1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар



жүктеу 231,81 Kb.
бет18/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

1. Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар
Сыйлау, қүрметтеу мағынасы тілде белгілі жұрнақтар арқылы беріледі. Қазақ тілінде үлкенді сыйлау, құрметтеу мағынасынын арнайы көрсеткіштер арқылы берілуі тілде қалыптасқаны занды құбылыс деп танылуы керек. Оны халықтың салт-санасы туғызған. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дәстүр, салт-санасының бір түрі-халықтың өмірінен кең орын алған салт-сана, дәстүр тілден де өз көрінісін тапқан. Осы салт-сананың, дәстүрдің сақталуы бұл мәндегі жұрнақтардың қазір тілде жиі қолданылуын сақтаған.
1. Сыйлау, құрметтеу мәндегі жұрнақтар -еке, -қа, -ке, 
Бұл жұрнақтардың қолданылуында екі түрлі ерекшелік бар: 1) бұл жұрнақтар кісі аттарына жалғанғанда, кісі аттарының бір я бірнеше буыны қысқарады. Осы жұрнақтар казақ тілінде көне заманнан келе жатқан сөз қысқартудың жолымен тікелей байланысты. Мысалы, Жаке (Жамбыл), Асеке (Асқарбек), Сәке (Сағындық), Құреке (Құрманбек), Зәке (Зейнолла) т.б. Әдетте кісі аттарын қысқартып, оған —еке, -қа, -ке жұрнақтарын қосып қолдану жасы үлкен, сыйлы, құрметті адамдарға қатысты. Бірақ кейде жасы кіші адамдарға сый-құрмет көрсету, ілтипат білдіру үшін де қолдану кездесе береді.
2. Тіліміздегі —й жұрнағы да сыйлау, ілтипат, ізет білдіру, үлкен тұту мәнін береді. Бұл жұрнақтың қолданылу аясы тар, ол туыстық мәндегі атауларға ғана жалғанады және олардың бәріне емес, тек аға, апа, әке, шеше, ата, жезде, әпке сөздеріне жалғанады: ағай, апай, шешей, атай, әкей, жездей. Осылардың ішіндегі жиі қолданылатыны ағай, апай сөздері. Бұлар туған ағасы мен туған апасына қолданылмайды. Бұл сөздердің әлеуметтік мәні басқа тілдердегі синьор, ханым сөздерінің мәніне жақын. Олар танитын адамға да, танымайтын, аты-жөнін білмейтін адамға да қолданыла береді. Мысалы, Құрметті Кенен ағайдың әндерін тыңдауға құмартып келем (С.Мұқанов). — Апай, сізге мен қалай рақмет айтарымды білмей отырмын,-деді Ғани даусы дірілдеп (М.Иманжанов). — Ағай, бұл қай көше? (ауызекі сөзден).
 2. Жақсы көру мәнді жұрнақтар
Жақсы көру сезімін білдіру мәнін-тай ,-жан жұрнақтары білдіреді. Мысалы, Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығыңды! — деп, қоштасты да, кішкене есікті ашып, жай салмақпен басып жүріп кетті (М.Әуезов). - Ой, Абайжан, қарағым, не болды? Біреу тиген бе? — деп, ішінен "әкесі ұрды ма?" деп те ойлап кеп еді (М.Әуезов). Бұл жұрнақтар кісі аттарына, кіші адамға, туыстық атауларға жалғанады: жеңешетай, әкетай, көкетай, әпкетай, ағатай, апатай, Сәулетай, Ғалымтай, Сырымтай, Қасымтай, апажан, ағажан, Сәулежан, Ғалымжан, Сырымжан т.б.
Бұл екі жұрнақ мағыналас, синоним жұрнақтар, олар кісі аттарын жасауда кең орын алған.

жүктеу 231,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау