4. Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары
Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы
224. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарында тойтармаларды, бұрандаларды, бұрандалы шегелерді, шайбаларды, тірек кнопкаларды, белдікшелерді және де басқа сымның (шыбық тәрізді) екі диаметріне дейін отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. Сым және шыбық тәрізді автоматқа жіберу. Шеге немесе сым текстерін шеге жасайтын автоматтарда дайындау. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдарды түрлі құрылым автоматтарында түсіру. Жартылай автоматта гайкаларды бұрандаларға бұрау. Бір соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарын баптау.
Білуге тиіс: суықтай түсіру, гайка кесу және шеге жасайтын автоматтардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі, қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының және қолданылатын айлабұйымдардың қызметі мен қолдану ережесі, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалары, сызбалар мен калибрлердегі квалитеттердің белгіленуі және кедір-бұдырлық параметрлері.
225. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Екі соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарында тойтармаларды, бұрандаларды, бұрандалы шегелерді, шайбаларды, тірек кнопкаларды, белдікшелерді және де басқа сымның (шыбық тәрізді) төрт диаметріне дейін отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. "Вафиос-70" үлгідегі шеге жасайтын автоматтарда шеге, текс және шплинттер жасау. Комбайн автоматтарда және ағынды желілердегі жабдықтарда бұрандалар, бұрандалы шегелер, теспелер және серіппелік шайбалар жасау. Автомат станоктарда суықтай шыбық тәрізді металлдан жасалған кескіндер жасау. Бекіту бұйымдарының ілгектерін станоктарда ию. 8-11 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдардың түрлі құрылымын автоматта түсіру. Бір матрицадағы бос өзекшелі бұйымдарды (тойтармаларды) түсіру. Үлгі немесе шаблон бойынша әмбебап және арнайы өлшеу құралымен жасалатын бөлшектерді тексеру. Кесетін аспаптың жай-күйін, майлау және салқындату жүйесін қадағалау. Бұрандалардың қалпақшаларын кесетін автоматтарда кесу. Екі соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін автоматтарды баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомат тетіктерінің құрылымы мен қызметі және олардың кинематикалық тәсімдері, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану ережесі, кедір-бұдырлықтың шегі және отырғызу, квалитеттер және параметрлер туралы түсініктер.
226. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көп соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін алмалы-салмалы матрицалы автоматтардан сымның (шыбық тәрізді) төрт диаметрден жоғары отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. Диаметрі 17 мм-ге дейінгі дайындамалардан болттарды, гайкаларды және басқа да бұйымдарды көп позициялық, құрастырылған, калибрлі автоматтар мен комбайн автоматтармен түсіру, илемдеу, кесу, бөлшектеп кесу. Барлық үлгідегі «Вафиос-70» басқа, шеге жасау автоматтарында шеге және текстер жасау. Болт түсіру автоматтарымен түзу және крест тәрізді шлицті бұранданы және ішкі алты қырлы болттарды түсіру. Жетектерді, арнайы болттарды және басқа да осыған ұқсас бұйымдарды сығымдаушы жартылай автоматтардан түсіру. Жұлдызшаларды екі соққылы түсіру және кесу автоматтарынан түсіру. Екі матрицадағы бос өзекшелі тойтармаларды түсіру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдардың түрлі құрылымды автоматтарынан түсіру. Құнды металлдан жасалған монометалл құрылымдарды және олардың қорытпаларын түрлі құрылымдағы автоматтардан түсіру. Көп соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін автоматтарды баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың құрылымы, дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кедір-бұдырлықтың шектері және отырғызу, квалитеттері мен параметрлері, өңделетін металдар мен материалдардың механикалық қасиеттері.
227. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 17 мм-нен жоғары дайындамалардан болттарды, гайкаларды және басқа да бұйымдарды көп позициялық, құрастырылған, калибрлі автоматтар мен комбайн автоматтармен түсіру, илемдеу, кесу, бөлшектеп кесу. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді, бұйымдарды түрлі құрылымдағы автоматтардан түсіру. Қымбат бағалы металлдардан жасалған плакирленген қабатты биметалды байланыстарды және олардың қорытпаларын көп позициялы автоматтарда бұйым дайындамаларының құрамдас бөліктерін дәнекерлей отырып түсіру. Көп позициялы, құрастырылған, калибрлі суықтай түсіру автоматтары мен комбайн автоматтарын баптау.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі автоматтардың құрылымы, кинематикалық тәсімі мен баптау тәсілдері, күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымдары, кедір-бұдырлықтың шекті және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.
Біліктеуші
228. Біліктеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Суықтай қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі және ыстықтай 20 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металдан жасалған түрлі біліктер мен сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін кейіннен сызғыш және шаблон бойынша түзете отырып біліктеу. Ірі жайпақ және сұрыпты металл біліктерде суық және ыстық күйде берілген конфигурациясын қамтамасыз ете отырып, кіші радиуста дөңгелетіп бұрыштарын ию және біліктеу, төсемдер арқылы ию және түзету. Түсті металдан жасалған сымдарды таспаға тарату. Біліктілігі жоғарылау біліктеушінің басшылығымен қалыңдығы суықтай 10-дан жоғары 20 мм-ге дейінгі және ыстық күйде 20-дан 30 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металлдан жасалған бөлшектердің түрлі біліктерінде біліктеу, түзету және ию. Біліктерді реттеу. Сығымдағыштар мен біліктегіштердің біліктеу, түзету және ию процесін жергілікті және қашықтықтан басқару пультімен басқару. Ілмектеу жұмыстарын орындау, кран машинистіне белгі беру және жұмыс орны шеңберінде жүкті көтеру, жылжыту және қалау кезінде қадағалау.
Білуге тиіс: бір үлгідегі біліктер мен сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс қағидаты, біліктеу және ию кезіндегі жұмыс тәсілдері мен операцияларының кезектілігі, бөлшектерді біліктегіштерде және сығымдағыштарда өңдеу кезінде бекіту тәсілі, металдың ыстықтай және суықтай біліктеу және ию кезіндегі бұзылуы, суықтай және ыстықтай біліктеуге арналған әдіптер, арнайы айлабұйымдар мен аспаптардың құрылымы, ыстықтай біліктеу үшін металдың қызу деңгейі, ілмектеу жұмыстары ережесі.
Жұмыс үлгілері
1) Тізбек буындары – біліктеу;
2) Жолақты, төрбұрышты немесе бұрыш болаттан жасалған сақиналар – қолмен жеткізе отырып ию;
3) Ернеушелерге арналған жаймалар – дәнекерлегенде жиектерін біліктерде жеткізе отырып ию;
4) Түтін камераларының жаймалары – біліктегіштерде ию;
5) Жайпақ металдан жасалған диаметрі 1500 мм-ге дейінгі цилиндрлі ернеушелер – біліктеу;
6) Коникалық келте құбырлар – біліктеу;
7) Құбыржолдар мен түтін құбырлары – біліктеу және түзету.
229. Біліктеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металлдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 10-нан жоғары 20 мм-ге дейінгі және ыстық күйінде 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін біліктерде, сығымдағыштарда және қолмен ию. Суықтай күйде қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі және ыстықтай 20 мм-ге дейінгі жайпақ металлдан жасалған конусты ернеушелер мен жартылай ернеушелерді ию. Бір-екі иіні бар бөлшектерді иетін машиналарда ию. Сығымдағыштарда және қолмен жиектерін түзету, ернеушелерін шаблондар мен сызғыш бойынша түзету. Түсті метал таспаларын біліктеу және калибрлеу. Ыстық күйінде қалыңдығы 30 мм-ге дейінгі шыбық тәрізді металдан жасалған бөлшектерді көлденең біліктеу машиналарында біліктеу. Біліктілігі жоғарылау біліктеушінің басшылығымен қалыңдығы суықтай 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі және ыстық күйде 30-дан 40 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металлдан жасалған бөлшектердің түрлі біліктерінде біліктеу, түзету және ию. Біліктерді баптау. Жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі біліктер мен сығымдағыштардың құрылымы, жұмыс істеу қағидаты мен баптау ережесі, жайпақ металдың қалыңдығына, радиусының иілгіштігіне және болаттың маркасына қарай біліктерді реттеу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, біліктеу және ию кезінде металдың бұзылуына әсер ететін металдардың механикалық қасиеті, июге және біліктеуге арналған түрлі қалыптардың, айлабұйымдардың және төсемдердің құрылымдары.
Жұмыс үлгілері
1) Дәнекер барабандар – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу;
2) Ыдыс бұйымдарының корпустары мен жартылай корпустары дайындамалары – біліктеу және пакетпен ию;
3) Қопсытқыш тістері – қалыптап біліктеу;
4) Металл шаруашылық бұйымдары – корпустар мен жартылай корпустарды пакетпен біліктеу және ию;
5) Конустар - қашауларды біліктеу;
6) Диаметрі 1500-ден жоғары 3000 мм-ге дейінгі жайпақ металдан жасалған цилиндрлі ернеушелер - біліктеу;
7) Бұрыштары үлкен коникалық металл құрылымдарға арналған келте құбырлар – ию;
8) Фонарьлар, ағысты түзеткіштер, радиаторлар, корпустар мен кронштейндер – біліктеу, ию;
9) Үлкен қалыңдықтағы жайпақ металдан жасалған цилиндрлер – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу.
230. Біліктеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металлдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі және ыстық күйінде 30-дан жоғары 40 мм-ге дейінгі түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Қалыңдығы 60 мм-ден жоғары шыбық тәрізді металдан жасалған бөлшектерді көлденең біліктеу машиналарында ыстықтай біліктеу. Жоғары көміртекті, арнайы маркадағы болатты, жоғары дәлдіктегі құнды және түсті металдарды суықтай илемдеу. Суықтай қалыңдығы 10 мм-ден жоғары және ыстықтай 20 мм-ден асатын жайма металдан жасалған конусты ернеушелер мен жартылай ернеушелерді ию. Үш немесе одан да көп иілген бөлшектерді иетін машинада ию. Бір және көп клеткалы стандарда жоғары көміртекті және арнайы маркадағы болаттан жасалған таспалар мен үлгілік пішіндерді илемдеу. Біліктеуге арналған металл қыздыру режимін реттеу. Барлық түрдегі баллондардың түптері мен мойындарын биллетирлеу. Түзетудің, июдің және біліктеудің барлық түрлеріне арналған біліктерді баптау.
Білуге тиіс: біліктердің, сығымдағыштар мен көлденең біліктейтін машиналардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, ыстықтай және суықтай біліктеу процесіндегі жайма металлдың қасиеттері, біліктеу жұмыстарына арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, ыстық және суық күйінде июдің және біліктеу жолдары, көтергіш механизмдердің, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, арнайы айлабұйымдардың құрылымы, аспапты бөлшектеу, құрастыру, реттеу ережесі, металлды қыздыру режимін.
Жұмыс үлгілері
1) Иінді біліктер – ию;
2) Болат кескіндерден жасалған сақиналар – біліктердің қабырғаларын ию;
3) Капсюльді бұйымдарға арналған металлды таспалар – дәлме-дәл биллетирлеу;
4) Сыртын қаптауға арналған жаймалар мен металл құрылымдар – ию;
5) Диаметрі 3000 м-ден жоғары цилиндрлі ернеушелер – жайма металлдан біліктеу;
6) Коникалық аралық келте құбырлар – шаблон бойынша ию.
231. Біліктеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металлдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 30-дан жоғары және ыстық күйінде 40-тан жоғары түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Каркастар, макеттер және модельдер бойынша күрделі бөлшектерді ию. Көп клеткалы стандарда болат пен қорытпа қоспаланған маркалардан жасалған жұқартатын таспаларды күшейту. Стандарды баптау. Таспаның түрлі өлшемдерін илемдеу үшін біліктер мен роликтер теңшеу және реттеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, бірегей және арнайы айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын теңшеу және реттеу ережесі, берілген дәлдікке қол жеткізу тәсілдері, илемді болат пен қорытпалардың химиялық құрамы, жасалатын өнімге қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері. Каркас бойынша ию:
1) Ағызба бөлшектері;
2) Дейдвудты жаймалар;
3) Префорирленген жаймалар.
Ине тәрізді роликтер мен шариктерді біліктеуші
232. Ине тәрізді роликтер мен шариктерді біліктеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес бунттық және шыбық тәрізді материалдан жасалған түрлі мөлшердегі ине тәрізді роликтер мен шариктерді суық күйінде біліктеу автоматтарында илеу және біліктеу. Аспапты орнату. Жұмыс процесінде пышақтар мен біліктерді ауыстыру. Бақылау-өлшеу аспаптары арқылы шариктер мен роликтердің диаметрлерін, жүзін және ұзындықтарын өлшеу. Автоматтардың жұмысын қадағалау және оларды баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін біліктеу автоматтарының құрылымы, кинематикалық тәсімдері, баптау және дәлдігін тексеру ережесі, аспа құрылысы ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, рұқсат берілген шегі мен отырғызу жүйесін.
Созушы
233. Созушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 30 мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Материалды станға жіберу. Материалдың ұшын ұштау машиналарында ұштау. Созу жылдамдығын реттеу. Стандарды баптауға, созғыштарды ауыстыруға және шыбықтарды созуға дайындауға қатысу. Материалдың ұшын машиналарда өру, біліктеу. Металлды созғыштардан өткізу, оның ұштарын созу арбасымен бекіту немесе ұшын ұстау. Жоғарырақ білікті созушының басшылығымен шыбық тәрізді шыбық материалды 30-дан жоғары 70 мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу.
Білуге тиіс: бүр үлгідегі созу стандарының жұмыс істеу қағидаты, созуға арналған шыбықтардың ұштарын дайындау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, суықтай созатын бұйымдар өндірісінің принципиалды тәсімі, термоөңдеу аралық операциялары мен қосымша операциялар, бұйымдарды өңдеу және тапсыру ережесі, өңделетін металдарды негізгі механикалық қасиеті, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.
234. Созушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 30 мм-ден жоғары 70мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Созғыштарды және созу жылдамдығын берілген технология және созу режимі бойынша орнату. Созу стандарын, алмалы-салмалы және көтергіш механизмдері мен салқындату жүйесін баптау. Жоғарырақ білікті созушының басшылығымен шыбық тәрізді шыбық материалды 70 мм-ден астам кесіп созу стандарында созу және калибрлеу.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу стандары мен созуға арналған қосымша жабдықтың құрылымы, жұмыс істеу қағидатыжәне баптау ережесі, созу процесінің негіздері, созу станының шекті жүктемесі, созғыштарды орнату және ауыстыру тәртібі, жасалатын сым мен шыбыққа мемлекеттік стандарт бойынша қойылатын талаптар, биркалы жүйені сақтау ережесі, бақылау-өлшеу аспабы мен арнайы айлабұйымдардың құрылымы, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.
235. Созушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 70мм-ден астам кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Шыбықтан жасалған дәлме-дәл фасондық кескіндерді созу. өңдегеннен, шайғаннан, сарғайтқаннан және әктегеннен кейін металлды созуға дайындау сапасын айқындау және созғыш аспаптың жұмысқа жарамдылығын айқындау. Дайындаманың өлшемін есептеу. Созу жылдамдығын бекіту. Созу стандарын, ұштау машиналарын, алмалы-салмалы және көтергіш механизмдері мен салқындату жүйесін баптау.
Білуге тиіс: түрлі созу стандары мен созуға арналған басқа да жабдықтың кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, сығудың шекті көлемі және созу жылдамдығы, шикізатқа және дайындалатын өнімге техникалық шарттары, созу кезінде металлдың сапасына өңдеудің және күйдірудің әсері, түрлі металлдарды созу кезектілігі мен ауыспалы саны, арнайы айлабұйымдардың құрылымы, орындалатын жұмыс шегінде металл өңдеу және термиялық өңдеу негіздері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.
236. Созушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тез бұзылмайтын, ыстыққа төзімді, күрделі қоспаланатын және басқа да арнайы маркадағы болатқа ыстықтай металды қыздыруға арналған құрылғыға (қорғасын немесе тұз бұлаулар, ТВЧ құрылғылары, электр байланысты қыздыру және т.б.) бір мезгілде қызмет көрсете отырып, шыбық тәрізді және бунтты металлды созу стандары мен арнайы желілерінде созу және калибрлеу. Созуға дайындалған металлдың сапасын, қызу температурасын, созу жылдамдығы мен созғылау санын айқындау. Байланыс құрылғылары мен ТВЧ құрылғыларында металлды қыздыру режимін айқындау. Металлды қыздыруға арналған созу стандары мен құрылғыларын баптау. Жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу стандарының, қыздыру құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен жұмыс істеу қағидаты, фильера орнату және ауыстыру әдістері, металл өңдеу және металлды қысыммен өңдеу негіздері мен теориясы, металлды созу, өңдеу және термоөңдеудің оны созғанда сапасына әсері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.
Құбыр июші
237. Құбыр июші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта бір жерінен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды суықтай ию. Жоғарырақ білікті құбыр июшінің басқаруымен бір және бірнеше жазықтықта бірнеше жерден иілген құбырларды айлабұйымдар және құбыр ию станоктарын арқылы шаблон бойынша суықтай ию. Құбыр июден алдын шаблондарды қиыстыру.
Білуге тиіс: құбыр игіш станоктардың құрылымы, олардың маңызды бөліктерінің атаулары мен қызметі, жұмыста қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі, күрделі емес сызбаларды оқу ережесі.
Жұмыс үлгілері
Диаметрі 38 x 3 мм-ге дейінгі, ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі құбырлар - ию.
238. Құбыр июші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта бірнеше жерінен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды шаблон бойынша айлабұйымдар немесе бапталған құбыр игіш станоктар арқылы суықтай ию. Жоғарырақ білікті құбыр июшінің басшылығымен игіш қалпақтар мен айлабұйымдарды орнату.
Білуге тиіс: үлгілік құбыр игіш станоктардың жұмыс істеу қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, құбырлардың мемлекеттік стандарттары, доғалары мен бұрыштарын өлшеу бірліктері.
Жұмыс үлгілері
1) Иіндері – ішкі жағынан толқынды өсінділерді түзету;
2) Ию автомобильдеріне арналған бензин құбырлары мен тежегіш жүйесінің құбыршалары;
3) Диаметрі 20 мм-ге дейін кереуеттерге арналған құбырлар – ию;
4) Су қыздыру құбырлары – механикалық тәсілмен консервациядан алу;
5) Диаметрі 38 x 3 мм-ден асатын, ұзындығы 4000 мм-ден артық құбырлар – ию;
6) Бір жазықтықтағы қайнататын және басқа да екі иінді құбырлар – ию;
7) Автомобильдердің сөндіргіштеріне арналған қабылдау және пайдаланылған құбырлар - ию.
239. Құбыр июші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен қолмен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды сызбалар және шаблон бойынша айлабұйымдар немесе құбыр игіш станоктар арқылы суықтай ию. Белгілі бір диаметрдегі игіш қалпақтар мен айлабұйымдарды орнату. Құбыр игіш станоктарды баптау. Сығылған қазандық құбырларды ию, оларды ішкі және сыртқы диаметрлері бойынша қалибрлеу және гидравликалық сынау.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктардың құрылымы және жұмыс істеу қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың құрылымдары, барлық диаметрдегі және дорндағы игіш қалпақтарды пайдалана отырып ию тәсілдері, ию кезінде құбырларды ию мен материалдардың бұзылу шектері, құбыр ұзындықтарын жайып есептеу әдістері.
Жұмыс үлгілері
1) Бумен қыздырғыш иректемелері – иіндерін ию;
2) Кәдеге жарату қазандығының диаметрі 1200 мм иректемелері – ию;
3) Үш жерінен иілген қосымша және негізгі қазандықтар үшін су жылытатын, ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі құбырлар – ию;
4) Үш жерінен иілген су жылытатын құбырлар – шаблон бойынша тексеру, жеткізу және шарикпен илемдеу;
5) Диаметрі 20 мм-ден асатын кереуеттерге арналған құбырлар – ию;
6) Бу қазандықтарына арналған қайнататын құбырлар – ию;
7) Бумен қыздыратын секциялар мен экономайзер секцияларының құбырлары – ию;
8) Құбыржол құбырлары – түрлі жазықтықта ию;
9) Полиэтиленмен футерленген құбырлар – ию;
10) Бу қазандықтары экранының құбырлары – екі жазықтықта ию.
240. Құбыр июші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен қолмен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды түрлі жазықтықта түрлі үлгідегі айлабұйымдар немесе құбыр игіш станоктар арқылы көп сатылы суықтай ию. Жоғары жиіліктегі токта қыздырып немесе арнайы пештерде диаметрі 200 мм-ге дейінгі құбырларды ию. Барлық диаметрдегі игіш қалпақтарды және айлабұйымдарды орнату. Түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктарды баптау.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, сызбалар, эскиздер, макеттер бойынша, жаймалар бойынша құбыр ию үшін шаблондарды жасау тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1) Үш жерінен иілген қосымша және негізгі қазандықтар үшін су жылытатын, ұзындығы 4000 мм-ден асатын құбырлар – ию;
2) Автомобильдер үшін тұтқалардың, арқалығы және тұғырына арналған құбырлар - ию;
3) Электр станциялары мен барлық маркадағы диаметрі 200 мм-ге дейінгі турбиналарға арналған бу өткізетін және су өткізетін құбырлар – түрлі жазықтықтағы көп иінді ию;
4) Бу қазандықтарының түрлі мөлшердегі экрандарының құбырлары – түрлі жазықтықта көп иінді ию.
241. Құбыр июші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен көп иінді иілген болат, мыс және басқа да құбырларды түрлі жазықтықта түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктар арқылы көп сатылы суықтай ию. Жоғары жиіліктегі токта қыздырып немесе арнайы пештерде диаметрі 200 мм-ден асатын құбырларды ию. Барлық диаметрдегі құбырларды және қабырғаларының қалыңдықтарын июге арналған станоктарды баптау. Құбырларды қыздыру режимін орнату. Күрделі құбыржолдардың сызбалары мен тәсімдерін оқу. Арнайы плаздағы иілген жерлерін тексеру.
Білуге тиіс: барлық құрылымдағы құбыр игіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, қоспаланған болат пен қорытпадан жасалған құбырларды өңдеудің ерекшеліктері, құбырларды өңдеу әдістері, жоғары жиіліктегі токтарды қыздыру кезінде болаттың құрылымдық өзгерістері туралы.
Жұмыс үлгілері
Электр станциялары мен барлық маркадағы болат турбиналарға арналған бу өткізетін және су өткізетін диаметрі 200 мм-ден асатын құбырлар – түрлі жазықтықтағы көп иінді ию.
Бастырмалатушы
242. Бастырмалатушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті бастырмалатушының басшылығымен арнайы бапталған бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда бөлшектер мен бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Құбыр тазарту құрылымдары мен станоктарындағы бу шығаратын және түтін шығаратын құбырларды тазалау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктарының, қолданылатын айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен құрылымы туралы негізгі ұғымдар, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы, түтін шығаратын және ыстық шығаратын құбырларды тазарту жөніндегі жұмыс тәсілдері, құбыр қабырғаларының қалыңдығына қойылатын шекті өлшемдері, сызбалар мен калибрлердегі дәлдіктер сыныбының шартты белгілері.
Жұмыс үлгілері
1) РС, РСБ бұйымдардың аспалы гайкалар – корпусқа гайка кесіктерін
бастырмалау;
2) Қағаз диэлектригі бар тұрақты ыдыстар конденсаторларының
гильзалары – механикалық аспаптарда кесіктерді тегісту;
3) Панель ұяшықтары – төлкелерді бастырмалату;
Достарыңызбен бөлісу: |