22. Барбитурлы наркоманияларға сипаттама беріңіз
Барбитуратты наркоманиялар бұл ұйқы шақыратын препараттарды жүйелі түрде ұзақ уақыт қабылдау барысында сол заттарға тәуелділіктің дамуы. Барбитураттар әсер етуіне байланысты қысқа, орта, ұзақ әсерлі болып бөлінеді. Барбитурлы наркоманияның дамуында көбінесе орта әсерлі амнитал-натрий, барбамил, этаминал-натрий, нембутал препараттарын қолданудан туындайды. Науқастар бұларды ішке және парентеральді қабылдайды. Қабылдағанда көңіл күйі жақсарып, ұйқы шақырып ұйқыдан кейінгі жеңілдіктерге құмарлық туындайды, қолданған сайын әуестік пайда болады және олар қолдану дозасын қадағалай алмайды нәтижесінде толеранттық жоғарылайды осыдан барбитурлы наркомания келіп шығады. Клиникасында соматовегетативті, психика-физикалық өзгеріс пайда болады.
Саматовегатативті өзгеріске-терінің гиперемиясы, брадикардия, гипотония, гипотермия, гипосаливация, мидриаз, дизартрия белгілері болады.
Психикалық өзгерістерге- жоғары ұйқышылдық, сана бұзылысы, галлюцинациялар, ойлаудың баяулауы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |