1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет5/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
 
4.
 
Адамның  психикалық  әрекеттерінің  тарихта  ӛзгеріп  отыруының,  адам 
баласының пайда болып, ӛсіп-дамып отыруын зерттемеді.
 
Нақты  тарихи  жағдайларда  тіршілік  ететін  адамдарды  зерттемей,  ешбір 
қоғамға  тән  емес,  тарихта  болмаған  абстрактылы,  дерексіз  адамның 
психикалық әрекеттерімен шұғылданды. 
5.
 
Психофизикалық  теорияға  негізделу.  Рухани  әрекеттер  мен  физикалық 
әрекеттердің  әрқайсысы  ӛз  алдына  ӛмір  сүреді,  олардың  әрқайсысы  ӛз 
алдына  болғанымен  араларында  байланыс  бар,  бір-біріне  әсер  етеді  деген 
теорияны жақтайды. 
         Эмпирикалық  психологияның  қателерімен  бірге  олардың  алға  басқан 
жақтары  да  болды.  Олар  психология  ғылымының  дамып,  алға  кетуіне 
себептерін тигізді.  Құрғақ  оймен  шұғылданып,  дәлелсіз  құрғақ  қорытындылар 
шығарған  ескі  схоластикалық  метафизика  психологиясына  қарсы,  тәжірибелік 
әдістерді  қолданып,  психологияны  тұрмысқа  жақындатуға  тәжірибелік 
ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тәрбие 
жұмысында,  медицинада,  ӛнер  жүйесінда,  әдебиетте,  ӛндіріс  орындарында, 
түрлі еңбек салаларында т.б. жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады. 
    
 


 
19-ғасырдың  2-ші  жартысынан    бері    қарай    ғалымдар    психикалық 
қыбылыстарды    (түйсік,  қабылдау,  ес,  елес  т.б.)  эксперимент  жүзінде  әр-түрлі 
құрал-жабдықтың кӛмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап психология ӛз 
алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады.  
Психиканы  зерттеу    және  түсіндіру  психология  пәнінің  қалыптасуының 
алғашқы  кезеңі  болады.  Сонымен  психология  алғашқыда  Жан  туралы  ғылым 
ретінде  анықталды.  Әр    тарихи    дәуірлерде  ғалымдар  ғалымдар  бұл  сӛз 
мағынасын    сан  қилы  түсіндірді.  Психиканың    мәніні  байланысты 
кӛзқарастардың  қалыптасуы  және  дамуы  әрқашанда    философияның  ӛзекті 
мәселесі  –  материя  мен  сана,  заттық  және  рухани  болмыстардың    ара 
қатынасына байланысты болған.  
Осы мәселе тӛңірегінде  бір-біріне қарама-қарсы  бағыт материализм мен 
идеализмнің
 
талас  тартысына    толы  болды.  Психикалық  құбылыстарды 
идеалистік  тұрғыдан  түсінудің  мәні  психиканың  материядан  тыс,  ӛз  бетінше 
ӛмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика  – тәнсіз, материясыз 
негіздің,  «абсолютті  рухтың»,  «идеяның»  кӛрініс  беруі-,  дейді  идеалистер. 
Материалистік  түсінік  бойынша    психиканы  материядан  туындайтын,  екінші 
құбылыс ретінде кӛрсетеді.  
Идеалистік  философия  ӛкілдері  материядан  тәуелсіз  еркше    рухани 
бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, 
тумайтын,    әрі  ӛлмейтін  жан  түрінде  қарастырады.    Діннің  пайда  болуымен 
психика  «о  дүниемен»    байланысты,  кӛрінбейтін,  әрі  мәңгі  жасайтын,    тәннің 
екінші бір баламасы- рухтық зат  деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, 
рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әр түрлі идеалистік 
бағыттар дамыды. 
Психиканы  адамның  рухани  ӛмірінің  кӛрінісі    және  ол  барлық 
материалдық  табиғат  бағынатын  заңдарға  бағынбайды  деп  қарастырған 
идеалисті  философия,  адам  психикасын    түсінудегі  материалдық  кӛзқарасты  
кӛптеген  ғасырларға  ығыстырды.  Тек  ХVІІІ  ғасырда  психология    ілімдерінің 
дамуының  жаңа  кезеңін  бастады.  Ол  адамның  ішкі  мүшелері  ғана  емес,  тіпті 
дене  әрекетінің  де    психикаға    қатысы  жоқтығын  кӛрсетті.  Р.Декарт  ғылымға  
бір  мезгілде  екі  ұғымды    енгізді.  Сана және  рефлекс.  Бірақ  ол  ӛз  ілімінде  жан 
мен  тәнді  бір-біріне  қарама-қарсы  қойды  да,  ӛзара  тәуелсіз  екі  болмыс  – 
материя  және  рухтың  жасайтынын    уағыздады.  Сондықтан  психология 
тарихында бұл ілім «дуализм»( екі тарапты)  деген атаққа ие болды.  
Дуалистік  ілімнің  негізінде  ХІХ  ғасырда  психологияда  психофизикалық 
параллелизм  (яғни  психикалық  және  физикалық  құбылыстар  қатарлас  ӛзара 
тәуелсіз,  бірақ  бірге  деп  тұжырымдайтын)    деген  идеалистік  теория  кеңінен 
тарады.  Бұл  бағыттың  ӛкілдері  –  В.Вундт,  Эббингауз,  Спенсер,  Рибо,  Бине, 
Джемс және т.б. 
        Капитализмнің  пайда  болып  дами  бастауы,  әсіресе,  жаратылыстану 
ғылымдарының ӛрістеп алға басуына себепші болды Ғылым атаулы тұрмыспен 
байланысы,  тәжірибелі  ғылымдарға  айнала  бастады.  Осындай  тәжірибелі 
ғылымдарға  негіз  салған  ағылшынның  белгілі  философия  Бэкон  болды.  Орта 
ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып,  Бэкон ғылымда индуктивтік 


 
әдісті  дамытты.  Бұл  әдіс  бойынша  дүниетану,  оны  зерттеу  жолы  жай 
құбылыстардан  күрделіге,  оңайдан  –  қиынға,  жақыннан-алысқа,  деректіден  – 
дерексіздерге  кӛшіп  отыру  керек.  Бұл  әдіс  жаратылыстану  ғылымдарын 
дамытуға  ерекше  әсер  етті.  Жаңадан  бас  кӛтеріп  эканомикада  ӛз  орнын  ала 
бастаған  буржуазия  тобы,  ӛздерінің  ӛндіріс  орнындағы  жұмысшылырдың 
психологиясын  біліп,  оларға  ықпалын  жүргізіп,    билеп,  басқарып  отыру  үшін, 
адамдардың  ақиқаттық,  нақты  реалдық,  психологиялық  процестерін  зерттеуді 
керек  қылды.  Буржуазияның  осынау  мақсаттарын  орындауға  эмпериялық 
психологияның аренаға  шығып  дами  бастауы  қолайлы  болды.  Бұл  психология 
Бэконның 
эмперикалық 
философиясына 
негізделді. 
Ф.Бэкон 
тек 
жаратылыстану  ғылымдарын  емес,  философия,  психология  ғылымдарын  да 
схолостикадан  арылтып,  оларды  тұрмысқа,  ӛмірге  үйлестіріп,  ғылыми  түрде 
дамуға  негіз  салды.  К.Маркс  Бэконның материалистік  философиясына  жоғары 
баға  беріп,  оны  ағылшын  материалистерінің  атасы  деп  атады.  Бэкон  әдейілеп 
психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін 
салса да, оны толық дамыта алмады.  
 Шамамен    осы  уақыттан  бастап  психология  пәні  туралы  жаңа  ұғымдар 
пайда бола бастады. Сезім, ойлау  қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен 
психика санаға теңестірілді. Жан психологиясының орнына сана психологиясы 
келді.    Психиканың  мазмұндарының  орнына  сананың  ақиқаттық  сипаттары 
зерттеле  бастады.  Бұрынғы  психика  туралы  ғылыми  есебінде  кӛрінген 
психологияның орнына сана құбылыстарын зерттейтін психология бой кӛтерді. 
Сӛйтіп,  18  ғасырдан  бастап  сананы  зерттейтін  «психикасыз  психология» 
ғылыми сахнаға шықты.  
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын 
дамуы,  ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы зерттеулердің 
әр  түрлі  әдістерін  пайдаланатын  ӛзара  ауыспалы  теориялардың  үздіксіз 
күресіне  ұласты.  Сананың  құрылымының,  мазмұнының    және  белсенділік 
деңгейінің  әр  түрлі  сипатталуы  –  интероспективтік    психология  шеңберіндегі 
теориялар  арасындағы  негізгі  айырмашылық  болып  саналады.    Осы  тұрғыдан 
идеалистік сана психологиясы ӛз зерттеулеріне 5 бағытта алып барды:  
     -   сана элементтер теориясы, негізін салғандар В.Вундт және Э.Титченер; 
     -   саналық әрекеттер психологиясы, Ф.Брентаноның есімімен байланысты;  
     -   саналық ағым теориясы, У. Джемс негізін салған; 
     -   дербес құрылым психологиясы, гештальтпсихология; 
     -   Дительдің сипаттамалық психологиясы. 
Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл 
теориялардың  бәріне  тән  ерекшелік  –  психикалық  құбылыстардың  мәнін 
түсіндіру  ғана  емес,  тек  қана  суреттеп  сипаттау  болды.  1879  жылы  В.Вундт 
Лейпцигте  алғашқы  экспериментальдық  лабораторияны    ұйымдастырды.  Сана  
психологиясына  эксперимент қою мүмкіндігі ашылды. 
Диалектикалық    материалазм    кӛзқарасы  бойынша  материя  1-ші  кезекті 
субстрат  (негіз),  психиканың  иесі  ретінде  қаралады;  психика,  сана  –  бұл  2-ші 
обьективтік шындықтың мида  бейнеленуі.  


 
Сыртқы  психикалық  ӛмірсіз  ішкі  психикалық  ӛмір  бола  алмайды.  Яғни, 
ӛзінен тьәуелсіз әрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді,  
бұл  ұғынылған  болмыс.  Ақиқат  болмаса,  бейнелеу  туралы  айтудың  мағынасы 
жоқ.  
Бұл  туралы  ертедегі  грек  ойшылдарының  бірі  Демокрит    сол  кездің 
ӛзінде-ақ  психикады  (психиканы)  оттың  атомдарындай  қозғалмалы  қасиет  деп 
түсіндіреді.  Ол  психиканың  мәңгі  еместігін,  оның  ӛсіп,  ӛшіп  отыратындығын 
айтып,  материалистік  тұжырым  жасады.Сол  заманның  екінші  бір  ойшылы  , 
идеалист  Платон  керісінше  «психика  мәңгі  ӛлмейді,  ӛшпейді».-  деп 
тұжырымдады. 
Психикалық  әрекетті  осылайша  екі  түрлі  кӛзқарас  тұрғысынан  түсіну, 
орта  ғасырлар  заманынан  бермен  қарай  кең  ӛріс  ала  бастады.  Шығыстың  ұлы 
ойшылы  Әбу-насыр  әл-Фараби  дүние  материядан  құралады,  ол  жойылмайды, 
бір  түрден  екінші  түрге  кӛшіп,  ӛзгере  береді,  психика  денеден  бұрын  ӛмір 
сүрмейді,  бір  денеден  екінші  бір  денеге  барып  орналаса  алмайды  деп 
материалистік  тұрғыдан  пайымдаса,  батыс  ойшылы  Фома  Аквинский 
психиканың  мәңгі  ӛлмейтіндігі,  оның  денеден  бӛлек  ӛмір  сүретіндігі  жайлы 
пікірлерді  дамытты.  Психика  дүниесінің  сыры  жайлы  дәйекті  материалистік  
пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, 
мақал-мәтелдерде  кӛптеп  кездеседі.  Мысалы:  «Тән  ауырса,  жан    ауырады», 
«Тәні саудың жаны  сау», «Тән ӛледі, демек жанда ӛледі». Жан бар жерде қаза 
бар»  т.б.  Ал,  Асанқайғы,  Шалкиіз,  Жиембет,  Ақтамберді,  Бұқар,  Шал,  Дулат, 
Махамбет  т.б.  ақын-жыраулар  мен  ойшылдардың  толғауларында  ата-
бабаларымыздың жан  дүниесінің сырлары әр қырынан сӛз болады. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау