1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет53/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129
         9 дәріс: Түйсік 
         Жоспар: 
1.
 
Түйсік   туралы   ұғым  
2.
 
Түйсіктің  түрлері  
3.
 
Түйсіктің  заңдылықтары  
 
          1. Түйсік туралы ұғым  
Түйсік  деп  –  қоршаған    сыртқы  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардың 
жеке  қасиеттерінің    сезім  мүшелерімізге  әсер  етіп,  миымызда  бейнеленуін 
айтамыз.  Түйсік  біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік 
болмаса, біз  басқа  жолмен  заттың,  қозғалыстың  ешқандай  формалары    туралы 
еш  нәрсе  біле  алмаймыз.  Түйсік  біздің  санамызды  сыртқы  дүниемен 
байланыстырып отырады.  
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін,  қатты-жұмсақтығын,  кедір-
бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде 
болып жататын түрлі ӛзгерістер жӛнінде де, яғни дененің қозғалысы мен  оның 
кеңістікке орналасуын, жеке бӛліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы 
дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мәселен, жолдасыңнан кӛзін жұмуын 
ӛтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін 
сұрасаң,  ол:  «қатты,  жылтыр,  мұздай,  жұмсақ,  жылы,  кедір-бұдыр  бір  нәрсе» 
деп жауап береді.  
Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім 
мүшесі - денснін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы 
және  ішкі  ортадағы  белгілі  бір  тітіркендіргіштердің  әсерін  қабылдауға 
маманданған анатомиялық-физиологиялық  аппарат.Сезгіш нервтердің ұштары 
әр сезім мүшесінің  басты бӛлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. 
Кӛз,  құлақ  тәрізді  сезім  мүшелері  ондаған    рецепторлық  ұштықты  біріктіреді. 
Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен 
ми сыңары қыртысының белгілі бір бӛліміне баратын нервтік импульстің пайда 
болуына әкеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.  
Ми  қыртысындағы  ӛткізгіш  нервтер  мен  учаскелерді  И.П.Павлов 
талдағыш 
(анализатор)
  атады.  Түйсік  тууы  үшін  талдағыштың  барлық  бӛлшектерінің 
сақталуы  қажет.  Ми  қыртысында  талдағыштың  нерв  клеткалары  бүлінсе, 
адамның сезім мүшесі толық сақталса да кӛруден немесе естуден қалады.  
Талдағыштар үш бӛліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) мүше - бұл 
сезім  мүшелері,  рецепторлар  деп  аталады;  ә)  ӛткізгіш  бӛлім  -  рецепторларды 


 
тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік 
жолдар;  б) мидағы орталықтар. 
 
Кейбір  философтар  мен  психологтар  адам  түйсігі  заттардың  объективік 
қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде 
пайда  болатын  ӛзгерістерді  ғана  бейнелейді  деген  қате  пікірлерді  уағыздайды.  
Беркли,  Юм,    Мах  т.б.  оқымыстылардың  айтуынша  түйсіктердің  мазмұны 
сыртқы 
тітіркендіргіштердің, 
яғни 
сыртқы 
дүниедегі 
заттар 
мен 
құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің 
ӛздерінің жұмыс  істеу қасиеттерімен белгіленетін болады деп тұжырымдайды. 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  түйсік  сыртқы  дүниедегі  заттардың  бейнесі  емес, 
қайдағы  бір шартты  белгілер  мен  иероглифтер,  символдар  болып  шығады.Бұл 
түсінік  бойынша  біз  түйсіктеріміздің  нені  бейнелейтінін,  оларға  не  сәйкес 
келетінін де, заттарды қалайша танып білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау