4-6
|
342
|
4
|
Автоматты желілердегі термист -операторы
|
4-5
|
291
|
5
|
Автоматты және жартылай автоматты желілердегі оператор-гальванші
|
3-4
|
495
|
6
|
Автоматты және жартылай автоматты желілердегі ұста-оператор
|
3-5
|
289
|
7
|
Автоматтық желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы
|
4-8
|
339
|
8
|
Автоматы және жартылай автоматты машиналардағы электр дәнекерлеуші
|
2-6
|
150
|
9
|
Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь
|
1-6
|
627
|
10
|
Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші
|
1-6
|
40
|
11
|
Ажарлағыш станоктарды баптаушы
|
4-6
|
351
|
12
|
Ажарлаушы
|
2-6
|
442
|
13
|
Айналдырушы токарь
|
2-6
|
410
|
14
|
Алюминдеуші
|
4-5
|
456
|
15
|
Антикоррозилеуші
|
3-4
|
457
|
16
|
Арамен, қол арамен және станокпен кесуші
|
2-3
|
230
|
17
|
Арнайы станоктарда бұранда кесуші
|
2-4
|
368
|
18
|
Астауларды түзетуші
|
2-5
|
470
|
19
|
Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
|
1-6
|
657
|
20
|
Ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларды жөндеуші
|
4-6
|
573
|
21
|
Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы
|
4-8
|
346
|
22
|
Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы
|
2-5
|
357
|
23
|
Бағдарлы кристалдандыру әдісімен құюшы
|
3-5
|
30
|
24
|
Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші
|
2-5
|
129
|
25
|
Бакелитші (сіңдіруші)
|
2-3
|
459
|
26
|
Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь
|
2-8
|
616
|
27
|
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы
|
4-8
|
568
|
28
|
Балға және пресс ұстасы
|
2-6
|
261
|
29
|
Балға, пресс және манипулятор машинисі
|
2-5
|
281
|
30
|
Балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушы
|
1-4
|
93
|
31
|
Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші
|
1-4
|
34
|
32
|
Бастырмалатушы
|
1-4
|
193
|
33
|
Белгі қоюшы
|
2-6
|
581
|
34
|
Біліктеуші
|
2-5
|
185
|
35
|
Бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеуші
|
2-6
|
531
|
36
|
Бұйымдар мен құралдарды құрастырушы
|
2-4
|
551
|
37
|
Бұйымдарды күйдіруші
|
2-4
|
522
|
38
|
Бұранда ажарлаушы
|
2-6
|
371
|
39
|
Бұранда фрезерлеуші
|
2-4
|
369
|
40
|
Бұрғылаушы
|
2-5
|
374
|
41
|
Бұрғылаушы-пневматик
|
1-4
|
589
|
42
|
Вакуумды, орталықтан тепкіш-вакуумды және орталықтан тепкіш құйма құюшысы
|
2-5
|
27
|
43
|
Винипласт бойынша дәнекерлеуші
|
1-5
|
579
|
44
|
Газбен кесуші
|
1-5
|
108
|
45
|
Газбен дәнекерлеуші
|
2-6
|
112
|
46
|
Гальваншы
|
2-6
|
461
|
47
|
Герметикалығын сынаушы
|
2-5
|
549
|
48
|
Гидроқұм бүркуші
|
2-3
|
7
|
49
|
Гидротазалаушы
|
2-4
|
8
|
50
|
Гипс үлгілерін үлгілеуші
|
2-5
|
35
|
51
|
Градуирлеуші
|
2-5
|
540
|
52
|
Дайындамаларды электрохимиялық тазалау операторы
|
2-4
|
65
|
53
|
Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы
|
3-6
|
120
|
54
|
Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы
|
2-6
|
118
|
55
|
Дәнекерлеуші
|
2-5
|
288
|
56
|
Дәнекерлеуші
|
1-5
|
576
|
57
|
Диффузиялық тәсілмен мырыштаушы –хромдаушы
|
2-4
|
506
|
58
|
Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі
|
3-6
|
127
|
59
|
Егеулерді, түрпілер мен араларды кертуші
|
1-4
|
352
|
60
|
Есептеу машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр механик
|
3-6
|
699
|
61
|
Жартылай автоматты токарь
|
2-5
|
417
|
62
|
Жаюшы
|
3-6
|
298
|
63
|
Желдету, салқындату жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь
|
3-5
|
643
|
64
|
Желкелік өңдеуші токарь
|
2-5
|
407
|
65
|
Жер өңдеуші
|
1-3
|
16
|
66
|
Жетілдіруші-ысқылаушы
|
2-6
|
316
|
67
|
Жол машиналары мен механизмдерін жөндеу жөніндегі слесарь
|
2-6
|
654
|
68
|
Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь
|
1-6
|
633
|
69
|
Жүк тиеу машиналарын жөндеу қызмет көрсету жөніндегі слесарь
|
1-6
|
638
|
70
|
Жүргізуші-сынаушы
|
2-6
|
534
|
71
|
Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
1-8
|
644
|
72
|
Жылтыратушы
|
2-5
|
363
|
73
|
Жылу аппаратурасы жөніндегі слесарь
|
2-5
|
674
|
74
|
Зімпарашы
|
1-3
|
54
|
75
|
Ине тәрізді роликтер мен шариктерді біліктеуші
|
4
|
188
|
76
|
Қабатты вакуумде жағу бойынша құрылғылардың операторы
|
3-6
|
501
|
77
|
Қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарының бақылаушысы
|
2-5
|
206
|
78
|
Қазандықшы
|
2-6
|
209
|
79
|
Қайраушы
|
2-5
|
323
|
80
|
Қалпына келтіру құрылғысының машинисі
|
4
|
34
|
81
|
Қалыптар мен металды күкірт ұнтағымен тозаңдандыру
|
2
|
68
|
82
|
Қалыптарды құрастырушы
|
1-6
|
72
|
83
|
Қалыптау және өзектеу машиналарын баптаушы
|
3-5
|
56
|
84
|
Қаңқа жасаушы
|
2-3
|
17
|
85
|
Қаңылтырлар мен құбырларды лактаушы
|
2-4
|
471
|
86
|
Қаңылтыршы
|
2-5
|
543
|
87
|
Қарайтушы
|
1-2
|
460
|
88
|
Қайраттаушы
|
1
|
513
|
89
|
Қашаушы
|
2-4
|
320
|
90
|
Кең бейінді станокшы
|
2-6
|
380
|
91
|
Кескіндеуші
|
1-4
|
224
|
92
|
Қозғалтқыштарды сынаушы
|
4-6
|
548
|
93
|
Кокильші-құрастырушы
|
1-5
|
19
|
94
|
Қолмен қалыптау өзекшісі
|
2-5
|
80
|
95
|
Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші
|
2-6
|
160
|
96
|
Қолмен қалыптаушы
|
2-6
|
95
|
97
|
Қолмен соғатын ұста
|
2-5
|
268
|
98
|
Қолмен түзетуші
|
1-5
|
221
|
99
|
Конвейерлік пештің операторы
|
3
|
522
|
100
|
Қопару әдісімен штампылаушы
|
3-6
|
245
|
101
|
Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы
|
2-4
|
14
|
102
|
Қорғасыншы
|
2-5
|
503
|
103
|
Көгертуші
|
2
|
301
|
104
|
Кузовтарды тегістеуші
|
3-5
|
231
|
105
|
Құбыр июші
|
1-5
|
190
|
106
|
Құймаларды пісіруші
|
2-4
|
10
|
107
|
Құймаларды іріктеуші
|
1-2
|
77
|
108
|
Құймаларды қағымдаушы
|
2-3
|
5
|
109
|
Құйманы электрогидравликалық тазалау операторы
|
2-4
|
64
|
110
|
Құлап тұратын балғамен штампылаушы
|
2-5
|
247
|
111
|
Құрсаушы
|
3-4
|
251
|
112
|
Құю машиналарын баптаушы
|
3-5
|
55
|
113
|
Құю өндірісіндегі бақылаушы
|
2-5
|
22
|
114
|
Құю өндірісіндегі тасымалдаушы
|
1-3
|
87
|
115
|
Құю цехтарын жинап тазалаушы
|
1-3
|
88
|
116
|
Қыздырушы
|
2-4
|
253
|
117
|
Қырнаушы токарь
|
2-6
|
419
|
Достарыңызбен бөлісу: |