Геоақпараттық жүйе (ГАЖ). ХХ ғасырдың соңында ақпараттық жүйелердің жаңа түрі – географиялық ақпараттық жүйелер табиғи ресурстарды басқару мен өндірістің көптеген түрін ұйымдастырудың негізгі құралына айналды. ГАЖ мәліметтерінен геодезист картографтар техникалық және топографиялық сызу арқылы картографиялық құжаттамалар жасайды.
Бүгінгі таңда ҚР «Казғарыш» Ұлттық ғарыш агенттігінің төмендегі ұйымдары қызметін жандандыруда:
- «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО);
- «Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электрмагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ (РҒБО);
- «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны;
- «Инфракос-Экос» ЕМК;
- «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ;
- «Казгеоғарыш» АҚ;
- «Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» АҚ.
1-сурет. Геоақпараттану пәні мен әдісі
А – Геоақпараттану пәні: геологиялық-географиялық ортадағы ғарыштық уақыттық ақпарат ағыны; Ә – Геоақпараттану әдісі: кеңістіктік-уақыттық ақпаратты модельдеу: ММ – математикалық модельдер; ИM – имитациялық модельдер; ДБ – деректер банктері; ББ – білім банктері; KҮ – картографиялық үлгілер; ФМ – фотометриялық модельдер; ЖИМ – жасанды интеллект модельдері.
Ғарыштық навигациялық жүйелер (ҒНЖ) – әскери талаптарға, ауа және су көліктік қызметтеріне геодезиялық және географиялық зерттеулер жүргізеді.
Геоақпараттану – геоақпараттарды компьютерлік модельдеу арқылы геоақпараттық жүйелерді, әртүрлі сатыдағы геожүйелерді басқару, кеңістіктік ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, көрсету және таратуға арналған ГАЖ технологияларын зерттейтін ғылыми пән. Геоақпараттану арқылы мәліметтерді өңдеудің жоғары деңгейлі мүмкіндігі бар (1-сурет).
Геоақпараттану Жер туралы ғылымның пәндік аясында пайда болатын ақпарат ағындарын талдауға негізделген, қоғам мен табиғаттың әрекеттесуінен туындайтын түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін географияның өтпелі ғылыми бағыттарына жататын пән.
Бақылау сұрақтары
1. Геоақпараттық жүйенің мазмұны неде?
2«Қазғарыш» ұлттық ғарыштық агенттігі туралы не білесің? Агенттік немен айналысады?
3Геоақпараттық жүйенің құраушы бөліктері?
4ГАЖ-дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы
5Байланыстар технологиясы
6ГАЖ-дың шешетін тапсырмалары
2-тапсырма
а) Мәтінді, 1-суретті, басқа да ақпарат көздерін талдап, геоақпараттанудың пәнін, зерттейтін нысанын анықта:
ә) Геоақпараттанудың терминдер сөздігін жаса.
б) Геоақпараттанудың уақыттық-кеңістіктік модельдерінің түрлерін ата.
2. Геоақпараттанудың басқа ғылымдармен, технологиялармен байланысы
Достарыңызбен бөлісу: |