1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Жоғары нерв қызметінің типтері-темпераменттің табиғи негізі



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет113/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   129
2. Жоғары нерв қызметінің типтері-темпераменттің табиғи негізі. 
Темпераменттердің    физиологиялық    негіздерін    ғылыми  тұрғыдан 
дәйекті  етіп  түсіндірген  академик  И.П.Павловтың  ілімі  темперамент  туралы  
түсінікті    ғылыми    сара    жолға      түсірді.  Ол  темпераменттердің  осы 
қасиеттерінің  туа  үйлесуіне  орай  сипатталатындығын  кӛрсетті.  Павлов  ӛзінен 
бұрынғылардан  ӛзгеше  жолмен,  атап  айтқанда,  дененің  сыртқы  құрылымын 
зерттеген  неміс  психиатры  Кречмерден,  қан  сауыттарының  құрылымын 
зерттегендерден  (П.Ф.Лесгафт)  басқаша  организмді  біртұтас  нәрсе  деп  қарап, 
ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды. 
        Нерв  жүйесінің типтері  ми  қабығындағы  қозу, тежелу  процестерінің  үш  
негізгі    белгісінің  (күші,  тепе-теңдігі,  қозғалғыштығы)  жиынтығынан  
құрастырылады. 
        И.  П.  Павлов  шартты  рефлекстер  әдісі  арқылы  жоғары  нерв  қызметінің 
және  нерв  процестерінің  негізгі  қасиеттері  -  козу  мен  тежелудің 
заңдылықтарын  ашты.  Нерв  процестерінің  негізгі  қасиеттері:  1)  күші,  2)  тепе-
теңдігі, 3) қозғалғыштығы. 
Нерв процестерінің
 күшіне
 - нерв жүйесі мен нерв клеткаларының жұмыс 
қабілеттілігін  яғни    сыртқы    ортаның  түрлі  тітіркендіргіштерге  тӛзімді  келсе, 
әлсізі мұндайға шамасы келмей, «морт сынып» жатады. 
Нерв  процестерінің 
тепе-теңдігі
  -  бұл  козу  мен  тежелудің  ӛзара 
саймасайлығын  кӛрсетеді.  Бұл  процестер  кейде  бір-бірімен  тепе-тең  болып, 
кейде тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болып отырады. 
Нерв  процестерінің 
қозғалғыштығы
  -  бір  процестің  екінші  процеспен 
алмасу  шапшаңдығы.  Бұл,  мидың  кездейсоқ  және  қолайсыз  ӛзгерістерге 
бейімделуіне мүмкіндік береді. 
Осы  қасиеттердің  түрліше  араласып,  қосылуы  жоғары  нерв  қызметінің 
түрлі  типтерін  сипаттайды.  Осылардың  ішінде  тӛрт  типі  жиі  ұшырасады. 
Бұлардың үшеуін И. П. Павлов 
күшті 
типке, біреуін - 
әлсіз 
типке жатқызады.  
1.Күшті, тең емес (ұстамсыз) тип қозу процесінің күштілігі мен тежелудің 
әлсіздігімен сипатталады. 
2.Күшті  тепе-тең  (қозу  процесі  тежелу  процесімен  сайма-сай  болады), 
қозғалғыш тип. 
3.Күшті тепе-тең, инертті (сырттай тыныш)   тип. 
4.Әлсіз 
тип 
қозу 
және 
тежелу 
процестерінің 
баяулығымен, 
олардың әлсіз қозғалысымен (инертті) сипатталады. 
          И.П.  Павлов  ашқан    нерв    жүйесінің    негізгі    типтері  темпераменттердің  
физиологиялық    негіздерін    жақсы    түсіндіреді.  И.П.Павлов  сангвиниктерді  – 
ширақ,  нерв    жүйесі    күшті,  қозуы    мен    тежелуі    тең,    қозғалғыш      адам; 
холериктерді – ұстамсыз, нерв  жүйесі  күшті,  қозуы  мен  тежелуінен  басым; 
флегматиктерді    нерв    жүйесі    күшті,    қозуы    мен    тежелуі  бір-біріне  тең 
болғанмен,  қозғалысы    баяу    адамдар    десе;  меланхоликтерді  –  нерв    жүйесі  
әлсіз  типті  адамдар  деп  сипаттады. 
  
И.П.Павлов  осы  айтылған  негізгі  типтерден  басқа  да  аралас,  ӛшпелі   
типтердің  кездесетіндігін  айтты. 


 
         Соңғы    жылдары   кӛрнекті    орыс  психологы    Б.М.Тепловтың  (1896-1965) 
лабораториясында  нерв   жүйесінің  типтері  одан  ары  зерттеле  түсті. 
Егер,  И.П.Павлов  ӛзінің    тәжірибесін  жануарға  жасаған  болса,  Б.М.Тепловпен  
оның  шәкірттері  осындай  экспериментті  адамдарға  жасады. 
           И.П.Павловтың  нерв  жүйесінің  типтері    туралы  ілімі  бойынша  әр  түрлі 
темперамент    ӛкілдері    былайша    сипатталады.  Мәселен,  нерв  жүйесі    күшті,  
бірі    екіншісіне    тең    келмейтін    адамдар    кӛбінесе    ұйытқымалы,  қимыл 
қозғалысқа    шапшаң    келеді.  Олар  –  ұстамсыз,  күйіп-пісуге    ылғи    да    дайын 
тұратын    күйгелек    адамдар.  Істі    бұрқыратып    істегенмен,  олардың    кейде 
қолын    бір  сілтеп    сылқ    түсетін    кездері    де    болады.  Бұлар  –  холерик  
темпераментінің  ӛкілдері. 
          Сангвиник      темпераментінің    ӛкілі,    Павловтың    айтуынша,  қуатты, 
тұрлаулы, ширақ  тип  ойнақы,  еті  тірі  бірақ  кез-келген  істі  бастап  тастап  
жүре  береді.  Ол    жұмысқа    қабілетті,    беріліп    істейді,  басқа    адамдармен   тез  
тіл      табыса    біледі,    ұжым    арасында    ӛзін    кӛңілді    ұстайды,    былайша  
айтқанда,    ақ    кӛңіл,    қызу    істің    адамы.  Оның    осал    жері  -  іс    жоқ    кезде  
сылбыр күйге  түсіп  кетеді,  енді  бірде  жеңіл   мінезділікке  салынады. 
           Нерв  қызметі  қасиеттерінің  тұрақсыздығы.  Нерв  қызметінің  типі 
адаммен  бірге  туады  және  оның  түгелдей  ӛзгеріске  ұшырауы  неғайбыл. 
Дегенмен  И.  П.  Павлов  нерв  қызметі  типтерінің  жекеленген  қасиеттерін 
ӛзгертуге  болатындығын  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеген.  Мәселен,  козу  процесі 
тежелуінен  басым,  күшті  ұстамсыз  тип  машықтанып,  жаттығу  арқылы  езінің 
тежелу  процесі  күшін  біршама  арттырып,  оны  қозу  процесімен  теңестіргені 
байқалған.  Осыдан  И.П.  Павлов  күшті  қозғыш  типтерді  жаттықтыру  арқылы 
тежелу  процесінің  күшін  арттырып,  бір-бірімен  теңестіруге  болады,-  деген 
қорытындыға келеді. 
          

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау