158
БАЙ МА ӘЛДЕ КЕДЕЙ МЕ?
Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың
қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді.
Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн болады.
Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:
- Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.
- Әке, бұл бір керемет саяхат балды!
- Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой?
- Иә.
- Осыдан не түйдің?
- Сонда ұлы:
- Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында
бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен
жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің
артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.
- Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.
- Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде
бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен.
Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың
болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да
қол жеткізуге болады, бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда
сізде ештеңе де болмағаны.! – дегенді де ұлы қосып қойды.
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ! !!
Есте нені сақтап, нені сақтамау керек
Бір адам данышпаннан:
– Есте нені сақтап, нені сақтамау керек? – деп сұрапты.
Данышпан:
– Егер біреу саған жақсылық еткен болса, есіңде сақта, ал егер өзің біреуге
жақсылық еткен болсаң, оны ұмыт, – деген екен.
Жамандықтың үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шышыл да,
принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды.
В.А.Сухомлинский
Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды.
А.Жүйнеки
Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды.
Ж. Баласағұни
Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден – Отанға деген
сүйіспеншіліктен, отбасына, ізгілік пен тазалыққа деген сүйіспеншіліктен ада
қылады
. Г.Саллюсти
Егер де, есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір рет, болмаса
жұмасына бір, ең болмаса айында бір мәрте өзіңнен есеп ал.
Абай, 15- қара сөз
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу – сатқындық.
Бауыржан Момышұлы
159
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен сыйлаудан
басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |