“ шинхан банк қазақстан” АҚ интернет



жүктеу 37,51 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.12.2017
өлшемі37,51 Kb.
#4279


 

 

 



 

ШИНХАН БАНК ҚАЗАҚСТАН” АҚ ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ ЖҮЙЕСІН 

ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫ 

 

1.



  Жүйенің атқаратын қызметі  жəне анықтамалар  

 

1.    Интернет-Банкинг  жүйесі    –    ол  Банктің  қызмет  көрсету  бойынша  балама 



желілерінің  бірі.  Интернет-Банкинг  жүйесі    одан  активациялаудан  өткен  Клиенттерге  қай 

жерде жəне қай уақытта болмасын, Банкке бармай-ақ банктік қызметтердің бірнешеуін алуға 

мүмкіндік береді.   

2.    Интернет-Банкинг  жүйесі    арқылы  электрондық  банктік  қызметтерді  алу  үшін 

Интернетке  қол  жетімділік,  Пайдаланушының  ID-і,  жасырын  сөз  жəне  сол  клиентке 

ресімделген «Токен» динамикалық аутентификациялау құрылғысы бар болу керек.  

 

2.

  Интернет-Банкинг жүйесіне қол жетімділікті беру шарттары  

 

3.    Интернет-Банкинг  жүйесі  Банктің  Клиенттеріне:   

https://kz.shinhanglobal.com 

мекен-жайы бойынша қол жетімді.  

4.    Электрондық  банктік  қызметтерді  көрсетуді  Банк  дербес  компьютерлер, 

байланыстың  электрондық  құралдары  мен  Қазақстан  Республикасы  заңнамасына  қайшы 

келмейтін басқа да тəсілдер арқылы Байланыс каналдары бойынша оқшау жүзеге асырады.    

5.  Электрондық  банктік  қызметтерді  көрсетудің  кешенін  алу  үшін  Клиентте:  ұтқыр 

телефон  (самртфон)/дербес  компьютер/«Интернет»  желісіне  қол  жетімділігі  бар  Байланыс 

операторларының желісіне қосылған басқа құрылғы болуы тиіс.   

6.  Банк  Электрондық  банктік  қызметтерді  Клиент  осы  Қағидалармен  келіскен  жəне 

Шартқа қосылуға келісім берген жағдайда көрсетеді. 

7.  Интернет-Банкинг  Жүйесіне  қосылу  үшін    Клиенттің  банкте  əрекет  ететін  банктік 

есеп-шоты  болуы  тиіс.  Электрондық  банктік  қызметтерді  көрсету    Интернет-Банкинг 

Жүйесіне қосылуға қол қойылғаннан жəне қол қойылған жағдайда ғана мүмкін болады. 

8. Транзакциялық-банктік қызметтерді көрсеткен кезде, Банк пен Клиент арасындағы 

ақпарат  алмасу  Банктің  ішкі  құжаттарымен  жəне  Шартпен  белгіленген  Қауіпсіздік 

рəсімдерін  қолдана  отырып,  бір  жолғы  (бір  сəттік)  кодты  генерациялайтын  «Токен» 

құрылғысын пайдалана отырып жүзеге асырылады.  

9.  Клиентті  Динамикалық  сəйкестендіру  жолымен  расталған  тапсырманың  күші, 

Клиент қол қойған қағаз тасымалдағыштағы жазбаша құжатпен бірдей.  

10.  Тапсырманы  кері  қайтаруға  Клиент  электрондық  пошта  арқылы  тиісті  жазбаша 

өкіммен өтініш жасаған кезде, Банкпен əлі орындалмаған, Тапсырма жасалған Іс-қимыл күні  

ғана жол беріледі. Тапсырманы кері қайтару, егер Клиент басқа Іс-қимыл күні жазбаша өкім 

берген болса,  Интернет-банкинг Жүйесінде жүзеге асырылмайды. Тапсырманы кері қайтару 

банктің тарифіне сəйкес жүзеге асырылады.  

11.  Электрондық  банктік  қызметтер  ақылы,  оның  мөлшері  Банктің  уəкілетті 

органымен  бекітілген  Банктің  тарифінде  көрсетілген  жəне 

www.shinhan.kz

  Интернет-

ресурсында орналастырылған.  

12.  Электрондық  банктік  қызметтерді  жабу  Клиенттің  тікелей  Банкке  тиісті  өтінішті 

берген күнінен бастап жүзеге асырылады.  

 

  



3.

  Жүйедегі жұмыс бойынша жалпы талаптар  

 

13.  Клиентке қойылатын талаптар.  

Қызметті пайдалану үшін Клиент:  



 

 - 


www.shinhan.kz 

 сайтында жарияланған Қызмет көрсету шартын, осы Қағидаларды, 

іс-қимылдар Тарифтерін мұқият зерделеуі керек;  

 - Интернетке қол жетімділігі болу керек, Жүйеде жұмыс істеуге қажетті жабдығы мен 

бағдарламалық қамтамасыз етуі бар болуы керек;  

 -  Интернетте  қол  жеткізу  жəне  навигация  үшін  жабдық  пен  бағдарламалық 

қамтамасыз  етуді  реттеу  жəне  пайдалану  бойынша  қажетті  білім  мен  машыққа  ие  болуы 

керек;   

 -  Қызмет  көрсету  шартын  Банкке  дұрыс  толтырылған  жəне  қол  қойылған  өтінішті 

беру жолымен жасау керек; 

-   Осы Қызмет көрсету  шартын, осы Қағидаларды, іс-қимылдар мен қызмет көрсету 

Тарифтерінің талаптарын орындау керек.    

14. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдыққа қойылатын талаптар:  

АҚ жүйесінде жұмыс істеу үшін Клиентке Web-браузері бар Internet Explorer 11, Firefox31 

жəне одан жоғары, Chrome 38 жəне одан жоғары, Safari 6 жəне одан жоғары, Opera 11 жəне 

одан жоғары керек.   

 

Қауіпсіздік 



 

15. АҚ жүйесіне қосу жəне онымен жұмыс істеу жалпыға бірдей қол жетімді Интернет 

желісі  арқылы  жүзеге  асырылады,  сондықтан  пайдаланушының  компьютері  бойынша 

банктің  серверіне  қосылатын  каналды  қорғау  үшін,  деректерді  берудің  қорғалған  режімі 

қолданылады.    

16.  Интернет-Банкинг  жүйесі  арқылы  банктік  іс-қимылдарды  жүргізуді  қосымша 

қауіпсіздендіру үшін, бірнеше қарапайым ережелерді сақтауды өтініп сұраймыз:                                    

 -  Өзіңіздің  компьютеріңіздің  зиянды  бағдарламалармен  зақымдалмағанына  көз 

жеткізіңіз.  Вирустар  мен  зиянды  бағдарламалардың  қызметі  құпия  ақпаратты  үшінші 

тұлғаларға  жеткізуге  бағытталған.  Антивирустық  бағдарламаны  орнатыңыз  жəне  үнемі 

антивирустық базаны жаңартып отырыңыз; 

 -  ешкімге Өзіңіздің жасырын сөзді жəне Пайдаланушының ID-ін айтпаңыз;   

 - Өзіңіздің компьютерге дербес брандмауэр (firewall) орнатыңыз жəне пайдаланыңыз. 

Ол компьютердегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жетімділіктің алдын алады; 

 -  егер  Сізде  Интернет-Банкинг  жүйесін  пайдаланып,  Өзіңіздің  жасырын  сөзді  жəне 

Пайдаланушының ID-ін біреу біледі-ау деген күдік туындаса, міндетті түрде жасырын сөзді 

ауыстырыңыз; 

  - ешқашан электронды пошта бойынша Сізге жіберілген күдікті файлдарды ашпаңыз. 

 

4.

  Интернет-Банкингпен жұмыс жасау 

 

17.  Интернет-Банкинг  жүйесі  келесідей  Электронды  банктік  қызметтерді  жүзеге 

асырады: 

-  Банкте ашылған Клиенттің банктік есеп-шотының бар болуы жəне нөмірлері туралы 

ақпаратты береді;  

- Бар депозиттер мен несиелер бойынша ақпаратты беру; 

-  Клиенттің  Банктегі  ашылған  кез  келген  банктік  есеп-шоттары  (депозиттік  жəне 

ссудалық  шоттарын  қоса  алғанда)  бойынша  ақшаларының    қалдықтары  мен  қозғалысы 

туралы ақпарат (үзінді) беру;   

- төлемдер мен аударымдар тарихын қарап шығу;  

- болашақта бір үлгідегі төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін үлгілер құру; 

- өзінің банктік есеп-шоттарынан ақшаларды төлеуді жəне аударуды жүзеге асыру; 

- шетел валютасын сатып алуды жəне сатуды жүзеге асыру. 

18. Жүйеге кіру үшін клиент келесідей əрекеттерді жасауы керек: 




 

-  Web-браузер-ді  пайдалана  отырып,  Жүйенің 

https://kz.shinhanglobal.com

  сайтымен 

қосылуды  орнатады.  Қосылу  орнатылған  сəтте  экранда  Қызметтер  сайтымен  қауіпсіз 

қосылудың  орнатылғаны  туралы  ақпараттайтын,  «Қауіпсіздікті  ескерту»  (Security  Alert) 

хабарламасы шығуы мүмкін. 

-  қауіпсіз  қосылуды  орнатуға  өзіңіздің  келісетініңізді  растаңыз.  Экранда  Web-

браузердің терезесінде Жүйе сайтының бастапқы беті көрінуі тиіс.   

-  Жүйе сайтының бастапқы бетінде Клиент пен Банктің компьютерлерінің арасында 

орнатылған  қауіпсіз  қосылудың  бар  екенін,  Банктің  сертификатының  түпнұсқалығын  

тексеріңіз.    

-  егер  Клиент  пен  Банктің  компьютерлерінің  арасында    Банктің  түпнұсқа 

сертификатын  пайдалану  арқылы  қауіпсіздік  қосылу  орнатылған  болса,  Жүйенің  бастапқы 

бетінде тиісті жолдарда, енгізілген деректерді растай отырып, Пайдаланушының ID-ін жəне 

жасырын сөзді енгізу керек. Егер барлық деректер дұрыс енгізілсе, экранда, Web-браузердің 

терезесінде  Клиенттің Жүйедегі дербес парағы көрінуі тиіс. 

- Іс-қимылды растау үшін, клиент Токенмен генерацияланған кодты пайдалануы тиіс. 

-  Жүйедегі  онан  кейінгі  əрекеттерді  Клиент  Интернет-Банкинг  жүйесінің  «Сұрақтар 

мен жауаптар (Q&A)» бөлімін пайдаланып жəне 

www.shinhan.kz

 сайтында орналастырылған 

қосымша нұсқаулықтармен жүзеге асырады.

  

 



5.

  Интернет-Банкинг жүйесінде пайдаланушыларға тосқауыл қою,  

тосқауылды алу 



 

19.  Банк  шартпен  қарастырылған  жағдайларда  Клиентке  алдын  ала  ескертпестен 

Интернет-Банкинг жүйесін жауып тастай алады.  

20.  Интернет-Банкинг  жүйесіне  қойған  тосқауылды  алу  тосқауылды  қоюға  болған 

себепті жойғаннан кейін жүзеге асырылады.    

21.  Интернет-Банкинг  жүйесіне  қойған  тосқауылды  алу  Клиент  Банкке  өтініш 

жасағаннан кейін жүзеге асырылады. 

 

6.



  Қорытынды ережелер 

 

22.  Жүйеде  авторизация  жүргізген  кезде  жəне  қызмет  көрсетілген  кезде  қиындықтар 

туындаған жағдайда, Интернет-банкинг жүйесінің жұмысына қатысты кез келген мəселелер 

туындаған  кезде,  Пайдаланушы  +7  727 356  96  00  телефоны  немесе  ұтқыр  телефоннан  2468 

нөміріне  бойынша  Астана  уақыты  бойынша  сағат  09.00-ден  18.00-ге  дейін  жұмыс  күндері 

хабарласа алады. 



 

жүктеу 37,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау