«Ұлттық қолөнер - бабалар мұрасы» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Ұлттық қолөнер - бабалар мұрасы» республикалық интернет-байқауды (бұдан әрі - Байқау) қашықтықтан өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты - балалардың адамгершілік құндылықтарын, Отанға деген саналы құрмет пен махаббат сезімін, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Байқау міндеттері:
- білім алушылардың ұлттық қолөнер саласы бойынша шығармашылық белсенділігін дамыту;
- көркем эстетикалық талғамдарын, қабілеттерін және дағдыларын қалыптастыру;
- бақылау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
- ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
4. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.
5. Байқаудың ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
6. Байқау 2018 жылғы 25 қаңтар мен 27 наурыз аралығында балаларға арналған www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтында қашықтықтан өткізіледі.
7. Байқау жұмыстары 2018 жылғы 20 наурызға дейін konkurs.podelki@bk.ru электрондық поштасына қабылданады. Анықтама телефоны: 8 (7172) 72-98-99.
8. 2018 жылғы 20 наурыздан кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.
9. Байқауға түскен материалдар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып, жариялауға құқылы.
10. Байқауға қатысу үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді (ерекше білім беру қажеттілігі бар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар төлемақыдан босатылады).
Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (Резидент).
БИН 990140004733
ИИКKZ918560000005068448
БИК KCJBKZКX
КНП 859
Кбе 16
Астана қаласы, БанкЦентрКредит АҚ.
Төлемақы аталуы: «Ұлттық қолөнер - бабалар мұрасы» байқауы. Байқауға қатысушының (жіберуші) фамилиясын міндетті түрде көрсету және төлемақы құжатын (түбіртек немесе төлем тапсырмасын) сканерден өткізіп, konkurs.podelki@bk.ru электронды поштаcына жіберу қажет.
11. Байқаудың қорытындысы және жеңімпаздар тізімі 2018 жылғы 27 наурызда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар
12. Байқауға білім беру ұйымдарының 7-17 жас аралығындағы білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады:
1) кіші жас санаты: 7-10 жас;
2) орта жас санаты: 11-14 жас;
3) жоғарғы жас санаты: 15-17 жас.
13. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- кестелеп тіккен үздік бұйым;
- шілтерден жасалған үздік бұйым;
- көркемдеп тоқылған үздік бұйым;
- өрнекпен көркемделген матадан жасалған бұйым;
- теріден, күдеріден, киізден жасалған үздік бұйым;
- қағаздан, қатты қағаздан, ағаштан жасалған үздік бұйым;
- сүйектен, сабаннан, қамыстан жасалған үздік бұйым;
- сымнан, пластиктен, бисерден және т.б. заттардан жасалған үздік бұйым.
14. Байқауға келесі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар қабылданады:
1) әр кезеңді анық көрсететін жұмыстардың фотосуреттері (кем дегенде 3 дана, jpеg. форматында) қабылданады.;
2) қолданылған материалдар мен құрал-жабдықтардың мәтіндік сипаттамасы (жұмыс үшін қолданылатын материалдар мен техникалар көлемі шектелмейді);
3) жұмыстың дайын түрінің фотосуреттері;
4) қатысушылар интернеттен, кітап және журналдардан идеяларды алуына болады, бірақ мәтін және жұмыстың өзі авторлық және бірегей болуы тиіс.
15. Байқау жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
- жұмысты эстетикалық ресімдеу;
- жұмыста бейнені орындаудың бірегейлігі;
- жаңа инновациялық технологиялар мен материалдарды пайдалану.
16. Байқау жұмысының титул парағын толтыру тәртібі:
- қатысушының аты-жөні;
- жас мөлшері;
- облыс, аудан (қала) немесе ауылы;
- білім беру ұйымының аталуы;
- байқау номинациясы, бұйымның аталуы;
- қатысушы жетекшісінің аты-жөні.
17. Байқауға қатысу үшін бір қатысушыдан бір номинация бойынша бір жұмыс қабылданады. Әр номинацияға бір қатысушыдан бір жұмыс қана қабылданады. Төлем әр номинацияға жеке жұмыс ретінде жүзеге асырылады. Ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.
18. Бөгде адамның материалдары мен Ғаламтор желісіндегі материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай сайтта жарияланбаған болуы тиіс.
4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
19. Байқаудың қорытындысы бойынша Әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.
20. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме http://www.rumsdokz.org/25 → «Ұлттық қолөнер - бабалар мұрасы» байқауы → әрі қарай сайт бойынша автоматты парақшаларында орналастырылады.
Ережеге қосымша
Қашықтықтан өткізілетін Республикалық интернет-байқауға қатысу туралы ұсыным:
Қатысушының аты-жөні
|
Қатысушының жасы
|
Облысы, қала, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы
|
Байқаудың, номинациясының, жұмыстың атауы
|
Байланыс құралдары (ұялы телефоны, электронды поштасы)
|
Жетекшісінің аты-жөні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Правила проведения Республиканского дистанционного
интернет-конкурса «Народное рукоделие - наследие предков»
1. Общие положения
1. Правила проведения Республиканского дистанционного интернет-конкурса «Народное рукоделие - наследие предков» среди обучающихся организаций общего среднего, дополнительного, технического и профессионального образования (далее – Конкурс) определяют цель, задачи и порядок его проведения.
2. Цель Конкурса – формирование нравственных ценностей, осознанного чувства уважения и любви к Родине, развитие познавательных и творческих возможностей у детей.
3. Задачи Конкурса:
- развитие творческой активности в области народного прикладного искусства;
- формирование эстетического вкуса, способностей и навыков в художественной деятельности;
- развитие наблюдательности, внимания, логического мышления;
- воспитание любви к народному прикладному искусству.
4. Конкурс проводится РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования» Министерства образования и науки Республики Казахстан.
5. Организаторы Конкурса формируют состав жюри и оргкомитета.
2. Сроки и порядок проведения Конкурса
6. Конкурс проводится с 18 января по 27 марта 2018 года в дистанционной форме на научно-познавательном сайте для детей www.ziyatker.org.
7. Конкурсные работы принимаются до 20 марта 2018 года по электронной почте konkurs.podelki@bk.ru, телефон для справок: 8 (7172) 72-98-99.
8. Конкурсные материалы, поступившие в оргкомитет позднее 20 марта 2018 года, также с нарушениями требований к ним не рассматриваются.
9. Представленные на Конкурс работы не возвращаются. Организаторы Конкурса вправе опубликовать материалы конкурса в СМИ с указанием автора.
10. Для участия в конкурсе необходимо внести взнос – 1500 (одна тысяча пятьсот) тенге (дети с особыми образовательными потребностями, дети-сироты и оставшиеся без попечения родителей освобождаются от взноса).
Оплата производится в любых отделениях банка и Казпочты по следуюшим реквизитам:
РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного
образования» (Резидент)
БИН 990140004733
ИИКKZ918560000005068448
БИК KCJBKZКX
КНП 859
Кбе 16
АО БанкЦентрКредит
Название платежа: Конкурс «Народное рукоделие – наследие предков».
Необходимо указать фамилию участника Конкурса (отправителя) и обязательно направить сканированный документ (квитанцию или платежное поручение) об оплате вместе с конкурсными работами по электронной почте: konkurs.podelki@bk.ru.
11. Итоги Конкурса и список победителей будут размещены 27 марта 2018 года на сайте www.ziyatker.org.
3. Требования к участникам конкурса
12. В конкурсе принимают участие обучающиеся 7-17 лет в возрастных категориях:
1) младшая возрастная категория: 7-10 лет;
2) средняя возрастная категория: 11-14 лет;
3) старшая возрастная категория: 15-17 лет.
13. Конкурс проводится по следующим номинациям:
- лучшее строчевышитое изделие;
- лучшее кружевное изделие;
- лучшее изделие художественного вязания;
- лучшее изделие из тканей с росписью;
- лучшее изделие из кожи, замши, меха и войлока;
- лучшее изделие из бумаги, картона, дерева;
- лучшее изделие из кости, соломы, камыша;
- лучшее изделие из проволоки, пластика, бисера и др.
14. На конкурс принимаются работы, соответствующие следующим требованиям:
1) подробное текстовое пошаговое описание процесса и фотографии (не менее 3 шт. в формате–jpеg) отображающие поэтапное изготовление работы;
2) текстовое описание применяемых материалов и инструментов (техника выполнения и виды материалов для изготовления работ не ограничивается);
3) фотографии законченного изделия или поделки;
4) участники могут брать идеи из Интернета, книг и журналов, но текст и готовая поделка должны быть авторскими и уникальными.
15. Работы оцениваются по следующим критериям:
- эстетичность оформления работы;
- оригинальность выполнения и передачи образа в работе;
- использование новых инновационных технологий, материалов.
16. Порядок оформления титульного листа конкурсной работы:
- ФИО участника;
- возраст;
- область, район (город) или село;
- название организации образования;
- название номинации, наименование изделия;
- фамилия, имя, отчество руководителя.
17. К участию в Конкурсе принимаются работы в одной номинации от одного участника. На каждую номинацию от одного участника принимается только одна работа. Оплата производится за каждую номинацию как за самостоятельную работу. Коллективные работы не принимаются.
18. Категорически запрещается использование чужого материала и материалов из сети Интернет. Конкурсные работы не должна быть ранее опубликованными ни на одном сайте.
4. Подведение итогов Конкурса и награждение победителей
19. По итогам Конкурса члены жюри определяют победителей.
20. Победители Конкурса награждаются дипломами I, II, III степеней, руководители победителей – благодарственными письмами, участники, не занявшие места, получают сертификаты.
Электронные версии дипломов победителей, благодарственных писем их руководителям, сертификатов участников конкурса будут размещены на сайте www.ziyatker.org с возможностью автоматического скачивания по ссылке https://www.ziyatker.org/respublik-distan-internet-konkurs - Конкурс «Народное рукоделие – наследие предков».
Приложение к правилам
Заявка на участие в Республиканском дистанционном интернет-конкурсе:
Фамилия, имя участника
|
Возраст
участника
|
Область, город, район, село, наименование организации образования
|
Название конкурса, номинации, работы
|
Контактные данные (сотовый телефон, эл. адрес)
|
ФИО руководителя
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |