5
2
дәріс. Педагог-психолог пен оқушы арақтынасындағы сенімділікті құру
(вербалды және вербалды емес тәсілмен) жолдары
Трансакция
– адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара
әрекеттесу бірлігі.
қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді: бала, ата-
ана және ересек адам. Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып отырады. Адамның
жүріс-тұрысында үш позицияның біреуі басым болуы мүмкін.
Бала позициясында адам басқа адамға төменнен жоғары қарайды, басқа адамдардың
оны жақсы көретіндігін сезгенде оларға бағынып отырады, сонымен қатар өзіне-өзі
сенімсіздікті, әлсіздікті сезінеді. Бұл позиция балалық шақтың негізі болып табылады.
Дегенмен, ересек адамдарда да кездеседі. Мысалы, жас әйел күйеуімен қарым-қатынасқа
түскенде өзін кішкентай қыз ретінде сезінгісі келеді. Бұл кезде күйеуі
ата-ана
позициясында болады, яғни ол әйелін еркелетеді, қорғайды, сонымен бірге бұйрық беріп
те отырады. Ал өз ата-анасымен қарым-қатынасқа түскенде ересек адамның позициясын
алуға ұмтылады, яғни байсалды, сабырлы, жауапкершілігі мол болып келеді.
Ата-ана позициясының 2 түрі белгілі:
жазалайтын
– бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде
ұрсады;
бағатын -
қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып
келеді.
Бала позициясы да 2 түрге бөлінеді:
тыңдайтын -
айтқанның бәрін істейді, қарсылық
білдірмейді;
тыңдамайтын
- қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады.
Бір-бірін екі бала, екі ата-ана және екі ересек адам жақсы түсіне алады. Ең тиімдісі -
қарым-қатынасқа түсетін адамдардың әрқайсысының ересек адам позициясын алуы.
Ата-ана мен ересек адам қарым-қатынасы динамикалы болып табылады: не ересек
адам өзінің байсалдылығы мен жауапкершілікті жүріс-тұрысымен ата-ананы өз орнына
қойып, ересек адам позициясына әкеледі; не ата-ана ересек адамды өзіне бағындырып,
бала позициясына қояды.
Ересек адам мен бала қарым-қатынасы да динамикалы болып келеді: не ересек адам
баланы жауапкершілікке тартып, ересек адам позициясына қояды, не бала ересек адамды
өзін бағатын, қамқор болатын ата-ана позициясына әкеледі.
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас
қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік
емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана
емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.
Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:
1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты,
дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;
2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интонациясы, дикциясы,
дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі;
3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы
дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т.б. сөздердегі
дыбыстар.
Көптеген
зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын -
сөздер, 40 пайызын - дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:
а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;
ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;
б) Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б.
қалыптарын зерттейді;
6
2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау,
сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын
зерттейді.
Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық зоналары белгіленеді:
Интимді зона
(15-45 см). Бұл зонада тек өте жақын адамдар болады. Олар бір-біріне
сенімді болады, тактильді байланыс орнатады, тыныш, ақырын дауыспен сөйлейді.
Зерттеулердің көрсетуі бойынша, интимді зонаның бұзылуы ағзадағы әр түрлі
физиологиялық өзгерістерге әкеледі. Мысалы, жүрек
қағысының жылдам болуы,
адреналиннің тым көтерілуі, қанның басқа шығуы, т.б.
´зіндік немесе персоналдық зона
(45-120 см) достар мен әріптестер арасындағы
қарапайым әңгімелесу кезінде болады, визуалды-көру байланысы орнатылады;
°леуметтік зона
(120-400 см), әдетте, ресми кездесулерде, мұғалімдер немесе басқа да
жұмыс бөлімдерінде бірін-бірі жақсы танымайтын адамдар арасында болады;
Публикациялық зона
(400-ден жоғары) үлкен топпен қарым-қатынаста орнайды,
мысалы, митинг,
дәріс аудиторияларында, т.б.
Мимика
– адамның ішкі эмоционалды күйін білдіретін бет-әлпет бұлшық еттерінің
қозғалысы. Мимика адамның көңіл-күйі туралы нағыз, дәл ақпарат береді. Ақпараттың 70
пайызынан көбін мимикалық көріністер береді, яғни адамның көзқарасы, қасы, ерні,
мұрны оның айтқан сөздеріне қарағанда көп мәлімет береді.
Адам көзқарастарының түрлері:
Кәсіби -
адамның көзі басқа адамның маңдайына бағытталады, бұл қарым-қатынастың
жақсы атмосферасының орнауына әсерін тигізеді;
Ауқатты қауым
– адамның көзі басқа адамның көзінен төмен ерінге дейінгі жерге
бағытталады;
Интимді
– адамның көзі басқа адамның көзіне емес, бетінен төмен кеудесіне дейін
бағытталады.
Көз, қас, маңдай, мұрын, ауыз, ерін, иек адамның негізгі эмоцияларын көрсетеді:
қуану, қайғыру, қорқу, мұңаю, таң қалу, қызығу, т.б. Адамның нағыз сезімін байқауда ерін
мен қастың маңызы зор.
Ым-ишара
қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді.
Ым-ишараның негізгі түрлері:
Иллюстраторлық ым-ишаралар - мәлімет беретін ым-ишаралар: белгілер, пиктография
- суреттердің бейнелері, кинетография –
денемен қозғалыс, идеографтар - ойдағы
заттарды біріктіретін қолдардың қозғалысы. Мысалы, “мынадай” деп заттардың көлемін,
формасын көрсету
Достарыңызбен бөлісу: