1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет107/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   129
         
 
№ 16  дәріс. Ерік 
   
Жоспар: 
  1. Ерік туралы жалпы   түсінік.  
            2. Еріктік әрекеттер 
            3. Ерік сапалары. 
 
  1. Ерік туралы жалпы   түсінік.  
Ӛмірде  біз  адамның  қалай  жұмыс  істейтінін,  оқитынын,  тынығатынын, 
сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету 
жолында  ұзақ  уақыт  талпынатынын,  күш-жігер,  ақыл-ойын  жұмсайтынын, 
кӛптеген кедергілерден ӛтетінін, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті 
іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын кӛреміз. Мұның бәрінде де 
адам еркі кӛрініс береді. 
Алдыңа  қойған  мақсатқа  жету  үшін  ішкі  немесе  сыртқы  кедергілерді, 
адамда туатын күштің арқасында жеңіп ӛтудегі психологиялық  процесс  - ерік 
деп аталынып жүр. 
Адамның  жеңіп  ӛтетін  сыртқы  кедергілері  деп  -  сол  істің  ӛзінің 
объективтік  қиындықтарын  оның  күрделілігін,  әр  қилы  бӛгеттерді,  басқа 
адамдардың  қарсылықтарын,  жұмыс  жағдайындағы  қиыншылықтарды  т.б. 
есептейді. 
Ішкі  кедергілер  -  бұлар  адам  ӛзіне  жұмыс  істету  қиынға  соғатын, 
жалқаулық,    шаршап-шалдыққандық,  алдында  тұрған  міндетке  ешқандай 
қатысы  жоқ  басқа  бірдеңелермен  шұғылдануға  құштарлық  ететін,  белгіленген 
мәселелерді  орындауға  кедергі  жасайтын  субъективтік,  жеке  ниеттен  туатын 
кедергілер.  Ішкі  кедергіге  құштарлық,  тілек  сияқты  жат  әдеттер  жатады. 
Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады. 
Ал  «ерік»  терминімен  жеке  адамның  қасиетін  де,  қиындықтарды  жеңе 
отырып  табандылықпен  және  мақсатқа  жету  үшін  әрекет  жасау  қабілетін  де 
белгілейді. 
Адам ӛмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті ӛмірде, 
әсіресе  үлкен  кедергілерді  жеңудегі  ауыр  кезеңдерде  керек.  Соғыстағы  немесе 
еңбектегі  қандай  да  болсын  жасаған  ерлік  адам  еркінің  күшті  болуын  керек 
етеді.  Керісінше,  еркі    әлсіз  адамдар  үлкен  іс  бітіру  түгіл,  күнделікті  ӛмір 
қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан 
кӛмек  күтіп,  қамқорлығында  болғысы  келеді.  Осындайлардың  кейбіреулері 
жаман  іске  құмартып,  керексіз  әдеттердің  құрбаны  болады,  бұларды  жеңіп 
шығуға олардың ерік күші жетпейді. 
Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы ӛмір сүріп қана қоймай, 
сондай-ақ  шын  мәнінде  қаһармандық  іс  жасауға  қабілетті  болады.  Ерік  қуаты 
барлық  психикалық  процестердің  әрекеттерін  жинақтап  және  жандандырып 
қана  қоймай,  сондай-ақ  ішкі  органдардың  жұмысын  жақсартуы  естің  ауруын, 
тіпті  ӛлімнің  келуін  де  тоқтатуы  мүмкін.  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  ӛлімші 


 
болып  жарақаттанған  ұшқыш  ӛліп  бара  жатқанын  сезсе  де  қолынан  ұшақтың 
штурвалын  жібермеген.  Ол  ұшақтағы  жарақаттанған  жандардың  ӛзімен  бірге 
ӛлетінін  түсінген.  Міне  сӛйтіп  ерік  күшінің  кереметтігінен  ұшқыш  ұшақты 
қондырған. 
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам 
ӛз  қажетіне  байланысты  алдына  түрлі  мақсаттар  қояды.  Ол  мақсаттарды 
орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Ӛйткені адам сыртқы дүниенің 
заттары  мен  құбылыстарын  тек  танып,  не  оған  ӛзінің  қатынасын  білдіріп  қана 
қоймайды,  сонымен  бірге,  оны  қажетіне  орай  ӛзгерткісі  келеді.  Бұл  үшін  ол  
қимыл-қозғалысқа,  іс-әрекетке  түсіп  отырады.  Адамда  қимыл-қозғалыстар 
есепсіз  кӛп.  Бұларды  үлкен  екі  топқа  бӛлуге  болады.  Оның  бірін  еріксіз 
қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: кӛздің жұмылуы, жӛтелу 
шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге 
түсіп      кеткен  нәрсені  кӛтеріп  алу  қозғалыстың  соңғы  түріне  жатады.  Кез 
келкен  қозғалыс  арқылы  сыртқы  ортаны  ӛзгертуге,  оған  ықпал  жасауға 
болмайды.  Бұл  үшін  мақсатқа  бағытталған  қимыл-қозғалыстар  жасау  қажет. 
Ойланып  істелетін,  алға  мақсат  қоюды  қажет  ететін,  түрлі  кедергілерді  жеңе 
білуден  кӛрінетін  қимыл-қозғалыстарды  психологияда  ерік  амалдары

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау