Инфляция
1.Инфляцияның экономикалық мәні.
2.Инфляцияның пайда болу себептері.
3.Инфляцияның түрлері.
4.Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары.
5.Инфляцияға қарсы саясат және тежеу жолдары.
1.Инфляцияның экономикалық мәні:
Инфляция(латын inflamio, аудармасы- «қабыну», «ісіну»)-бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызмет сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы,сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.Оның пайда болуы монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады.Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған-американ экономисі А.Дельмар болды.Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданылып,XXғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |