1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Психология ғылымының  даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет4/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
 2. Психология ғылымының  даму тарихы. 
 
Ғылым  ретінде  психология нені сипаттайды? Оның ғылыми  ілімдеріне 
не  кіреді?  Бұл  сұрақтарға  жауапты  психология  ғылымының  тарихынан  іздеп, 
психологияны әр даму кезеңіне орай ӛзінің зерттеу пәніне деген кӛзқарасының 
ӛзгеретінін  байқау  қажет.  Психология  ӛте  ертеден  келе  жатқан  ғылым 
салаларының  бірі,    бірақта  жеке  ғылым  ретінде  дамығанына    бір  ғасырдай 
уақыт  болды.  ХІХ  ғасырдың    соңы    мен  ХХ  ғасырдың    басында,  белгілі 
психолог  Г.Эббингауз  психологияны  тарихы  алды    ұлан  ғайыр,  ал  тарихы 
қысқа-,  деген  болатын.  Психология  ғылымынң    даму  тарихы    2-  кезеңге 
бӛлінеді.    Оның  біріншісі    2500  жылға  созылған,    ежелгі  гректің  ғалымы 
Аристотель  есімімен  байланысты.  2500  жылға  созылған  осы  кезеңде 
психология  басқа  ғылымдармен  (философия,  медицина,  әдебиеттану, 
жаратылыстану  т.б.)  аралас  дамыды.  Оның  2-ші  тарихы  1879  жылдан  
басталады.  Осы  жылы  неміс  ғалымы  В.Вундт  Лейпцигте  тұңғыш  лаборатория  
ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. 
Капитализмнің  пайда  болып  дами  бастауы,  әсіресе,  жаратылыстану 
ғылымдарының ӛрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен 
байланысы,    тәжірибелі  ғылымдарға  айнала  бастады.  Осындай  тәжірибелі 
ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы  Ф.Бэкон болды. Орта 
ғасырдағы  схоластикалық  әдістерге  қарсы  шығып,  Ф.Бэкон  ғылымда 
индуктивтік  әдісті  дамытты.  Бұл  әдіс  бойынша  дүниетану,  оны  зерттеу  жолы 
жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден 
–  дерексіздерге  кӛшіп  отыру  керек.  Бұл  әдіс  жаратылыстану  ғылымдарын 
дамытуға  ерекше  әсер  етті.  Жаңадан  бас  кӛтеріп  эканомикада  ӛз  орнын  ала 
бастаған  буржуазия  тобы,  ӛздерінің  ӛндіріс  орнындағы  жұмысшылардың 
психологиясын  біліп,  оларға  ықпалын  жүргізіп,  билеп,  басқарып  отыру  үшін, 
адамдардың  ақиқаттық,  нақты  реалдық,  психологиялық  процестерін  зерттеуді 
керек  қылды.  Буржуазияның  осынау  мақсаттарын  орындауға  эмпериялық 
психологияның аренаға  шығып  дами  бастауы  қолайлы  болды.  Бұл  психология 
Ф.Бэконның 
эмперикалық 
философиясына 
негізделді. 
Ф.Бэкон 
тек 
жаратылыстану  ғылымдарын  емес,  философия,  психология  ғылымдарын  да 
схолостикадан  арылтып,  оларды  тұрмысқа,  ӛмірге  үйлестіріп,  ғылыми  түрде 
дамуға  негіз  салды.  К.Маркс  Ф.Бэконның  материалистік  философиясына 
жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон 


 
әдейілеп  психология  ғылымы  мен  шұғылданбаса  да,  эмпериялық 
психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.  
Эмпериялық  философияның  принциптерін  психология  ғылымын 
ағылшынның  келесі  ғылымы  Джон  Локк  (1632-1704)  таратып,  әрмен  қарай 
дамыта  бастайды.  Психологияда  метафизикалық,  схоластикалық,  құрғақ 
әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге кӛшу мәселесі қолға алынды.    
 Дж.Локк 
эмпериялық  психологияның,  философияның  теориялық 
негіздерін  белгіледі.  Ол  ӛзінің  философия-психологиялық  концепциясында 
сенсуалистік  кӛзқарасты  дамытады.  Бұл  кӛзқарас  бойынша  психика  нәсіл 
арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы – 
табула расса (таза тақта)
 
есебінде  болады.  Елестеуден  сыртқы  дүниеден  келіп  бірте-бірте  сананы 
толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін 
түсіну  арқылы  ғана  елестеулер  пайда  болады.  Дж.  Локк  «негізгі  принципке 
білімдердің  және  идеялардың  сезімді  дүниеден  пайда  болуына»  толық  түрде 
түсінік  берді.  Бірақ  сыртқы  және  ішкі  тәжірибелерді  ажыратуда  Дж.Локк 
дуалистік  философияның  жолына  түсті.  Ол  ӛзінің  «сыртқы  тәжірибесін» 
дәлелдеуде  -    материалист,  «ішкі  тәжірибесін»  дәлелдеуде  –  идеялист  болып 
кӛрінеді.Оның  ұғымынша,    біз  сыртқы  тәжірибе  арқылы  ғана  дүниедегі 
заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз 
сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз. 
     
Дж.  Локктың  айтуынша,  біздің  біліміміз  заттар  туралы  білім  емес,  тек 
қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің 
санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. 
Бұл 
айтылғандардан 
Локктың 
сенсуализмі 
дуалистік 
философияға 
негізделгенін,  оның  «сыртқы  тәжірибесі»  идеализмге  негізделгенін  кӛруге 
болады. Эмперикалық психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі, ағылшын 
философы және психологы Давид Юм (1771-1776) ассоциациялық эмперикалық 
психологияға негіз салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер 
т.б.  дамытты.  Юм  адамның  ӛте  күрделі  диалектикалық  жолмен  дамитын 
санасын  механистік  жай  элементтерге,  түйсіктерге  және  олардың  кӛшірмесін 
елестеулерге бӛлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, 
қылығы осы элементттердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір-бірімен 
жай байланысуынан ғана құралады. 
          Гартли  мен  Пристли  деген  оқымыстылар  эмперикалық  ассоциативтік 
психологияның  материалистік    ағымын  дамытты.  Бұлардың  пікірінше 
ассоцияциялық  байланыстар    Юм  айтқандай  елестеулерде  амес,  мидың  ӛзінде 
болады;  әсер  етуші  қоздырғыштар  мидың  түрлі  салаларын  қоздырып,  бір-
бірімен  байланысып  отырады,  кейіннен  мидың  бір  жүйесі  қозса  еріксізден-
еріксіз ассоцияция  арқылы  мидың басқа  салалары да қозады. 
      
Ӛткен  ғасырдың  орта  шенінде  кӛп  табыстарға  жетіп,  ӛршіп  алға  басқан 
табиғат  ғылымдары  психология  ғылымына  зор  әсер  етті.  Табиғат 
ғылымдарында  қолданылатын  тәжірибе  жасау  әдістері  психология  ғылымына 
да  ене  бастады.  Психология  бара  бара  ӛзінің  зерттеулерінде  дәл  ақпараттарды 
пайдаланылатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады.     Эмперикалық  психо-
логияның  ӛзінде-ақ  кейбір  психологтар,  әсіресе,  Вундт  пен  Джемс 


 
ассоциятивтік  психологияның  шыли  ӛрескел  жетімсіздіктері  мен  қателеріне 
қарсы  шыға  бастады.  Вундт  –  заттарды  қабылдау  –  түйсіктері  мен  елестеу  – 
тездің  жай  ғана  қосындысы,  шумағы  емес  екендігін,  перцепция  мен 
апперцепцияны  ӛндіріп  отыратын  ӛте  күрделі  психикалық  процесс  екендігін 
айтты.  Джемс  –  сана  әрекеттерінің  сыртқы  ақиқаттық  дүниеден  айрықша 
ӛзгешеліктеріне  кӛбірек  кӛңіл  бӛлді;  психикалық  әрекеттердің  ӛне  бойы 
ӛзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы»  
екендігін  айтты.  Әйткенмен,  бұлар  ассоциятивтік  психологияға  ашық  қарсы 
тұрып,  оның  қателерін  түгел  кӛрсете  алмады.  Эмперикалық  психологияның 
мынадай қателері болды:  
1.
 
Психология  ғылымын  «психика  құбылыстары»,  «сана  құбылыстары» 
ғылымы  есебінде  түсініп,  психиканы  сыртқы  дүниенің  санадағы  сәулесі 
есебінде  қарамай,  жалғыз  іштен  шығатын  әрекет  дей  білуі.  Эмперикалық 
психология идеалистік психология болды. 
2.
 
Психика сыртқы дүниенің әсерсіз ӛзінен-ӛзі іштен пайда болып, ӛз бетімен 
дамиды  деген  ұғымға  сүйеніп,  әрбір  адамның  ӛзін-ӛзі  байқау  әдісін 
психологияның  негізгі  әдісі  деп  білу.  Әр  адам  ӛзінің  ғана  психикалық 
әрекеттерін  біле  алады,  басқа  адамдардың  психикалық  әректтерін  зерттеп 
білуге  болмайды.  Объективтік  байқау  әдісінің  орны  психологияда  емес, 
философияда,  физиологияда  деген  ұғымды  жақтау.  Психологияның  бұл 
ағымы  «эмпирикалық  психология»  делініп  аталғанмен,  эмпирияны 
объективтік  түрде  қарамай,  әр  адамның  жеке  ӛзін-ӛзі  байқайтын 
субъективтік тәжірибесі деп түсінді.
 
3.
 
Психикалық  әрекеттерді  механистік  кӛзбен  қарау.  Адам  жеке  тұлға 
есебінде  емес,  тек  қана  бір-бірімен  механистік  түрде  қосылған  бӛлшектер 
есебінде  қаралған.  Ол  –  сезімдердің  жинағы  сезімдердің  бір  түрі  есебінде 
қаралған.

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау