Вант-Гофф формуласымен берілген р= CRT.
Мұнда R — газ тұрақтысы, ал - ерітіндінің бірлік көлеміндегі ерітілген заттың киломолінің саны (ерітіндінің молярлық концентрациясы).
Заттың молекулалары диссоциацияланбаған ерітінділер үшін 
мұндағы N0 —Авогадро саны, ал N — бірлік көлемдегі ерітілген заттың молекулалар саны.
Диссоциация болған уақытта бірлік көлемдегі бөлшектердің саны көп болады, бұл осмостық қысымды арттырады.
Ерітіндінің үстінде қаныққан будың қысымы таза еріткіштің үстіндегіге қарағанда аз болады. Ерітіндінің мейлінше аз концентрациясында ерітіндінің үстіндегі каныққан будың қысымының салыстырмалы кемуі Рауль заңымен анықталады
мұндағы р0 — таза еріткіштің үстіндегі қаныққан будың қысымы, р — ерітіндінің үстіндегі қаныққан будың қысымы, z' — ерітілген заттың киломолінің саны, ал z — сұйықтың киломолінің саны.
Достарыңызбен бөлісу: |