1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет49/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129
Ырықты  зейін
  -  әрекетті  саналы  түрде  ерік  күшін  жұмсау  арқылы 
орындалуынан    кӛрінеді.  Бұл  зейінді  ерікті  немесе  белсенді    зейін  деп    те 
атайды.  Сананың  әрекеттің  белгілі  шарттарымен  байланысты  болып,  бір 
объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық 
мазмұны  адамның  іс-әрекетіндегі  алға  қойған  мақсатымен,  ерік  күшімен 
байланысты.  Кӛлік  жүргізуші  шофер,  есеп  шығарушы  есепші,  тәжірибе 
жүргізуші ғалым алдын ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған 
саналы  әрекетін  бағытгайды.  Олай  етпеген  жағдайда  мақсатты  ісінен  нәтиже 
шығара алмас еді. 
Мектептегі  оқу-тәрбие  істерінің  бәрі  де  балалардың  ырықты  зейінін 
қалыптастырып,  дамытып  отыруды  қажет  етеді.  Бұл  үшін    оқу  әрекетін 
балалардың  шама-шарқына  орай  қызықты  етіп  ұйымдастырылуға  тиісті. 
Талпынысының  нәтижелі  болуы  -  баланың  ӛзіне  деген  сенімін  арттырады. 
Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі 
әрекет  жасатып,  ырықсыз  зейінін  ырықты  зейінге  аударып  отыру 
керек.Мысалы, сабақ үстіндегі артық сӛз, қимыл  белсенді жұмыс істеп отырған 
оқушының кӛңілін бӛледі.  
Жұмыс  орнының  қолайлы  болуы  -  ырықты  зейіннің  тұрақты  болу 
шартының  бірі.  Жұмыс  орнында  кісінің  кӛңілін  бӛгде  тітіркендіргіштер 


 
алаңдатпауы  керек.  Мысалы,  сабақ  үстінде  айтылған  артық  сӛз  баланың 
белсенді  жұмыс  істеп  отырған  кӛңілін  бӛледі.  Ырықты  зейінді  дұрыс 
ұйымдастырудың  маңызды  шарты  -  адамның  психикалық  күйі.  Шаршап-
шалдығып  отырған  адамның  зейіні  тұрақсыз  болады.  Адамның  сырқаты,  жан 
қинайтын  бӛгде  ойлар  т.б.  ырықты  зейіннің  сапасын  нашарлатады.  Ырықты 
зейінді  күшейту  үшін  сӛз  арқылы  қайталап  айтып,  алға  қойған  мақсатты 
тұрақтандыруға болады. Әр қилы  жағдайларда жұмыс  істей білу мен адамның 
әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді. 
Ырықты  зейінде  белгілі  бір  мақсат  қойып,  объектіге  ерекше  зер  салып 
отыру  кӛзделеді,  ол  жұмыстың  басынан  аяғына  дейін  ерік-жігерді  сарқа 
жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады; 
        1)  Қандай  болмасын  бір  әрекеттің  талабына  сай  зейінді  бағындыра  алу 
үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет. 
        2)Үйреншікті  жұмыс  жағдайын  жасап    алып,  алаңдататын  нәрселерден 
бойды аулақтатқан жӛн. 
        3)Орындалатын  істің  мәнісін,  маңызын  түсіну  үшін  білімге  шын 
ықыласпен берілген дұрыс. 
        4)Түрлі  қолайсыз  жағдайларда  да    жұмыс      істеуге  машықтану.    Мәселен, 
кӛңілді  алаң  қылатын  бӛгде  тітіркендіргіштердің  (айқай-шу,  тарсыл-
гүрсілдерде  де)  әсеріне  берілмей  жұмыс    істей  беру.  Бұл  зейінді 
шынықтырудың,  оны мықты және шыдамды  етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы 
болып табылады. 
        5)  Зейінді  болуды  ӛзіңе  үнемі  ескертіп  отыру  керек.  Бір  сӛзбен  айтқанда, 
ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады. 
        Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай  ілесіп отырады. Ырықты 
зейін ырықсызға, ырықсыз зейін  ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, 
адамның  үнемі  ырықты  зейін  жағдайында  болуы  мүмкін  де  емес.  Оқушы 
алғашқыда  жай  қызыққан  нәрсесіне  тікелей  зейінін  аударады,  ал  содан  кейін 
сабақтың  мақсатына  қарай  тікелей  қызық  емес  басқа  материалдарға  да  зейін 
қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып кӛрінген сабақ кейін балаға түсінікті 
бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің 
пайда бола бастағаны. 
        Зейіннің    үшінші  түрі  - 
үйреншікті   
зейін
.
  Үйреншікті
 
зейін  -  адамға 
табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті 
зейін ырықты зейіннен кейін жасалады.  Мәселен, бала оқуға тӛселсе, бұл оның 
тұрақты  әдетіне  айналса,  оның  зейіні  де  үйреншікті  бола  бастайды.  Қандай 
нәрсеге  болса  да  үйреніп,  жаттығып  алған  соң,  адамның  іс-әрекеті  дағдысына 
айналады.  Үйреншікті  зейіннің  де  табиғаты  осыған  ұқсас.  Ӛйткені  үйреншікті 
зейін  ырықты  зейіннен  дамып  қалыптасады.  Зейіннің  қай  түрі  болмасын  іс-
әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер, адам жұмысқа ӛздігінен беріліп 
істесе,  ырықсыз  зейіні  кӛрінеді.  Бірақ  ұзақ  жұмысты  тікелей  қызығып  істей 
беру  де  оңай  емес.  Мұндай  жағдайда  ырықты  зейінге  орын  беріледі.  Ылғи 
ырықты  зейінмен  жұмыс  істеу  де  адамды  қажытып  шаршатады.  Сондықтан, 
адам  жұмысты  зейіннің  осы  екі  түрін  қатынастыра  отырып,  үйреншікті 
зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет. 


 
Зейіннің  мұндай  түрін  де  еріксіз,  бірақ  «екінші»  зейін  деп  атайды  (Э. 
Титченер, С. Л. Рубинштейн)   Бұл орайда кейбір авторлар  Н. Ф. Добрыниннің 
ұсынысы    бойынша,    үйреншікті  зейінге  «еріктіден  кейінгі»  зейін  деген 
терминді  пайдаланады.  Бұл  атауды  енгізуге  негіз  болған  жағдайлар  адам  ӛзін  
жұмылдыру  үшін  әуелі  күш  салып,  кейін  келе  ӛз  қызметіне  беріле  кірісетін, 
енді бастапқыдағыдай ерік күшін жұмылдырусыз-ақ жұмыс істейтін жағдайлар 
Алайда  мұның  ӛзі  бір  жағдай  ғана.  Ӛйткені  адам  әдетте  қызықты  әнгімеге, 
оқылатын кітапқа,  кӛретін суретке бірден ден қояды, бұл үшін оған алдын ала 
ешқандай «әзірліктің» қажеті болмайды. Жоғарыда қарастырылған зейіннің үш 
түрі де бір-бірімен тығыз байланысты. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау